Ұйымдастыру- іздестіру | Дидактикалық ойын: « Кім көп айтады?» Фонетикалық жаттығулар жасау. Та- та- та ата Же- же- же әже Ке- ке-ке әке Ше- ше- ше шеше Сергіту сәті Атам менің қауыншы, Апам менің сауыншы. Отырмаймын мен текке, Кеттім мен де мектепке. Суретке қарап отбасы жайлы әңгіме құрастыру. Мынау тату - тәтті отбасы. Үйде ата, әже, әке,шеше, аға, әпке бар. Ата мен әже зейнеткерлер. Санамақ үйрету Бір үйде біз нешеуміз, Кел санайық екеуміз. Әке, шеше, ата, әже, қарындасым және мен, Аға, әпке,іні, сіңлі, нешеу болдық бәріміз? Он болыппыз бәріміз. Ойлан тап, Ата, әже, әке, шеше, Болса ессепке талабың, Айта қойшы, мен неше адамды санадым? | Сұрақтарға жауап беру. Шеңбер құрап сергіту сәтін орындайды. Мұқият тыңдайды, өз отбасы мүшелері туралы әңгімелеп береді. Дауыстап қайталайды Сіз төрт адамды санадыңыз. |