kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кеңес: Ойын арқылы балалардың тілін дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ойын арқылы балалардың тілін дамыту.

Ойын дегеніміз- ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар аты.

Баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет – ойын.

Ойын- баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады. Ойын- баланың өмір тынымының алғашқы қадамы.

Ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар, ұлттық ойындар баланы жан-жақты дамиды. Ойындар баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытады.

Ойын арқылы баланың болашаққа көз қарасы қалыптасады. Қандай ойын түрі болсын, дидактикалық па, шығармашылық па, сюжетті ме, әлде драмалық болсын баланың ой-өрісін дамытады, сөздік қорын молайтады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады, қиялдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді.

Баланы нәресте шағынан бастап адалдыққы, мейірімділікке, еңбек етіге тәрбиелеудің негізгі құралы- ойын. Ойын- тәрбиенің бастауы. Ойын тәрбие берудегі ең тиімді тәсілдің бірі. Балабақшада тәрбие беру бағдарламасында баланың дамуы үшін ойынның үлкен маңызы бар.

Дидактикалық ойын.

Ойын ретінде оқытуда әр түрлі сипаттағы дидактикалық ойындар, т.б. олардың білуін қалыптастыруда

«Қандай пішін жетіспейді?», «Бірдей өрнекті тап», «Өзің құрастыр», «Кілем дүкені», «Өз үйіңді тап», «Апта күндері», «Ұлттық киімді ажырат», «Құстар», т.б. ойындар ұйымдастырылса, мұндай ойындар балалардың ойлау қабілетін жетілдіреді және геометриялық пішіндермен оның түр-түсімен танысады. Бұл ойындарды оқыту процесінде қолдануға болады. Мысалы: Дайын: Орнын тап. Бұл дидактикалық ойында әр топ заттардың кеңістікте өз орнын тауып орналастыру жуан-жіңішке, қалың-жұқа, жалпақ-жіңішке ұғымдарын ажырата білуге үйрену.

Дидактикалық ойынның ішіндегі ең негізгісі дамытушылық ойындар: есте сақтау ойындар. Логикалық ойлау қабілетіне байланысты «Сиқырлы щеңбер», «Не артық», «Егіздер» және «Төртбұрышты жина» ойындарын, сонымен қатар саусақ ойындарын ойнатуға болады. «Бес саусақ», «Қуырмаш», «Санамақ» ойындарын ойната отырып, саусақпен қоянның, иттің, құстың, аңның бейнелерін көрсетуге болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кеңес: Ойын арқылы балалардың тілін дамыту»

Тіл дамыту сабақтарында балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету


Сөйлеу бала үшін қарым-қатынас болып табылады, оның ойлау қабілетін және мінез-құлқын реттеуде маңызды рөл атқарады. Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Байланысты сөз ойға мағына беріп, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара түсінісуін қамтамасыз етеді. Сөйлеу қызметі ойдың дамуымен қатар өрбиді.

Дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу коммуникативтік біліктілікті, тілдік (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) және тілдік емес (мимика, ым, қалып, көзқарас, іс-қимыл) құралдардың көмегімен айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасауды реттеу қабілетін дамытуға бағытталған. Тілді дамытуда өз қатарларымен сөйлесе білудің маңызы ерекше.

Шағын орталықтағы тіл дамыту сабақтарында мынадай жалпы міндеттер қойылады:

  • тілді және ана тілін дамыту танымдық және ойын қызметінің негізі

іспеттес;

  • мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының;

  • тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу;

  • сөздікті байыту және жандандыру;

  • сөздің грамматикалық құрылымын қалыптастыру;

  • байланыстыра сөйлеуді (диалогты және монологты) қалыптастыру;

  • қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу;

  • сауаттылыққа үйрету;

  • көркем әдебиет туындыларымен таныстыру бойынша бірлесіп жұмыс

жүргізуі.

Сонымен бірге 4-5 жастағы баланың қазақ тілі бойынша даму деңгейіне де талаптар қойылады. Олар:

Ортаңғы топ үшін

  • қазақ тілінде берілген дыбысқа сөз таба білуі;

  • заттардың атын ажырату;

  • өзінің және өзінің жақын туыстарының аттарын білу;

  • сөздің мағынасын және оны қимылмен көрсете білуі, 60 сөзге дейін сөз білуі тиіс;

  • заттардың атын қазақ және орыс тілдерінде атай білуге;

  • ойын тапсырмаларын орындауға;

  • сөздерді тәрбиешіден кейін қазақ тілінде қайталауға;

  • сөздік қорды меңгеруге;

  • қазақ фонетикасының дыбыстарын дұрыс атауға (қ,ғ,ә,і,ң,ө) үйренуге тиісті.

Сол талаптармен бірге ортаңғы топта міндеттер де қойылады:

  • әдеби жанрлардың көп түрлілігі туралы түсінікті, көркем шығарманы толық мәнді қабылдай білуді қалыптастыру;

  • әдеби шығарма тілінің ерекшеліктерін қабылдай білуге, олардың әңгімелеу және мәнерлеп оқу процесінде жеткізе білуге үйрету;

  • оқиғалар арасындағы қарапайым себеп-салдарлы байланыстарды байқауға, шығарма кейіпкерлерінің әрекеттері мен мінездерін авторлық позицияға сай бағалауға көмектесу;

  • шығармаларды тыңдау және қарапайым талдау процесінде эмоциялық бағалау қызметін қалыптастыру міндеттерін қояды.

Тіл дамыту сабақтарының мазмұны төмендегідей құрылымда қарастырылған.

Әдеби шығармалардың әр түрлі жанрларымен танысу: халық ауыз әдебиетінің шағын жанрлары: өлеңдер, әзіл өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, бесік жырлары, жұмбақтар, ертегілер, әңгімелер, өлең-жырлар.

Көркем шығармалардың тілінің (бейнелеу мәнерлері), оның ішінде саздылығының, ырғақтылығы мен поэтикалық тілінің ерекшеліктерін анықтау болып табылады.

Жазушы туралы және әдеби шығармалары безендірушілер туралы мәліметтер, ертегілер және олардың иллюстрациялары беріледі.

Қысқа қайталамалар, ұқсастығы бойынша шағын оқиғаларға шығармалар жазылған балаларға шығармалар бойынша мазмұнын айту, рөлге кіру, әсірелеп айту көзделеді.

Тілдің ерекшеліктерін, кейіпкерлердің сипаттамаларын және олардың іс әрекеттерін көрсете отырып, көркем шығармаға қарапайым талдау жасайды.

Қысқа өлеңдер мен тақпақтарды жаттау, оларды көркемдеудің интонациялық құралдарын (қарқын, дауыс) пайдалану арқылы мәнерлеп оқу дағдыларын үйретеді.

Шағын орталықтағы тіл дамыту сабағы 34 аптада жоспарланып, әр аптада тақырыптық материал берілген. Қазан айындағы жоспарлар төмендегі тақырыптарды қамтиды.

1-апта: «Жомарт күз»

2-апта: «Жасыл орман»

3-апта: Т.Молдағалиев «Көк ту»

4-апта: М.Етекбаев «Нан қайдан шығады?»

Осы тақырыптардың ішіндегі әрбір сабақ балалардың қызығушылығын арттыра отырып, сөйлеу тілін дамытуға, байланыстырып сөйлеуге үйретеді.

Біз өз тәжірибемізге сүйене отырып қазан айы ішіндегі төрт сабақтың жүру барысын ұсынып отырмыз.

  • Тақырыбы: Жомарт күз

Мақсаты: Күз мезгілі туралы түсініктерін қалыптастыру.

Білімділігі: Күзгі табиғат ерекшеліктерін көре, ажырата беруге үйрету.

Дамытушылығы: Тілдерін дамыту, байланыстыра сөйлеуге үйрету.

Тәрбиелігі: Табиғат сұлулығын көре және бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақ жылулық шеңберімен басталады.

І. Жылулық шеңбері:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға шақырады біздерді.

ІІ. Жемістер жыры

  • Мен алмұртпын, алмұртпын,

Аузымдамын бар жұрттың

  • Мен өрікпін, өрікпін

Табиғатқа көрікпін.

  • Мен алмамын, алмамын

Таңдай жұлар бар дәмім

  • Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім

ІІІ. Ойын. Жеміс-жидек жинайық

ІV. Сергіту сәті

Таңертең де күнге қарап тұрасың

Түсте дағы күнге қарап тұрасың

Кеш болса да күнге бетті бұрасың

Сен сонда өзің айтшы,

Кім болып шығасың?

Таптым, таптым күнді баққан

Үкі таққан күнбағыс болып шығасың?

V. Қорытынды. Алтын күздің берері мол.


Қазан айындағы келесі тақырып «Жасыл орман» деп аталады.

  • Тақырыбы: Жасыл орман

Мақсаты: Орманның адамға пайдасы туралы түсінік беру.

Білімділігі: Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Дамытушылығы: қылқаламмен су бояумен жұмыс істей білуге іскерлігін

дамыту

Тәрбиелігі: Табиғат қорғау, аялау, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

І. Алғашқы түсінік (сұрақ-жауап)

- Қазақстан мемлекетінің астанасы қай қала?

- Астана

- Астана қаласы өте сұлу қала. Табиғатының сұлулығы тамаша. Қазба байлықтары өте көп.

Соның айғағы ретінде жас қала Астанамызбен бірге өркендеп келе жатқан жасыл орманшылардың байлығы басқа мемлекеттен келген қонақтарды таңғалдырып, қызықтыратыны сөзсіз. Ел жүрегі Астана қаласын желден, суықтан қорғау үшін елбасының басшылығымен 3-4 жыл бұрын үлкен іс басталып еді. Жас қаланы айналдыра жасыл желекті орманмен көмкеру үшін адам қолымен миллиондап ағаш түрлерін отырғызылды. Астананы қоршаған жасанды орман қазір өздігінен жылдам дамып, онда жануарлар түлкі, қоян, елік мекендеп, әртүрлі өсімдіктер, саңырауқұлақтар, алуан түрлі гүлдер, шөптер барын айта кету керек.

ІІ. Ағашты не үшін өсіреміз?

- Адамдар неге ағаштарды жеріміздің өкпесі деп атайды?

- Ағаштар көмір қышқыл газды өз бойына сіңіріп, оттегіні шығарады.

- Біздің әрқайсымыз осы өзіміздің туған өлкемізге қандай жақсы пайдалы іс жасай аламыз?

Халықта бір мақал бар бір тал ексең, он тал ек деген.

Көктемде біз де өз туған өлкемізді гүлдендіру, көркейту үшін отбасымызбен бірге гүл, ағаш отырғызып, күтіп-баптайық!


ІІІ. Ойын. «Бұл қай аң?»

Аңдардың сипаттамасы бойынша ормандағы аңдарды анықтау.

ІV. Сергіту сәті

Біз гүлдерше өсеміз

Жапырағы жайқалған

Сабақтары салалы

Әрі-бері ырғалған.

V. Қорытынды

Жасыл орманның адам денсаулығына пайдасы.


Қазан айының үшінші аптасындағы сабақтың тақырыбы Т.Молдағалиевтің «Көк ту» деп аталады.

  • Тақырыбы: Т.Молдағалиев. Көк ту

Мақсаты: Мемлекеттік рәміздер туралы түсінік беру

Білімділігі: Мемлекеттік рәміз, тумен таныстыру, киіз үй туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: ұсақ қол қимылдарын жапсыру арқылы дамыту

Тәрбиелігі: Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге үйрету

І. Алғашқы түсінік (сұрақ-жауап)

Балалардан рәміздер туралы сұрау

  • Ту, Елтаңба, Әнұран әлемдегі әрбір мемлекеттің рәміздері

  • Тудың көгілдір болуы бұл әлемнің ашық аспаны түсі

  • Тудың ортасында шұғылалы алтын күн. Ол тыныштық пен байлықты бейнелейді.

  • Күннің астындағы шарықтаған дала бүркітінің бейнесі. Бүркіт – еркіндіктің, бірліктің үлкен арманның белгісі

  • Ту қазақтың ұлттық оюымен өрнектелген. Ол қазақ халқының тарихына, мәдениетіне және ұлт салт-дәстүрге деген үлкен құрметті білдіреді.

  • Күн дала бүркіті ұлттың оюы алтын түстес бұл көп ұлтты Қазақстан Республикасының байлығы мен бақытын білдіреді.

ІІ. Тақпақ үйрету

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашан да,

Биікке іліп қояды.

Көк аспанда қызыл күн,

Көк аспанда жас қыран.

Естілгендей біздің үн

Сол ғарыштың астынан.

ІІІ. Сергіту сәті

Көтеріліп шаңырақ

Керегелер керіліп

Өрімдей болып өріліп

Бәріміз жүрсек айналып

Киіз үй боп көрініп.


Келесі тақырып «Нан қайдан шығады?» деп аталады.

  • Тақырыбы: Нан қайдан шығады?

Мақсаты: Нанның адам үшін маңыздылығын түсіндіру

Білімділігі: Нанның бидайдан жасалатыны туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: бақылағыштығын, бала қиялын дамыту

Тәрбиелігі: нанды құрметтеуге үйрету

І. Сурет бойынша ертегі құрастыру

  • Жер жыртады

  • Дәндер өсе бастайды

  • Бидайдың сабақтары пайда болады

  • Оны сушылар немесе диқаншылар суарады

  • Бидайды орады және бастырады

  • Машинамен элеваторға әкеледі

  • Диірменге апарып тартады

  • Машиналар қап-қап ұнды тасиды

  • Нан илейді, нан пісіреді

  • Нан таситын машиналармен дүкендерге әкеледі

  • Дүкеншілер, сатып алушылар

  • Нан үстел үстінде

ІІ. Әңгімелеу. Нан – қасиетті тағам.

Диқаншылар еңбектеніп, бізге ұнды жеткізеді. Нан оңайлықпен келмейді, сондықтан да оны құрметтеуіміз керек. Нан – адамның тіршілік қорегі. Нан дастарқанға көптеген еңбекпен келеді. Ас атасы - нан. Сондықтан да нанды қадірлеуіміз керек.

ІІІ. Тақпақ жаттау

Нан қоқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар


Шағын орталықтағы тіл дамыту сабақтарында әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың сөздік қорын дамытуға және бала ойындағы іс-әрекетті байланыстырып сөйлеу арқылы ойын жинақтауға үйретуге болады. Тіл дамыту сабақтары өз ерекшелігіне орай ертегі, сурет, өлең, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел қатыстыра отырып өткізген қызғылықты болады. Сабақтың тақырыптарының алуан түрлі болуы себепті өмірмен байланысты тақырыптарды кірістіре отырып, балалардың ойы мен қиялын ұштастыра жүргізген тиімді. Жоғарыда көрсетілген қазан айы ішіндегі төрт сабақ төрт түрлі әдіс арқылы өткізілді. Әрбір сабақтың мақсаты орындалып, балалардың есінде ұзақ сақталатындай көрнекілік әдісімен баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы өткізген сабақтар нәтижелі болғанына көз жеткіздік.


Ойын арқылы балалардың тілін дамыту.

Ойын дегеніміз- ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар аты.

Баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет – ойын.

Ойын- баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады. Ойын- баланың өмір тынымының алғашқы қадамы.

Ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар, ұлттық ойындар баланы жан-жақты дамиды. Ойындар баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытады.

Ойын арқылы баланың болашаққа көз қарасы қалыптасады. Қандай ойын түрі болсын, дидактикалық па, шығармашылық па, сюжетті ме, әлде драмалық болсын баланың ой-өрісін дамытады, сөздік қорын молайтады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады, қиялдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді.

Баланы нәресте шағынан бастап адалдыққы, мейірімділікке, еңбек етіге тәрбиелеудің негізгі құралы- ойын. Ойын- тәрбиенің бастауы. Ойын тәрбие берудегі ең тиімді тәсілдің бірі. Балабақшада тәрбие беру бағдарламасында баланың дамуы үшін ойынның үлкен маңызы бар.

Дидактикалық ойын.

Ойын ретінде оқытуда әр түрлі сипаттағы дидактикалық ойындар, т.б. олардың білуін қалыптастыруда

«Қандай пішін жетіспейді?», «Бірдей өрнекті тап», «Өзің құрастыр», «Кілем дүкені», «Өз үйіңді тап», «Апта күндері», «Ұлттық киімді ажырат», «Құстар», т.б. ойындар ұйымдастырылса, мұндай ойындар балалардың ойлау қабілетін жетілдіреді және геометриялық пішіндермен оның түр-түсімен танысады. Бұл ойындарды оқыту процесінде қолдануға болады. Мысалы: Дайын: Орнын тап. Бұл дидактикалық ойында әр топ заттардың кеңістікте өз орнын тауып орналастыру жуан-жіңішке, қалың-жұқа, жалпақ-жіңішке ұғымдарын ажырата білуге үйрену.

Дидактикалық ойынның ішіндегі ең негізгісі дамытушылық ойындар: есте сақтау ойындар. Логикалық ойлау қабілетіне байланысты «Сиқырлы щеңбер», «Не артық», «Егіздер» және «Төртбұрышты жина» ойындарын, сонымен қатар саусақ ойындарын ойнатуға болады. «Бес саусақ», «Қуырмаш», «Санамақ» ойындарын ойната отырып, саусақпен қоянның, иттің, құстың, аңның бейнелерін көрсетуге болады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Кеңес: Ойын арқылы балалардың тілін дамыту

Автор: Тулкиева Марджан Лесбаевна

Дата: 20.01.2017

Номер свидетельства: 381560

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Ойын арқылы бала тілін дамытуға арналған сабақ"
    ["seo_title"] => string(49) "oiyn_ark_yly_bala_tilin_damytug_a_arnalg_an_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "468121"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1525161703"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Баяндама "Ойын ар?ылы балаларды? с?здік ?орын дамыту " "
    ["seo_title"] => string(54) "baiandama-oiyn-ark-yly-balalardyn-sozdik-k-oryn-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "149026"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1419925387"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "«Балаба?шада ойын ар?ылы балаларды? с?здік ?орларын дамыту жолы» (баяндама)"
    ["seo_title"] => string(66) "balabakshadaoiynarkylybalalardynsozdikkorlaryndamytuzholybaiandama"
    ["file_id"] => string(6) "287354"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454479500"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Ойындар арқылы балалардың тілін дамыту."
    ["seo_title"] => string(39) "oiyndar_ark_yly_balalardyn_tilin_damytu"
    ["file_id"] => string(6) "417396"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1495380243"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Халы? ауыз ?дебиеті ар?ылы балаларды? тілін  дамыту"
    ["seo_title"] => string(53) "khalyk-auyz-diebiieti-ark-yly-balalardyn-tilin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "257219"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448290578"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства