Просмотр содержимого документа
««Ертегілер әлеміне саяхат»»
Ортаңғы тобыТақырыбы: «Ертегілер әлеміне саяхат»
Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Ең көп тараған түрі- ойыншықтар театры.Қысқа тақпақтарды жаттап,оны өзіне тән орындау кезінен бастап-ақкішкене спектаклдер ойнала бастайтыны белгілі.Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.
Театр түрлері:
Қуыршақ театры
Саусақ театры
Көлеңке театры
Картиналар театры
Ертегінің мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем- эстетикалық әдеби қазына. Ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау.
Ертегі әрбір баланың жеке-дара ой дүниесінің ең нәзік белгілерін жанып тегістейтін жанғыш болып табылады, ал сонымен бірге ол балалардың бірінің жүрегін біріне айқара ашады, балалар ұжымында нәзік интеллектуалдың өзара қарым- қатынастарды тудырады
Ертегі – бұл ой бесігі, бала тәрбиесін жолға қойғанда, ол осы бесік жөніндегі толғанулық естеліктерді өмір бойы сақтайтындай ету керек.Ертегі – бұл ойлау ләззаты, ал ертегі шығара отырып, баланың ойлауға өз қабілетін орнықтырады, сол арқылы өзінің ар-намыс сезімін орнықтырады.
Ертегі бала өмірін түрлі-түсті бояуларымен бояйды, балаларды шаттандырып, бақытқа