kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ош келді? "Алтын к?з"

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?з дегеніміз біріншіден байлы?, молшылы?. ?апта?ан асты?, картоп, ж?гері, к?нба?ыс, ?арбыз, ?ауын, алма, ?рік, ж?зім, то?шылы? мезгілі.

Оны? б?рі к?зде ?бден пісіп жетіледі. Дала, то?ай, егін де – б?рі деп сап – сары. Сонды?тан да халы? к?зді «Алтын к?з» дейді. Екіншіден,  к?з ет пен май. Мал да, а? да, ??с та, к?зге дейін ?бден семіріп болады. «К?зді? бір к?ні ?ысты? бір айын асырайды»; «К?зде аянбай е?бек етсе?, ?ыста ?ысылмайсы?» ?ыс?а адам да, а? да, барлы? жан – жануарлар да дайындалады. К?зде жыл ??стары жылы жа??а ?айтады. С?йтіп, олар да ?ыстан аман шы?у?а ?рекет жасайды. К?зде к?н ?ыс?арып, т?н ?зарады, жауын – шашын к?бейеді.   

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ош келді? "Алтын к?з" »


Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: Алтын күз мерекесін  өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.


Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

 Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.


Тәрбиеші: - Құрметті қонақтар, ұстаздар!

Бүгін мектепалды даярлық тобының дайындаған «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!


Армысыздар, халайық!

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңіздер, қарсы алайық!


- Күз дегеніміз біріншіден байлық, молшылық. Қаптаған астық, картоп, жүгері, күнбағыс, қарбыз, қауын, алма, өрік, жүзім, тоқшылық мезгілі.

Оның бәрі күзде әбден пісіп жетіледі. Дала, тоғай, егін де – бәрі деп сап – сары. Сондықтан да халық күзді «Алтын күз» дейді. Екіншіден, күз ет пен май. Мал да, аң да, құс та, күзге дейін әбден семіріп болады. «Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды»; «Күзде аянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың» Қысқа адам да, аң да, барлық жан – жануарлар да дайындалады. Күзде жыл құстары жылы жаққа қайтады. Сөйтіп, олар да қыстан аман шығуға әрекет жасайды. Күзде күн қысқарып, түн ұзарады, жауын – шашын көбейеді.


Өрік, алма, шие, алша

Жидек, жүзім піседі.

Қуын, қарбыз, қияр, сәбіз

Қоймаларға түседі.

Айтыңдаршы, балалар,

Бұлай кезде болады? ( Күзде)

1.Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Күз)

2.Ағаштардың жапырағының түсі қандай? (Сары, қызыл)

3.Күз мезгілінің ерекшелігі неде? (Молшылық,тоқшылық кез)


- Балалар біздің мерекемізді тамашалауға біздің басты кейіпкерлеріміздің бірі «Алтын күз» келіп отыр екен . Ол сендердің білімдеріңді, өнерлеріңді тамашалауға келіпті.

- Кәне бәріміз күзді ортаға шақырайық.


Барлығы: «Алтын күз » деп 3 рет дауыстайды.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен күзбін. Өте еркемін. Сәл нәрсеге ренжіп, бұртиып қабағымды түйе қаламын.Кейде болмашыға өкпелеп көз жасымды аямай төгіп – төгіп жіберемін. Әйтсе де, менің ақ көңілділігімді бәрі де ұнатады.


1 Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Көбейді құт береке,

Астық толы қоймамыз,

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз!


2.Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген,

Ай жапырақ сары алтын

Айналаның бәрі алтын.

Қуандырып біздерді ,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті – алтын күз,

Кемелденсің халқымыз.



Күз: -Ал балалар, білесіңдер ме мені неге «Алтын күз» дейді.

1.Алтын сары,қызыл, көк,

Алуан, алуан, жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Мұны көріп қалай күзді,

Теңемейсің сары алтынға.


2.Тамсандырған таңдайды,

Жеміс – жидек піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Жер бетіне түседі.

3.Қауын – қарбыз жемістермен

Толтырамыз қол себетті.

Алтын күз деп аталады,

Күз айы да сол себепті .


Күз: - Рақмет балалар! Кім күз айларын атап береді?


Күз айлары: Қыркүйек, қазан, қараша.

Күз айларын ортаға шақырайық .


1.Алтын күз! Сізбен бізге шуақ шашсын.

Көңілдің серіппелі күйін ашсын.

Бақпен шаттық бізге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.


2.Қазан айы басталды,

Құстар қайта бастады.

Туыстық адал достықпен

Жалғасып күндер барады.


3.Күздің қараша айында

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайған

Сыбдыр – сыбдыр түседі.


Ән: «Күз келіпті»


Би: Вальс: «Қыздар мен ұлдар»


Тәрбиеші: Ардақты күз, біздің балаларымыз дәнді - дақылдар, жеміс- жидектер, көкөністер туралы тақпақтар, да біледі.

1. Нан анасы – бидаймын,

Елге астық сыйлаймын.

Дәнім тасып піскенде

Қауызыма сыймаймын.


  1. Күнді сүйген күрішпін,

Күллі жұртқа ырыспен.

Алсын деп ел мол өнім,

Ала жаздай шу іштім,


  1. Мынау алма айналдым.

Түрлі түрлі болатын.

Бірі ерте, бірі кеш

Кезектесіп салатын.

  1. Мынау - жүзім, жаным.

Сөлі балдай шырын.

Тәттілігін біледі,

Ара менен шырын.


  1. Мынау алмұрт ақылдым,

Күзде жинап алатын.

Балбыраған біреуін

Жесең тойып қалатын.


6. Мынау- анар құлыным,

Қабығы қалың болатын.

Мөлт – мөлт еткен түрлері

Моншақты еске салатын


Ән: «Жомарт күз»

Би: «Қамажай»

7. Мынау - өрік күнім,

Ерте ашар гүлін.

Қара өрік, сары өрік

Ектім екі түрін.


8. Мынау - шабдалы боташым,

Сырты түкті өзі ірі

Денсаулыққа пайдалы

Жемістердің бір түрі.


9. Мен пиязбын, пиязбын.

Емдермін мен де сені бір.

Пайдалансаң жөтелге

Балмен қосып өзімді.


10. Мен сәбізбін, сәбізбін.

Емдік қасиет көп менде.

Егер жесең өзімді,

Көрсетермін көзіңді.


11. Мен қызылшамын, қызылшамын,

Қызарып ақ пісемін.

Дәмім тәтті болғансоң,

Мені халық көп жейді.


12. Мен қиярмын, қиярмын.

Жесең есті жиярмын.

Кетіруге безеуді

Шырынымен жуармын .




13. Мен қарбызбын, қарбызбын.

Күннің көзін сүйермін.

Ауырса бауыр, бүйрегің,

Көмегімді берермін.


Көрініс: «Шалқан» ертегісі

Би: «Қол шатыр»


1. Астық жеміс жиылды.

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс!

Алдық өнім сыйыңды.


2.Көбейді құт – береке,

Астық толы қоймамыз,

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.


Тәрбиеші: - Кәне, балалар, осындай молшылық күз айында ойын ойнап жіберейік.


Ойын: «Кім жылдам» деп аталады.

Ойынның 1- шарты:

Ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды.

Қыздар бір себетке жемістерді жинайды.


- Жарайсыңдар, балалар, көкөністер мен жемістерді дұрыс ажырата алдыңдар.


2 - шарты : « Жапырақ жинау».

Күз мезгілі мен жаз мезгілінің жапырақтарын ажыратып жинау.


Тәрбиеші: - Ардақты . «Алтын күз». Міне, балаларымыздың өнерін тамашаладыңыз. Сізге ұнады ма?



Күз: - Рахмет балалар!

Сендердің өнерлерің мені таң қалдырды.

Сендерге әкелген сыйлығымды қабыл алыңдар.

Тәрбиеші: - Олай болса күзбен қоштасайық.

Жаса, жаса, Алтын күз!

Сау болыңыз, Алтын күз!

- Балалар, күз мезгілі туралы , мақал – мәтелдер мен жұмбақтар айтып жарысайықшы.


Тәрбиеші: - Күз кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарқанымыз дәнді – дақылдарға, көкөністерге, жеміс – жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.

Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. Қазір сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқу.

  • Міне, балалар, «Алтын күз» атты етреңгілігіміз осымен аяқталды.


«Мырзакент» мектеп-гимназиясының мектеп алды даярлық тобының жетекшісі Мусабаева Жадыра










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ош келді? "Алтын к?з"

Автор: Мусабаева Жадыра Кожахметовна

Дата: 28.02.2015

Номер свидетельства: 179882

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "«?ош келді?, Алтын к?з!»"
    ["seo_title"] => string(25) "k-osh-kieldin-altyn-kuz-4"
    ["file_id"] => string(6) "306762"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1458198069"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(201) "Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: ҚМҰҚ Өтпелі тақырып: «Қош келдің, Алтын күз!» Тақырыбы: Үйдің есігін жабайық"
    ["seo_title"] => string(80) "bilim_beru_salasy_tanym_bolimi_kmuk_otpeli_takyryp_kosh_keldin_altyn_kuz_takyryb"
    ["file_id"] => string(6) "546288"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1586691202"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Қош келдің алтын күз!"
    ["seo_title"] => string(25) "k_osh_kieldin_altyn_kuz_3"
    ["file_id"] => string(6) "412531"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1493629503"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "«Қош келдің Алтын күз»"
    ["seo_title"] => string(21) "kosh_keldin_altyn_kuz"
    ["file_id"] => string(6) "511110"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1558269261"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Кош келдің Алтын күз"
    ["seo_title"] => string(22) "kosh_kieldin_altyn_kuz"
    ["file_id"] => string(6) "422109"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1497599787"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства