Просмотр содержимого документа
««Бала тәрбиесіндегі отбасы мен балабақшаның ынтымақтастығы».»
КГКП «Детский сад-ясли
№1 «Балапан» акимата города Усть-Каменогорска
Өскемен қаласы әкімдігінің
№1 «Балапан»
балабақша-бөбекжайы» КМҚК
Б
Өскемен қаласы, 2018 жыл
аяндама тақырыбы: Тәрбиеші мен бала арасындағы қарым-қатынас және тәрбиенің маңыздылығы.
Өскемен қаласы, 2018 жыл
Дайындаған: Озатқанова Т.О
Матайбаева Н.К
Бала әрбір халықтың, әрбір мемлекеттің болашағы. Мемлекеттің өзінің өскелең ұрпағына қандай қамқорлық жасап отырғанына қарап, оның келешек қоғамының бет бейнесін көруге болады . «Бала келешек жеке тұлға емес, ол - осы күннің өзінде - ақ жеке тұлға. Балалар бізді толғандыратын барлық сезімдер мен ойлардың бастауына негіз болатын тіршілік иелері, бұл бастауларға жетекшілік етуде нәзіктік пен мейірімділік таныту керек».
Мектепке дейінгі жас бала дамуында жаңа әлеуметтік жағдайлардың пайда болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың өзін қоршаған адамдар арасынан алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі айырмашылығы болады .Баланың қарапайым міндеттер өрісі пайда болады. Баланың ересектермен байланысы жаңа формаға ие болады, бірлескен іс- әрекет ересек адамның нұсқаларын дербес орындаумен алмасады.
Мектепке дейінгі шақтың елеулі ерекшелігіне баланың құрдастарымен арнайы өзара қарым - қатынасының пайда болуы «Балалар қоғамының» құрылуы жатады .Мектеп жасына дейінгі баланың басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы өз «менің» және өз қылықтарының маңызын аңғарудың арта түсуімен үлкендердің ішкі дүниесіне олардың іс - әрекеттері мен өзара қарым-қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады.
Еліміздің болашағы - бүгінгі балалар. Ал олардың қандай азамат болып шығуын қадағалау - қазіргі балабақша мектептерге, тәрбиеші мұғалімдерге тікелей жүктелетін жауапты жұмыс. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі балалардың өзара және ересектермен арасындағы қарым- қатынасы аса маңызды өзекті мәселе болатыны сөзсіз.
Қарым – қатынас - ол адамның жеке басының дамуында қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Тілдесу арқылы адамдар өзара қарым -қатынас жасап, бір- біріне білдірмек болған ойын жеткізіп пікір алысады
Қатынас жасау - басқалармен тіл табысу, әрбір адамның өмір тәжірибесіне біліміне ақыл ойына байланысты жүзеге асады. Қарым- қатынас жасауда ақпаратпен алмасу, өзара ықпал өзара баға беру, сенім, көзқарас, мінез қалыптасады. Егер адамдар өзара қарым- қатынас жасамаса онда тіршіліктің мәні болмас еді. Адамдар арасындағы қатынас жасауда аса маңызды шарттардың бірі - сөйлеушілердің өз ой пікірлерін басқа тыңдаушыларға жеткізе білуі және әсер етуі. Қарым- қатынас қазіргі уақытта психологияда үлкен орын алады. Балалар әрекетінің түрлері ойын еңбек, оқу, қарым - қатынас арқылы жүзеге асады. Баланың ересек адамға эмоциялық жағынан көп жағдайда кіріптар болатынын білген пайдалы .Эмоция тапшылығы яғни баланың көніл- күйіне жақсы әсер ететін беделді, ересек адам эмоциясына қажеттілік, көп жағдайда баланың мінез - құлқын айқындайды. Ересек адамның балалармен қарым- қатынас жасауы, балалардың сабақ кезінде ойын бөлмесіндегі және сабақпен көңіл көтеруге арналған, басқа да жерлердегі мінез -құлықтарына әсерін тигізеді. Тәрбиешінің балаларға қарым-қатынасы жатсыну позициясымен ерекшеленеді. Өз тәрбиешісінен эмоциялық жақындықты сезбеген бала жүзеге аспаған жағымды эмоцияға қажеттігінің орнын санасыз түрде толтыруға тырысады. Баланың пікірінше парталас өз көршісімен немесе тағыда біреулермен сөйлесу сәті туысымен - ақ , ол кез- келген нәрсе жайында сөйлесе бастайды. Арақашықтықты құралмен өлшеу оның математикалық өлшемі бар деп айту мүмкін емес. Арақашықтықты дұрыс анықтау шығармашылықты талап етеді, әр тәрбиеші бұл мәселені өзі шешеді. Ара қашықтық өлшемі бала мен тәрбиешінің қарым -қатынастағы сөйлесуінде, дауыс ырғағында көрінеді, балалардың бойында әлеуметтік жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру,өзін және өзгелерді түсінуге және құрметтеуге тәрбиелеу.Қарым-қатынастың зорлық-зомбылықсыз үлгісін ұстана отырып, әртүрлі өмір сүру, баға беру қабілеттерін арттыру - педагогтардың баланың жеке тұлғасын қабылдай және түсіне білуі. Баламен қарым-қатынасқа түскен кездегі ересек адамның педагогикалық ізеттілігі талаптан шығу қажеттілігіне емес, оң көзқарас пен мейірімділікке негізделуі керек. Педагогпен қарым-қатынасқа түсу-баланың сана- сезімін дамыту үрдісін жүзеге асырудың ең негізгі обьективті шарты,онсыз баланың дамуын жүзеге асыру мүмкін болмайды немесе қиыншылыққа ұштасады.Тәрбиеші мейірбан болып, балаларды сол қалпында сүюге тиісті . Тентегін де тіл алғышын да , жалқауын да, ыждахаттысын да бірдей жақсы көру парыз . Тәрбиеші үнемі кәсіби шеберліктерін шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жұзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал етуі қажет. Балабақша тәрбиешісі қызметінің ішіндегі аса маңыздысының бірі-баланың денсаулығы мен өмірін қорғау, яғни педагогикалық қызмет. Бұл қызметті аса маңызды деп қарастыратын себебіміз ,мектепке дейінгі шақта баланың ағзасы ауруларға қарсы тұра алмайтын ,әлсіз болып келеді. Тәрбиеші баланың физикалық дамуы мен оның денсаулығын қорғауға жағымды жағдай жасауы қажет .Балаларды мектепке физикалық түрде даярлау тәрбиешінің парызы болып табылады.Балалардың денсаулығын қорғау мәселелеріне назардың жоғарылауы жалпы білім беретін және кәсіби мектептердің реформасының ережесіне талап етеді . Халықта «Ағаш түзу өсу үшін, оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асадыОның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра , педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды. Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзінен ересек балалардың бір-бірімен қарым – қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс-тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі-өнеге.
Бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше Тәрбиешінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.