|   Мотивациялық- қозғаушылық   |    Шаттық шеңберіне тұрғызып ұйымдастыру.  Топ, топ басайық,    Жалаудан күн жасайық.  Жаса, жаса алтын күн!  Жаса , жаса жарқын күн!  Балалар, мен балабақшаға келе жатқанымда сиқырлы қалта тауып алдым. Онда хат бар екен. Хатта: «Өлең не туралы екенін білсендер ішінде не барын білесіңдер»-деп жазылған  «Мысық» (Ә.Баубеков)  Мышым,мышым, мысығым,  Екі көзді қысығым,  Ол ақылды, ол батыр,  Көрдім талай қызығын.     |     Балалар шаттық шеңберін жасап, көтеріңкі көңіл – күймен сабаққа қатысады.  Балалар қызығушылық танытады.Өлеңді мұқият тыңдап жауап береді.   |         |  
  |   Ұйымдастырушылық-ізденушілік       |    -Балалар, өлең не туралы айтылған?      -Мынау қандай ойыншық?  -Дұрыс айтасыңдар, бұл-мысық.  -Мысық қалай дыбыстайды?  -Суреттен не көріп тұрсыңдар?  -Мынау не?  -Мысық қандай екен?  -Бәріміз қайталайық. Үлкен мысық.      -Мысық үй жануарына жатады.Мысықтың баласын «марғау» деп атаймыз, оның түсі ақ, қара, сары,ала болады.  Демонстрациялық материалдармен жұмыс.  -Үлкен мысықтың жанында қандай мысық ойнап жүр? (суретте мысық доппен ойнап жүр).  -Мына мысықтың баласы сүтті төгіп қойыпты, оны біз тентек мысық деп айтамыз.  -Екінші мысық не істеп жатыр?  -Ол ұйықтап жатыр, оны ұйқышыл мысық дейміз.  -Ал үшінші мысығымыз не істеп тұр?  -Ол доппен ойнап тұр. Оны ойынпаз мысық деп атаймыз.      -Енді балалар, ойыншық мысығымызды ұстап, жүнін сипап көрейікші.  -Ол қандай? («м» дыбысының анық айтылуына мән беру).            Үштілділік компонент: мысық-кошка, жұмсақ-мягкий, үлпілдек-воздушный.          Мысық сүтке тояды  Қарнын сипап қояды.  Жүрісі оның баяу    Дейді мысық мияу-мияу.      Балалар ендеше мысығымызды тамақтандырайық. Ол үшін біз мысыққа ыдыс жасап берейік.      Ендеше орталықтарға жайғасайық.  Менің қолымдағы карточкалар арқылы топқа бөлінеміз. Түстерді таңдау арқылы.             Манипулятивтік орталығының жұмыс әрекеті:  Д\о «Мысық нені жақсы көреді?»  Шарты: Мысықтың нені жақсы көретінін қыстырғыш арқылы қыстырып көрсетеді.      Д\о «Байқағыш»  Шарты: көздерін жұмып, еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді.  -Мысықта неше аяқ бар?  -Мысықтың құлағы ұзын ба, әлде құйрығы ұзын ба?  -Мысықта неше құлақ бар?   Синквейн әдісі (схема)   1) ? Зат есім. Не?   2) ----- ---- -----  Сын есім. Қандай?        3) ––– ––– ––– Етістік. Қайтеді?       
      4) Төрт сөзден тұратын сөйлем құрау.   5) ? –––––– 1 Синоним. Мысық қандай жануар?   «Бейнелеу орталығы»  Шарты: қиылған қағаздан мысыққа ыдыс жасап жапсыру.                   |    Мысық туралы айтылған.  Бұл мысық.      -«мияу-мияу» дейді.  Мысықты.  Мысық    Үлкен.  Балалар үлкен мысық деп қайталап айтады.                          -мысықтың баласы доппен ойнап жүр.              -тентек мысық    -ұйықтап жатыр.      -ұйқышыл мысық.      -ойнап жүр.      «ойынпаз мысық» қайталап айтады.      мысықтың жүні жұмсақ, үлпілдек екенін айтады.  «жұмсақ», «үлпілдек» сөздерін балалар қайталайды.  Мысық-кошка, жұмсақ-мягкий, үлпілдек-воздушный тәрбиешімен бірге қайталайды.                                                              Қыстырғыш арқылы мысықтың нені жаксы көретінін қыстырып көрсетеді.              Балалар көздерін жұмып сұрақтарға жауап береді.(төрт аяқ бар, құйрығы ұзын, екі құлақ бар)              -Мысық      -Тентек, ойынпаз, ұйқышыл.  -Жүгіреді, секіреді, ойнайды.        -Мысық жіппен ойнап жүр.т.б.          -Үй жануары.          Балалар берілген тапсырмаларды орындайды, қиылған қағаздан мысыққа ыдыс жасап жапсырады.   |         |