1 Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 10сыныптар арасында өткізіліп отырған «Бүгінгі ұлан – Тәуелсіз елдің мұраты» атты брейн-ринг сайысына қош келдіңіздер.
2 жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі – Гимні!
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні)
1 жүргізуші:
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
2 жүргізуші: олай болса бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 10сыныптар арасында өткізіліп отырған «Бүгінгі ұлан – Тәуелсіз елдің мұраты» атты брейн-ринг сайысының ережелерімен таныстырып өтейік;
1 жүргізуші: І кезең – Сұрақ-жауап сайысы
ІІ кезең – Біздің елтаңба
ІІІ кезең – Қазақстан Республикасының туы
ІҮ кезең – Топ басшыларының сайысы
Ү кезең – Қазақстан Республикасының картасы
Сайысымызды бақылап, әділ шешім қабылдайтын әділ-қазы алқа мүшелерімен таныс болыңыздар:
Кезекті сайысымыздың І кезеңіне береміз. «Сұрақ-жауап» сайысы.
(командаларға 20 сұрақ беріледі. Жауабын жасыл түсті қағазды көтеру арқылы айта алады, әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі)
Сұрақтар:
Қазақстанда қанша ұлт өкілдері өмір сүреді? (130 дан астам)
Қазақстан Республикасының Гимні 1-ші рет қашан шырқалды?(11қаңтар 2006ж)
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991ж 16 желтоқсан)
Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
( 1995 ж 30 тамыз)
Қазақстан Республикасының Елтаңбаның авторы? ( Шота Уәлиханов және Жандарбек Мәлібеков)
Қазақстан Республикасының заңы неше бөлімнен тұрады? (9 бөлім)
Қазақстан Республикасының әнұраны қай жылы өзгертілді? (2007 ж қаңтарда)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы ресми түрде қашан қабылданды және авторы? ( 1992 ж авторы Шәкен Ниязбеков)
Қазақстан Республикасының рәміздері туралы Конституцияны Заң қашан қабылдады? ( 2007 ж 4 маусым)
Мемлекеттік тудың ортасында қанша сәуле тараған күн бейнеленген?(32)
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып қай ел мойындады? (АҚШ)
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін ресми түрде 2-ші мойындаған ел? (Қытай)
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет? (Иран)
Астана қай жылы тәуелсіз Қазақстанның астанасы болды? (1997ж 6 маусым)
Қазақстанда неше облыс бар? (14)
Қазақстанда орналасқан ең биік тау? (Гималай)
Қазақстанда ірілі-ұсақты 85мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің ұзындығы 1000 км-ден асады. 7 өзеннің атын ата? ( Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу)
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қай күн? ( 1 мамыр)
Қазақстанның шығыс бөлігінде қай мемлекетпен шекаралас (Қытай)
Қазақстан Республикасының Гимнінің аты? (Менің Қазақстаным!)
2 жүргізуші:
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату-тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын - дей отырып сайысымыздын ІІ кезеңіне кезек берсек. ІІ кезең – Біздің елтаңба. ( әр командаға елтаңба туралы карточкалар таратылады, ойланбастан сол жерде тұрып жауап беру керек. Дұрыс жауап берген командаға 3 ұпай беріледі)
1 жүргізуші:
1 команда – Елтаңба сөзінің мағынасы
2 команда – Шаңырақ
3 команда – Тұлпар
4команда – Бес бұрышты жұлдыз
5 команда – Түндік
6 команда – Уық
2 жүргізуші:
Енді міне тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық – дей келе сайысымыздың ІІІ кезеңі Қазақстан Республикасының туы деп аталады. ( әр командаға тудың бөлшектенген кесіндісі беріледі. Команда 1 минут ішінде жинақтап үлгеруі керек, дұрыс, уақытылы жинап үлгерген командаға 3 балл беріледі)
1 жүргізуші:
Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлетсін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл – күні!
Ендеше, сайысымыздың ІҮ кезеңі Топ басшыларының сайысына береміз. (Әр команданың топ басшылары ортаға шығады. Қолдарына А4 форматында Қазақстан Республикасының Гимні жазылған текст таратылады. Топ басшылары Гимнінің ішінен қалып қалған сөздерді 1 минут ішінде тауып беруі тиіс)
2 жүргізуші:
Тас мүсін қашау, әрине ғасырға мұра,
Бұл елдіктің құрметі асылдарына.
Кептерлерге дән сеуіп шапқылап жүрген,
Бақытты болсын балғындар, қасымда мына!
1 жүргізуші: Сайысымыздың Ү кезеңі – Қазақстан Республикасының картасы. ( Әр командаға Қазақстанның картасы сызылған А4 форматында қағаздар таратылады, команда мүшелері Қазақстан қай мемлекеттермен шекараласатынын картаға сызып, орындарын шатастырмай дәл қойып шығуы тиіс. Дұрыс сызған командаға бес ұпай беріледі)
2 жүргізуші:
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
1 жүргізуші: Сайысымызды қорытындылау мақсатында _____________________________ сөз кезегін береміз. Сыныптарды марапаттау рәсімі.
2 жүргізуші:
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі
Отан деген от басынан басталар.
Отбасыма от салмасын басқалар.
Отан деген қасиетті, киелі,
Отан десем оянады асқақ ар!
Осымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 10сыныптар арасында өткізіліп отырған «Бүгінгі ұлан – Тәуелсіз елдің мұраты» атты брейн-ринг сайысымыз өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Бүгінгі ұлан - Тәуелсіз елдің мұраты»
«Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Бүгінгі ұлан – Тәуелсіз елдің мұраты»
атты брейн-ринг сайысы
Шамалған бекеті,2016
1 Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 10сыныптар арасында өткізіліп отырған «Бүгінгі ұлан – Тәуелсіз елдің мұраты» атты брейн-ринг сайысына қош келдіңіздер.
2 жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі – Гимні!
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні)
1 жүргізуші:
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
2 жүргізуші: олай болса бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 10сыныптар арасында өткізіліп отырған «Бүгінгі ұлан – Тәуелсіз елдің мұраты» атты брейн-ринг сайысының ережелерімен таныстырып өтейік;
1 жүргізуші: І кезең – Сұрақ-жауап сайысы
ІІ кезең – Біздің елтаңба
ІІІ кезең – Қазақстан Республикасының туы
ІҮ кезең – Топ басшыларының сайысы
Ү кезең – Қазақстан Республикасының картасы
Сайысымызды бақылап, әділ шешім қабылдайтын әділ-қазы алқа мүшелерімен таныс болыңыздар:
Кезекті сайысымыздың І кезеңіне береміз. «Сұрақ-жауап» сайысы.
(командаларға 20 сұрақ беріледі. Жауабын жасыл түсті қағазды көтеру арқылы айта алады, әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі)
Сұрақтар:
Қазақстанда қанша ұлт өкілдері өмір сүреді? (130 дан астам)
Қазақстан Республикасының Гимні 1-ші рет қашан шырқалды?(11қаңтар 2006ж)
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991ж 16 желтоқсан)
Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
( 1995 ж 30 тамыз)
Қазақстан Республикасының Елтаңбаның авторы? ( Шота Уәлиханов және Жандарбек Мәлібеков)
Қазақстан Республикасының заңы неше бөлімнен тұрады? (9 бөлім)
Қазақстан Республикасының әнұраны қай жылы өзгертілді? (2007 ж қаңтарда)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы ресми түрде қашан қабылданды және авторы? ( 1992 ж авторы Шәкен Ниязбеков)
Қазақстан Республикасының рәміздері туралы Конституцияны Заң қашан қабылдады? ( 2007 ж 4 маусым)
Мемлекеттік тудың ортасында қанша сәуле тараған күн бейнеленген?(32)
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып қай ел мойындады? (АҚШ)
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін ресми түрде 2-ші мойындаған ел? (Қытай)
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет? (Иран)
Астана қай жылы тәуелсіз Қазақстанның астанасы болды? (1997ж 6 маусым)
Қазақстанда неше облыс бар? (14)
Қазақстанда орналасқан ең биік тау? (Гималай)
Қазақстанда ірілі-ұсақты 85мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің ұзындығы 1000 км-ден асады. 7 өзеннің атын ата? ( Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу)
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қай күн? ( 1 мамыр)
Қазақстанның шығыс бөлігінде қай мемлекетпен шекаралас (Қытай)
Қазақстан Республикасының Гимнінің аты? (Менің Қазақстаным!)
2 жүргізуші:
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату-тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын - дей отырып сайысымыздын ІІ кезеңіне кезек берсек. ІІ кезең – Біздің елтаңба. ( әр командаға елтаңба туралы карточкалар таратылады, ойланбастан сол жерде тұрып жауап беру керек. Дұрыс жауап берген командаға 3 ұпай беріледі)
1 жүргізуші:
1 команда – Елтаңба сөзінің мағынасы
2 команда – Шаңырақ
3 команда – Тұлпар
4команда – Бес бұрышты жұлдыз
5 команда – Түндік
6 команда – Уық
2 жүргізуші:
Енді міне тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық – дей келе сайысымыздың ІІІ кезеңі Қазақстан Республикасының туы деп аталады. ( әр командаға тудың бөлшектенген кесіндісі беріледі. Команда 1 минут ішінде жинақтап үлгеруі керек, дұрыс, уақытылы жинап үлгерген командаға 3 балл беріледі)
1 жүргізуші:
Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлетсін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл – күні!
Ендеше, сайысымыздың ІҮ кезеңі Топ басшыларының сайысына береміз. (Әр команданың топ басшылары ортаға шығады. Қолдарына А4 форматында Қазақстан Республикасының Гимні жазылған текст таратылады. Топ басшылары Гимнінің ішінен қалып қалған сөздерді 1 минут ішінде тауып беруі тиіс)
2 жүргізуші:
Тас мүсін қашау, әрине ғасырға мұра,
Бұл елдіктің құрметі асылдарына.
Кептерлерге дән сеуіп шапқылап жүрген,
Бақытты болсын балғындар, қасымда мына!
1 жүргізуші: Сайысымыздың Ү кезеңі – Қазақстан Республикасының картасы. ( Әр командаға Қазақстанның картасы сызылған А4 форматында қағаздар таратылады, команда мүшелері Қазақстан қай мемлекеттермен шекараласатынын картаға сызып, орындарын шатастырмай дәл қойып шығуы тиіс. Дұрыс сызған командаға бес ұпай беріледі)
2 жүргізуші:
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
1 жүргізуші: Сайысымызды қорытындылау мақсатында _____________________________ сөз кезегін береміз. Сыныптарды марапаттау рәсімі.
2 жүргізуші:
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі
Отан деген от басынан басталар .