•
Тақырыбы: Қарым-қатынас кәсіби жетістіктің негізгі факторы
•
•Дайындаған педагог-психолог: Омирбаева Г. К.
•
•
•
Ауызекі тілдегі қажеттілік пен адамның бір-біріне деген қажеттілігін В.А.Сухомлинский «Қанда бар және адамгершілік негізі» –деген.
•
•
Мақсаты: Педагогикалық шеберліктің бір бөлігін ғана емес оны құрайтын, оны алып жүретін жоғары техникалық педагогикалық қатынасты қалыптастыру.
Міндеті: Әріптестермен өзара іс-қимыл қатынас тиімділігі машықтарын өңдеу және үйрету.
•
•
Өзекті мәселе
Педагог жұмысының жетістігі ата-ана, балалармен тұрақты байланыспен жүретіні сөзсіз, дегенмен ол үлкен деңгейде міндеттемені қабылдауға байланысты. Педагог пен ата-ананың тілдік қатынасындағы негізгі рөл педагогке тиесілі өйткені, ол білім мекемесінің кәсіби және арнайы өкілі. Сондықтан педагог пен тәрбиешіге түрлі ата-аналармен қатынаста теориялық білім ғана емес тәжірибелік машық та қажет.
•
•
Адам мен адам арасындағы өзара әрекеттестікте не сөйлегеніміз, қалай сөйлегеніміз, тілдік қатынаста әріптесіміздің ақпаратын қалай қабылдағанымыздың бәрі маңызды. Сондықтан педагогтің ата-аналармен қарым-қатынаста жетістікке жетудегі бірінші іс–әрекеті адам түрлері мен қатынас құрылымы туралы білімі болып табылады. Біз адамдардың басқа адаммен іс-әрекет қатынасында оларға тән ерекше сипаттағы («визуалды», «аудио», «кинестетика») үш тобы болатынын білуіміз керек.
•
•
•
•
•
•
Визуалдар - басы мен иығын тең, денесін сәл тік ұстайтын, дауысы жоғары, ашық, сөйлеу мәнері жылдам, қоршаған ортаға жоғарыдан қарайтын сипатқа тән. Олар киген киімге үлкен мән беріп қарайды өздерін ұқыпты көрсетуге тырысады. Көбінесе «Анаған қараңыз», «Мен көріп тұрмын», «Мына жерден жақсы көрінеді» сөздерін қолданады.
•
•
Аудиалдардың басқалардан басымдылығы–есту қабілеттілігі. Олар музыкамен әуестенеді және есте сақтау қабілетіне сенгендіктен бір нәрсені жазып алуды көбінесе қажет етпейді. Тілдік қатынаста «Мені тыңдаңыз», «Сіз неге маған дауыс көтересіз», деген сияқты сөздерді қолданады. Олар дауыс ырғағына, дыбысқа, дыбыс өзгешелігіне көңіл қояды.
•
Кинестетиктер үшін сезім тәжірибесі маңызды. Олар көбінесе сезімге беріліп иіс, қимыл-қозғалысты есте жақсы сақтайды. Тілдік қатынаста суық, жылы, жұмсақ, ауыр сөздерді қолданады. «Мен денемнен ызғар өткендей қобалжыдым», « Мені сеземін». Әріптесімен жай әңгімеде, тәжірибе жүзінде жақын қашықтықта болуға тырысады.
•
Бұл жұмыс түрі тәрбиешілерге ата- анаға, балаға тәрбие беруде проблемаларын ата- анаға қалай шынайы көмектесуге болады деген сауалына көмектеседі.
•
Ата-ана мен педагогтің өзара әрекеттестігінің тиімділігі болып табылатын маңызды фактордың бірі – әңгімелесушіні (әріптесін) тыңдай білуі мен ести білуі.
Біз көмек беретін ата-ана біздің оған деген құрмет пен маңыздылығын сезінуі керек, сонда ғана ол өзінің проблемасын толық ашып бере алады және біздің кеңесті тыңдауға деген құлқы (ниеті) болады.
•
•
Педагог, тәрбиеші «жаман» тыңдаушының (ата-ана) қай топқа жататынын білуі керек.
•
•
Ойдан құрағанды ұнататын тыңдаушымен сөйлесерде тәрбиеші алдымен педагог ақпаратын аяғына дейін тыңдап талдау қорытындысын содан кейін шығаратындары туралы керектігін ескертуі керек.
«Тілімен шағып сөйлейтін тыңдаушымен» қатынаста мүмкіндігінше дауласпау қажет. Бұл тақырыпты келесіде басқа жағдайда жалғастыру туралы ұсыныс тастау керек.
•
•
Сөздік қарым-қатынасты ескертуден немесе сынаудан бастамай бірінші ыңғайлы эмоционалдық көңіл күй құру керек.Алғашқы сәт өте ашық, күтпеген жағдайда ерекше өткізілуі тиімді. Әңгімелесушіге сухбат әсерлі болуы үшін қажетті ақпаратпен қамтылу керек. Әңгімелесу кезінде кәсіби сөздерді,таныс емес терминдерді қолдану міндетті емес.
•
Ата- анамен арадағы ауызекі тілдегі қатынас шынайы болуы үшін төмендегі кеңестерді беремін:
-әңгіме кезінде сөзді бөлмеу;
-талқылауды басқа тақырыпқа бұрмау;
-зейінін басқа арнаға аудармау;
-қосалқы сауалдар қоймау ;
-сөзге келмеу (егер қарсы болсаңыз сөзді аяғына дейін тыңдап оның дұрыс не дұрыс емес екендігін анықтап алыңыз); өз кеңестеріңізді міндеттемеңіз (әдепті түрде мүмкін сіз осылай жасап көрерсіз);
- өзінің сөйлесушіге деген сезімін бет әлпет, ым, мінез-құлық (жүріс-тұрыс) арқылы көрсете білу.
•
•
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Андреева Г.М. Социальная психология. –
Бодалев А.А. Личность и общения.
Бойко В.В. Энергия эмоций в общении.
Брудный А.А. О проблеме коммуникации. –
Буеева Л.Г. Общественные отношения и общения.
Давыдов В.В. Виды общение в обучении
Добрович А. Общение: наука и искусство.
Доценко Е.Л. Лекции по курсу «психология
Гальперин П.Я. Введение в психологию. –
Гипенрейтер Ю.Б. Введение в психологию. –
Годфруа Ж. Что такое психология?. –
Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. – М.,
Коган М.С. Мир общения. – М.,
Крипсанская Ю.С., Третьяков В.П. Граматика общения.
Леонтьев А.А. Общения как обьект психологического
•