kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кош келдің Алтын күз

Нажмите, чтобы узнать подробности

мектепалды даярлық топтарына арналған. Қош келдің алтын күз ертенгілік сценариы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кош келдің Алтын күз»



Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңесі, яғни жемістермен көкөністер салынған себеттер.

Барысы: Әдемі әуен ойналып тұрады, қонақтар орындарына жайғасып болған соң сыныпқа балалар кіріп орындарына тұрады.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі біздің 0 «А» 0«Б» 0 «В» мектепалды даярлық топтарында өткізілгелі отырған Алтын күз атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар: Ол күз!

Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.

Бірге: Берекелі күз келді, меркелі күз келді.

Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз: Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жаз.

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам. Армысыздар қонактар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар: Жооооқ.

Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап,

Шақырады жарқын жүз,

Сайраңдаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!

Күз: Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі

Шықса жасыл

Түссе сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!

ЖүргізушіАлтын күз, біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі. Сіз жайланып отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән: «Алтын күз» 0 «Б» ұлдары

1 оқушы: Ералы

Күзім-ау, күзім-ау!

Мінезің бұзық-ау,

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау!

2 оқушы:Мансұр

 Қарашы күз келді, күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді,

Құс біткен керуен түзеді,

Көңілсіз неліктен күз енді?





3 оқушы: Найль

Қара бұлт қабағын түйеді,

Бұталар боз қырау киеді,

Осы ма, осы ма күз деген,

Бақшаға баратын бізбенен.

4 оқушы: Арман

Сары теңге жапырақ,

Бояған ба көл бетін?

Тоңазыпты топырақ,

Ызғарлы екен желде тым.

5 оқушы:Асылан

Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.

«Қолшатыр» биі: 0 «Б» тобы (қыздар .)

6 оқушы: Альбина

Гүл жайнаған даланың,

Жапырағы солыпты.

Таңырқадым, қарадым,

Танымастай болыпты.

7 оқушы:Маржан

 Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

8 оқушы:Темірлан

 О, алақай тамаша,

Шашу шашады жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап!

9 оқушы:Алимжан

 Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды,

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.

10 оқушы: Айару

Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Ән: «Құлыншақ» орындағандар 0 «А» тобы

Жүргізуші: Балалар енді мен сендерге көкөністерге қатысты жұмбақтар жасырамын.

Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға

Бәрі жейді тамсана. (Орамжапырақ)

Өсем бақша-бауыңда,

Қатты ұқсаймын қауынға

Жемек болып шикілей

Күлкі болма қауымға. (Шалқан)



Мен бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды,

Венегретте үстелде. (Қызылша)



Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде.

Жаңа піскен күйімде,

Жейді бәрі сүйсіне (Қияр)

11 оқушы: Абзал

Жито убрано, скошено сено,

Отошли и страда и жара.

Утопая в листве по колено,

Снова осень стоит удвора

12 оқушы: Дияс

Осень достала краски,

Ей много покрасить нужно:

Листья- желтым икрасным,

Серым- небо и лужи

13 оқушы: Ильяс

Кружат листья над дорожкой.

Лес прозрачен и багрян...

Хорошо бродить с лукошком

Вдоль опушек и полян!

14 оқушы:Алижан

Дождь льет с самого утра,

Льет как будто из ведра,

И как крупные цветы

Распускаются зонты.

15 оқушы:Давид

Пролетают паутинки

С паучками в серединке,

И высоко от земли

Пролетели журавли. 

16 оқушыВлад

Утром мы во двор идем -

Листья сыплются дождём,

Под ногами шелестят

И летят... летят...летят...



Күз: Өте тамаша, балалар! Қазір менімен ойын ойнайсыңдар ма?

Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша 0 «А» тобы бір себетке көкөністерді, ал 0 «Б» тобы екінші себетке жемістерді 0 «В» тобы жапырақтарды жинайды.

Ойын: «Кім жылдам?» 0 «А» 0 «Б» 0 «В» топ ұлдары

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Ал енді 0 «В» топ қыздарының биін тамашалайық

Би: «Осенни лепестки» ( 0 «В» топ қыздары)

Би: «Бұлттар» 0 «А» топ қыздары

Күз: Жарайсыңдар, балалар! Енді біздің әдемі қыздарымыз көрсететін аналарының көмегімен қолдан тігілген көйлектердің сән көрсетілімін тамашалаймыз.

Сән көрсетілімі: 0 «А» 0 «Б» 0 «В» топ қыздары

Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнері ұнады ма?

Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды

Берекелі бақ-дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар балалар,

Келгенше жыл айналып.

Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Тамашалағандарыңызға рахмет!














 

 

 






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Кош келдің Алтын күз

Автор: Искакова Аида Асылханкызы

Дата: 16.06.2017

Номер свидетельства: 422109

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "«Татулы? – досты?ты? киелі бесігі»"
    ["seo_title"] => string(30) "tatulykdostyktynkiielibiesighi"
    ["file_id"] => string(6) "280505"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1453385468"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "кош бол даярлы?ым"
    ["seo_title"] => string(20) "kosh-bol-daiarlyg-ym"
    ["file_id"] => string(6) "252961"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447496551"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Сценарий "Жас Ұлан" ББЖҰ қатарына қабылдау салтанаты"
    ["seo_title"] => string(57) "stsienarii_zhas_u_lan_bbzhu_k_ataryna_k_abyldau_saltanaty"
    ["file_id"] => string(6) "453675"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1517328249"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства