Әулиекөл ауданы әкімдігінің «Балапан» Құсмұрын балабақшасы» МКҚК
«Жолда жүру ережелері!»
Тәрбиеші: Камешова А.Д
2017 жыл
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! (Балалар амандасады)
Бүгін сіздер жол белгілеріне байланысты, бағдаршам туралы көптеген мәліметтер алуға дайынсыңдар ма?
(Балалар келіседі)
Жаттығулар орындау:
Балалар: Жоқ, білмейміз.
Тәрбиеші: Ендеше, мен сіздерге оны айтып түсіндірейін, ал сендер ұғып алыңдар. Жарайды ма?
Балалар: Жарайды.
Тәрбиеші: Менің үш көзім бар.
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді,
Қарап қалма жан-жаққа дейді.
Бұл – бағдаршам. Ол үлкен қалаларда кездеседі. Онсыз жол жүру мүмкін емес. Оның үш көзі болады: қызыл- красный- red, сары-желтый-yellow, жасыл-зеленый-green.
Қызыл түс –қимылдама, баспа алға,
Қиылыста қарап тұрма аспанға.
Сары түс – сәл сабыр ет, дайындал,
Жасыл түс, жүре бергін, жасқанба – дейді.
Ал мына суретте тротуар, яғни жаяужол. Ол көшенің жаяу жүрген адамдарына арналған бөлігі. Онда тек жолаушылар жүреді. Жаяужолдан өткен кезде көліктер адамдарға жол береді, машиналар тоқтайды, адамдар қалаған жерлеріне барады
Машина туралы өлең:
«Бип-бип-бип – дейді,
Жол шетіне кет дейді,
Күшікті басуға, басуға,
Болмайды, болмайды, машина».
1 Тапсырма: Секіртпе доппен секіру қайта оралу
1–ші бала секіртпемен секіре белгіні айнала қайта оралады,2 –ші бала жалғастырады.
2 Тапсырма: Кедергілерден жүгіру
Гимнастикалық орындық арқылы үстімен жүру, сақиналар арқылы секіріп өтіп, кеглиді айналып қайта оралу.
3 Тапсырма: Гантельді орнына жеткізу.
Балалар сапқа тұрып тепе-теңдікті сақтап гимнастикалық орындық арқылы өтіп қолдарындағы гантельді орнына жеткізу.
4 Тапсырма: Машинамен кеглиді айналу.
Әр топқа бір машинадан беріледі, сол машинаға отырып, кеглиді айналу.
5 Тапсырма: Сызықтар арқылы секіру.
Алаң бойында сызықтар орналасқан сол сызықтар бойынша қолдарынды белге қойып секіріп өтулерін керек.