Просмотр содержимого документа
«"Күз - ғажайып уақыт"»
«Күз – ғажайып уақыт»
Шаттық шеңбері
Біз әдепті баламыз
Біз ерекше боламыз
қонақтарды көргенде
Сәлеметсіздер ме деп
Амандасып аламыз
Балалар қараңдаршы біздің топқа бүгін көп қонақтар келіпті.
қане амандасайық
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар олай болса орындарымызға отырамыз. Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ
Жиын терін болатын
қамбаға астық толатын
Қызыл қырман болатын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Үлгі суретпен жұмыс
Тақтаға күз туралы суреттерді іліп, түсінік береді.
Тәрбиеші?
-балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-күз мезгілі
-күз мезгілінде неше ай бар?
-үш ай бар
- айлардың атайықшы?
-қыркүйек, қазан, қараша.
-Қазір қай айы?
-қараша
-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-күн суытады, жапырақтар сарғаяды.
Тәрбиеші? Өте жақсы балалар дұрыс айтасыңдар.
Шығармашылық сәт:
Жапырақ жапсыру тәсілдерімен түсіндіру.
*қағаз бетіне қиылған жапырақтарды орналастыру.
*желімді жоғарыдан төмен жапсыру.
*дайын болған жұмысты сүлгімен үстінен басу.
-жұмысты ретімен педагогпен бірге орындайды.
Балалар сендер күз туралы көп біледі екенсіңдер,шаршаған шығарсыңдар бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп – кішкентай ағаштар
Үп-үлкен болып өседі.
Іңкәр:
Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек
Жапырағын жұлғызып
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар ендеше ойынын ойнайық.
«Алманы түсіне сәйкес жина» дидактикалық ойыны
Қорытынды
-балалар бүгін сабақ сендерге ұнады ма?
-Күзде табиғатта қоршаған ортада қандай өзгерістер болады.
Өте дұрыс айтасыңдар балалар.
Сендер бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.