Ұйымдастырушылық ізденіс | Қыс туралы өлең оқылады. Аяз қысып, өрнек сызып, Терезені торлайды. Қарға омбығып, Бет домбығып. Сырғып балалар ойнайды. Кейде ұлып, кейде ысқырып, Ұйтқып боран соғады. Айтыңдаршы балалар, Бұл қай кезде болады? 3.Қыста болатын өзгерістер туралы сұрақтар қою. 4.Қыс туралы білетін тақпақтарын сұраймын. 5.Жұмбақтар жасыру Қыста ғана болады, Ұстасан қолын тонады. Ол не екен? Қысы жазы бір түсті Ол не екен? 6.Қыста киетін киімдері туралы сұрау 7. Сергіту сәті: Ішік, пима, қолғап бар, Арада жоқ тоңғақтар. Баста қалың малақай, Біз тоңбаймыз алақай. 8.Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар, қандай көріністер көресіңдер? 9.Суретпен жұмыс, интерактивті тақтадан қысқы көріністерді көреміз 10.Қыс әңгімесі. Қыс мезгілі келді.Даланы аппақ қар басты.Балалар балабақша ауласына шықты.Мәди мен Жансая аққала тұрғызды. Ескендір мен Айгерім шанамен сарғанақ тепті. Қалған балалар апаймен қарды жинады, мүсіндер жасады. Серуен көңілді өтті. 11.Жұмбақ жасыру. Зулап түсіп төменге, Шықпас менсіз төбеге. – шана 12.Ән ойналып , балаларға сиқырлы қарды көрсетемін.Ой, балалар қарандаршы ертегілер әлемінен бізге сиқырлы қар келді. Қар қандай әдемі, аппақ. Қармен біраз әңгімелесейік. Қар сөзі: Менің жиынтығымнан әдемі аққала құрастырсандар, сендерге менің сыйлығым бар. Тәрбиеші: Балалар біз аққала құрастыра аламыз ба, қардың өтінішін орындайық. 13.Қар:Ой, балалар өте әдемі аққала құрастырдыңдар, рахмет.Әкелген сыйлығымды апайларыңа берейін. 14.Қандай тамаша аққала,кәне барлығымыз аққалаға арнап ән айтайықшы. Ауыл сырты, бақта да, Тұрғызамыз аққала. Аққаланы айнала, Ойнаймыз біз шаттана. Аққала, аққала, Сені жасап мақтанам. Қорғауменен жүреміз,Бұздырмастан басқаға. | Балалар өлеңді мұқият тыңдайды. Өлеңді оқу барысында балалар жыл мезгілін табады. Қыста қар жауады, күн суытады. Балалардың тақпақтары. Жұмбақтың шешуін таба біледі (мұз, шырша) Қардан аққала жасап, шанамен сырғанап ойнаймыз. Сиқырлы қарды балалар қуанышпен қарсы алады. Жасанды қаршалардан, дайын ақ қағаздан жасалған қиыңды дөңгелекшелерден аққала құрастырады. |