«Мәңгілік ел – мәңгілік мұрат»
Мақсаты: Балаларды тәуелсіз, бейбітшілік, бірлік ұғымдарын терең қалыптастыру. Болашақ ұрпақты Отан сүйгіштікке баулып, туған жерін, елін сүюге, табиғат әсемдігін танып оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті апайлар, балалар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі «Мәңгілік ел – мәңгілік мұрат» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! .
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Әнұран
Жүргізуші: «Жұлдыз»тобының бүгінгі күнге арнап дайындаған ертеңгілігін қабыл алыңыздар.
Мәди: Он алтыншы желтоқсан
Елдің ұлы мейрамы
Айлан: Жасай берсін ұлы күн
Үміті боп елінің.
Ақ күн боп баланың
Шаттығы боп шалдардың
Милана: Маған қымбат ұлы елімнің
Шешек атқан әр гүлі.
Аялайды бәрімізді
Азаттықтың таң нұры.
Амирхан: Аралаймын алаңды,
Тәуелсіздік күнімен.
Батыр Қайрат ағамның,
Суретіне үңілем.
Демян: Бақытты боп жүргенім -
Сенің арқаң, Қазақстан!
Ән: « »
Жүргізуші: Мемлекетіміз қалай аталады?
Жүргізуші: Дұрыс, Қазақстан. Ендеше Отан жайлы қандай тақпақтар білесіңдер?
Даяна: Толтырған гүлге даланы,
Жайнатқан ауыл-қаланы.
Ардақты атамекенім,
Отаным-Қазақстаным.
Кәрім: Отан - деген ұлы ана
Отан деген ғұлама
Мен ғана емес атамда
Перзенті екен Отанға
Нұрбол: Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Кирил: Біз Отанның гүліміз,
Туған жердің нұрымыз.
Алихан: Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Би: « »
Тосын сəт
Көжек: Көмектесіңдерші, құтқарыңдаршы. Мені түлкі қуып келе жатыр. Ұстап алса жеп қояды. (көжек жылап балалардың арасына тығылып қалады.).
Түлкі: Балалар осында көжек келмеді ме? Өзі жылдам жүгіреді екен. Қап, бəлем жете алмай қалғанымды қарашы. Ой, мұнда екенсің ғой шық бері.
Тəрбиеші: Түлкі сен қайдан жүрсің, шық орманыңа кет. Көжекті жайына қалдыр.
Түлкі: Жарайды, бірақ менің бір шартым бар.
Тəрбиеші: Қандай шарт?
Түлкі: Балалар маған аңдар патшасы арыстан көп тапсырма берді. Егер тапсырмаларды орындай алмасам, орманнан қуып шығатынын айтты.
Ал мен білмеймін көмектесіңдерші!
Балалар: Жарайды.
1-тапсырма: Қазақстанның тұңғыш президенті кім?
2-тапсырма: Отанымыз қалай аталады?
3-тапсырма: Рəміздерді білесіздер ме?
Балалардың жауабы.
Түлкі: Ой, балалар сендер бəрін білетін, алғыр екенсіңдер. Сендерден көп нəрсе үйрендім, ал енді мен кетейін сау болыңдар.
Ән: « »
Жүргізуші: Балалардың мақал-мәтелдеріне кезек берсек
Радмир: Туған жер - алтын бесік.
Темірлан: Отан - оттан да ыстық.
Ерхан: Өз елім - өлең төсегім.
Инкар: Туған жердей жер болмас.
Туған елдей ел болмас.
Муслим: Туған жерге туыңды тік.
Би: « »
Жүргізуші: Осымен тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет. Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.