Біз қандаймыз-қандаймыз. Арайлап атқан таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз. Еш уайымды білмейміз.
Ғажайып сәт.
Топқа қоян қонаққа келеді.
-Балалар мен сендерге көп суреттер әкелдім.
-Бірге көруге келісесіңдер ме?
Балалар шаттық шеңберіне тұрып,өлең жолдарын айтады.
Балалар қоянның келгеніне қуанады.
-Әрине, келісеміз.
Ұйымдастыру-
Іздестіру
-Балаларға отбасы туралы суреттер көрсету.
-Үйдегі адамдардың аттары қалай?
-Балалар сендер ата аналарынмен қыдырасыңдар ма?
-Балалар мен сендерге алғашқы ұстазымыз Ы.Алтынсаринның «Әке мен бала» атты әңгімесін айтып берейін.
Бір бала әкесімен далада кетіп бара жатады. Әкесі жерден кішкене темір көріп баласына: «Балам мына темірді ал, бір керегі болар»дейді. Баласы жерге еңкейіп алғысы келмейді де әкесінне « ол не керек?» деп жауап береді. Әкесі жерден темірді алып қалтасына салады. Содан кейін әкесі үйге келген соң одан таға жасайды да, оны бес тиынға сатады. Ол ақшаға қауын сатып алады да екеуі жеп отырады. Бір кезде баласы «Әке мұндай тәтті қауынды қайдан алдың?» деп сұрайды. Сол кезде әкесі: «Бағанағы темірден таға жасадым, оны сатып ақша алдым сосын осы тәтті қауынды сатып алдым» -дейді
Сергіту сәті.
Ән салуға барамыз, Досымызды табамыз. Сәлемет пе! Міне, мен! Доспын енді сенімен.
-Балалар «еңбекпен табылған нан тәтті» деп бекер айтылмаған. Мақал айтып үйренейік.
«Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті»
Балалар өз отбасындағы адамдардың аттарын, туыстарының аттарын айтып береді.
-Иә,бізді ата- анамыз қыдыртады.
Ата-анамыз жазда балалар паркіне, суға шомылуға апарады.