Мақсаты: Білімділік:1ден 5ке дейін ауызша санап есептей білуге,сандарды тура жане кері санауга геометриялық пішіндер арқылы аз,көп,тең ұғымдарын салыстыра білуге үйрету.
Дамытушылық:Ойлау қабілеттерін, білімін математикалық жұмбақтар арқылы дамыту.
Тәрбиелік:Балаларды ұйымшылдыққа жане жеке баламен жұмыс жасау арқылы өз ойын еркін жеткізе білуге тарбиелеу.
Көрнекілігі:Суреттер,сандар
Әдіс-тәсіл:Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,ойын.
Шаттық шенбер
Біз қандаймыз,қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжісуді білмейміз
Қуанамын менде
Қуанасын сенде
Арайлап аткан күнге !
Ал енді балалар
Күнге қарай созылып
Бір талпынып алайық
Күннен алган жылуды,
Алақанға салып қонақтарды сыйлайық.
Тақырыбы:Балалар түнде біздің топқа ғажайып гүл өсіп шығыпты.Бұл сыйқырлы гүл екен.
Балалар қараңдаршы гүлдің неше күлте жапырақтары бар?
Кәне санайықшы?
Балалар:1.2.3.4.5.
Тәрбиеші:Әрине гүлдің 5 күлте жапырағы бар екен.
Ал енді гүлдің күлтешесінің пішіні қандай?
Балалар: Дөңгелек
Тәрбиеші:Ал енді балалар гүлдің әкелген тапсырмалары бар екен.Орындаймыз ба?
Балалар:Ия,орындаймыз.
Тәрбиеші:Ендеше Аягөз келе ғой бірінші күлте жапырағындағы тапсырманы ала ғой.Қандай сан жазылған?
Аягөз 1 саны жазылған.
Тәрбиеші:1-ші күлте жапырақтың тапсырмасын оқып берейін.
Тапсырма:1-5 дейін тура және кері санап берші.
Аягөз 12345 кері 54321 санап береді.
Тәрбиеші:Өте жақсы
Ал енді 2-ші күлте жапырақты Ақбота ала ғой.
Қандай сан жазылған?
Ақбота:2 саны жазылған
Тапсырма:Суреттегі мысықтарды сана
Құлақтары нешеу?
Көздері нешеу?
Балалар жауап береді.
Тәрбиеші:3-ші күлте жапырақты Нұрхан ала ғой.
Қандай санмен жазылған?
Нұрхан 3 саны жазылған.
Тапсырма:Санамақ айту.
Тәрбиеші:4-ші күлте жапырақты Қайсар алады.
Қандай санмен жазылған?
Қайсар 4 саны жазылған
Тапсырма:Қызықты логикалық есептер.
1.Ағаштағы төрт алмұрт
Піскен екен тимей құрт
Самат алып екеуін
Қалдырған екен нешеуін(2)
2.Екі балапан тұр
Екі балапан отыр
Шатаспай тез ойлансақ
Тұрғаны бар отырғаны
Барлығы қанша балапан(4)
3.4 қонжық орманға
Бара жатып қорбаңдап
Бірі олардың шаршады
Әрі қарай бармады
Жауабын тез айт
Қанша қонжық кетті алда?(3)
4.Бір үйде біз нешеуміз
Кел санайық бәріміз
Бас бармағым әкем
Балан үйрек анам
Ортан терек ағам
Шылдыр шүмек мен
Кішкене бөбек сен
Бір үйде біз нешеуміз
Бір үйде біз бесеуміз.
Тәрбиеші:5-ші күлте жапырақты Санат ала ғой.
Қандай санмен белгіленген?
Санат 5 санмен белгіленген
Тапсырма:Геометриялық пішіндерді санына қарай салыстыра білесін бе?
Артық,кем,тең.
Сергіту сәті:
Балалар бір сәт денемізді сергітіп алайық.
Орнымыздан тұрамыз
Мойнымызды бұрамыз
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп
Бір отырып,бір тұрып
Орнымызды табамыз
Балалар енді гүлдің сабағы мен жапырағындағы тапсырмаларды орындайық.