kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Желто?санда ?зілген жау?азындар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Желто?санда ?зілген жау?азындар  

Ма?саты: Елін, жерін, тілін ??рметтейтін, ?з отанын с?йетін азамат ?алыптастыр, от ж?ректі ?жет мінезді ?л-?ыздарды? ерлік істеріне м??гі ??рмет к?рсетуге баулу. Патриотты? сезім ?алыптастыру.
К?рнекілігі: Желто?сан ??рбандарыны? суреттері, кітап к?рмесі.
І ?йымдастыру б?лімі:
- Балалар, бізді? т?уелсіздік ал?анымыз?а неше жыл толып отыр?
- 15 жыл толып отыр.
- Желто?сан о?и?асына неше жыл толып отыр?
- 20 жыл.
- Т?уелсіз мемлекет ретінде бізді? ?андай р?міздеріміз бар?
- Туымыз, елта?бамыз, ?н?ранымыз бар.
- Бізді? президентіміз кім ?
- Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев.
- Мемлекеттік тіліміз ?ай тіл ?
- Мемлекеттік тіліміз ?аза? тілі.
- Балалар, біз осы т?уелсіздікке о?айлы?пен ?ол жеткізген жо?пыз.Оны? бір к?рінісі желто?сан о?и?асы.
Желто?сан о?и?асы ?зіні? ?айсарлы?ымен, ал?а ?ой?ан ма?сат-м?ратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де ?рбір адамны? есінде м??гі са?талады.
1986 жыл?ы желто?сан о?и?асы ?аза?ты? басын біріктіріп, бір ж?дыры??а ж?мылдыр?ан ба?ытты да, ?ай?ылы к?н еді. Желто?сан жа??ыры?ы к?зден де к??ілден де кетер емес.
Б?кіл бір ?лтты? с?йегіне та?ба т?сіріп, ?ділетсіз шешім ?абылданып, халы?ты?
ар-намысы таразы?а салын?ан сын са?атта д?лей к?шке ?аймы?пай ?арсы шы??ан жастарды? ерен е?бегі ?рпа?тан-?рпа??а ?лгі.
Осыдан 20 жыл б?рын, я?ни 1986 жылы Алматыны? бас ала?ына жастар жаман ойме бар?ан жо?. Ол ар бейбіт жолмен т?уелсіздікке ?ол жеткізу ?шін ?атыс?ан.
Енді міне, осы желто?сан к?терілісіне ?атыс?ан а?аларымыз бен апаларымызды? ар?асында ата-бабаларымыз ?ш ?асыр?а жуы? уа?ыт бойы арманда?ан т?уелсіздікке ?ол жеткіздік. Б?л о?и?а д?ниені д?р сілкіндірді. Б?л желто?сан к?терілісіне ?аза? ел аузында ж?рген, тарихта аты ?ал?ан ?.Рыс??лбеков, Л.Асанова, С.М?хаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен а?аларымыз ?атысты.
Сабина: Желто?сан-заман тол?а?ы байта? даланы?,
Шарпыс?ан с?тті ?міт пен к?дік наланы?.
?айрат, Л?ззат пен С?бира
??рбаны бол?ан жаланы?.

Н?ржан: «Наша?ор» деп «?лтшыл» деп,
?аза??а к?йе жа??ан к?н.
Базары кетіп бір к?нде,
?ай?ы?а халы? бат?ан к?н.
С?бираны? о?у орнында ата-анасын ша?ырып ?лкен жиналыс ?ткізеді. ?за? кін?лап, жала жауып «?ызы?ыз тентекгенсіз» деген ?стаздарыны? с?зі жанына аяздай батты А? самайлы анасын аяды.
К?тпеген жерден: «Б?ріне кін?лі мен, жазала?дар мені. Оларды о?у орнынан ?ума?дар! Шеруді де мен ?йымдастырдым. Б?ріне мен жауап беремін»,- деп кесіп айт?ан с?зінен жинал?андар сілтідей тынды. С?бира жиналысты тастай, сырт?а ?арай ж?гіре ж?нелді.
Сол бойымен намысшыл ?ыз жата?ханасыны? бесінші ?абатынан секіріп кетті. Оны? ?мірі ерте ?зілді. Семсердей ?ткір айт?ан с?здері ол о?ы?ан о?у орнынан бірде бір ?аза? ?ызын ?удалатпай, о?уынан ?удырмай, жала жап?ызбай са?тап ?алды.
Дарина: Желто?санда шынды? жырын шыр?аймын деп шар? ?рды?,
Желто?санда егеменді ел болса? деп талпынды?.
Кеуде?де ?лі сызы жатыр сол кездегі сал?ынны?
Айналайын, айналайын жас ?ркені хал?ымны?!


Міне, ?мірден та?ы бір ?ыршын жас ?ыз?алда? осылай кеткен еді.Алматы музыка училищесіні? студенті Л?ззат Асанова?а ?зін-?зі ?лтірді деген ?тірік жала жабыл?ан еді. Тексере келе Л?ззатты? ала?да бол?аны аны?талады.
Елхан: ?аймы?пады ыз?арынан, б?лтынан
?алтыратты империя іргесін.
Халы?тарды? бостанды??а ?мтыл?ан,
Бастап берді бір к?шін.
К?рініс ?ойылады.
Т?н.К?дімгі миллионда?ан т?ндерді? бірі,біра? б?л т?н ?згеше т?н еді. Себебі б?л т?нде ?аланы? кез-келген т?сынан ?стал?ан жастарды ?рып-со?ып, ?лімші халге жеткізді. Осындай ?атігездікті к?рген, олар?а араша т?сем деп, ж?ргендерді? бірі ?айрат Рыс??лбеков еді.
 Мади: - ?ста?дар б?за?ыны! ?кеті?дер, жауып таста?дар!
- Савицкиді ?лтірген сен бе?
Ислам: Жо?, мен емес.
Мади: - Сен ?лтірген. Мойны?а ал!
Ислам: - Мен ?лтірген жо?пын, ?тірік жала жаппа?дар!
К?н?дан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
?ас?алда?тай ?аным бар,
Бозтор?айдай жаным бар.
?айрат деген атым бар,
?аза? деген затым бар.
«Еркек то?ты ??рбанды?
Атам десе?, аты?дар!»
КСРО Жо?ар?ы ке?есі Президиумыны? шешімі мен 1988 жыл?ы 28 с?уірдегі указымен ?айрат?а кешірім жасалып, 20 жыл бас бостанды?ынан айыруымен ауыстырылды.
Алайда, б?л хабар ?айратты ?уанта ал?ан жо?.
?айратты? хаты ?нтаспадан жіберіледі.
«Міне, ?здері? естігендей ату жазасын 20 жыл?а ауыстырды. Б?л ?рине, біреуге ?уаныш, біреуге азап. ?з басым б?л ?шін ?уан?ам жо?. ?йткені, асыл анашым, т?сіні?ізші! Мен сорлы б?л тас зынданда жазы?сыздан жазы?сыз еш отыр?ым келмейді. 11 ай ішінде ?ай?ы-?асіреттен ?бден ж?йке тамырым ж??арды. ?бден шаршадым. Сол себептен 20 жыл бойы ?з-?зімді ?ина?ым келмейді.»
1988 жылы 21 мамырда Семей ?аласында?ы т?рмені? 21- камерасында ?айрат 21 жасында «?зін-?зі ?лтірді» деген атпен ??пия т?рде ?аза тапты.
?ділет: ?сер ?лды? ?ай с?тте де бірлік болма? ?алауы,
Лаула! Лаула! Желто?санны? м?з?а жан?ан алауы!
?здері?дей ?р намысты жас ?ркені бар елді?
Еш?ашанда тиісті емес е?кеюге жалауы!

Алтынай: ?р ?аза?ты? есінде са?талады,
Желто?санды? ?ркендер а?талады.
Ер намысын ?ор?а?ан сарбаздарым,
Ерліктері? м??гілік са?талады.
Желто?сан ж?лдыздары ?айрат Рыс??лбековке «Халы? ?аhарманы» ата?ы беріліп, айры?ша ерекшелік белгісі «Алтын ж?лдыз» тапсырылды. С?бира, Л?ззаттар?а а?тау ж?ніндегі аны?тама ?а?аздары берілді.
Мер уерт: Болсын осы ар алдында с?з а?ты?,

?ан мен намыс болса бойда ?аза?ты?.
?айтпас ?айсар ?асиетті к?респен,
Алыппыз біз м??гі те?дік,азатты?.
Желто?сан о?и?асы ?арат Рыс??лбеков, Ербол Сыпатаев, С?бира М?хаметжанова, Л?ззат Асанова т?різді батырларымызды? бар екенін д?лелдеп берді.
Ендеше, сол желто?сан ??рбандарын бір минут ?нсіздікпен еске алайы?
Арада т?рт жыл ?ткен со? 1990 17-желто?санда сол ала??а ескерткіш та?та ?ойылды.

Еркебулан: Серпіп б?лтты бас?ан елді? бар мысын,
Туды к?нім ?ділетті арлы шы?.
Алыс жолдан зары?тырып, шаршатып
Келді? бе сен, Азатты?ым, армысы?!
Осы о?и?адан кейін арада 5 жыл ?ткенде 1991 жылды? желто?сан айыны? 16-сы к?ні ?аза? елі шынайы т?уелсіздік алды. Биыл, міне, 15 жыл толып отыр.
Т?уелсіздік, б?л-басымыз?а ?он?ан ба?, ба?ыт.
Айда : К?п ?лтпыз бірлігі зор, бір туыс?ан,
Ше?гелін сала алмас ар д?шпан.
Жасай бер еркіндікке ?олы жеткен,
Т?уелсіз егеменді ?аза?стан!
Жау?азын ерте к?ктемде ?ар астынан шы?атын н?зік г?л. ?ар еріп, к?н ?атты ?ыз?анда, тез ?урап кетеді. Желто?сан ??рбандарыны? да ?мірлері осы жау?азынны? ?міріндей ?ыс?ы болды.

 Жансая: Бас ала?да ел жос?ан,
Жастар ?аны жу?ан т?н.
16 желто?сан-
Т?уелсіздік ту?ан к?н!
Міне, балалар, б?гінгі та?да ?аза?стан т?уелсіз мемлекет. Бізді? ?зімізді? туымыз, елта?бамыз, ?н?ранымыз бар. Егеменді ?аза?стан мемлекетіміз.
Сендер Отанымызды? ?рпа?тарысы?дар. Жа?сы о?ып,?лгілі, т?ртіпті болы?дар. ?з елі? мен жері?ді к?ркейтіп, ?аза?станны? намысын ?ор?айтын келешек ?рпа?ты? а?ылшысы, тірегі сендер болма?сы?дар.
 Т?рбие са?аты «Желто?сан желі» ?німен ая?талады.

?н    «Желто?сан  желі»

Желто?сан бірде,
Ел тос?ан т?рде,
Келетін м?лде жайдарлы.
Сол жылы біра?,
?деттен жыра?
К?рінді шын а? айбарлы.

То?дырды мені,
То?дырды сені
Желто?сан желі ыз?арлы.
Солдырды г?лді,
О?дырды н?рды,
К??ілде м??ды із ?алды.

Жо?алтып нуын,
Жо?алтып ?уын;
Арал да суын тауысты.
?а?ырап мекен,
А?ырап б?кен,
?ріске б?тен ауысты.

То?дырды мені,
То?дырды сені
Желто?сан желі ыз?арлы.
Солдырды г?лді,
О?дырды н?рды,
К??ілде м??ды із ?алды.

Шай?алды к?йім,
Шай?алды миым -
Бомбалар жиі жарылды.
Малым да кеміп,
?лім де кеміп,
?инады берік жанымды.

То?дырды мені,
То?дырды сені
Желто?сан желі ыз?арлы.
Солдырды г?лді,
О?дырды н?рды,
К??ілде м??ды із ?алды.

Бабалар ?лер,
Балалар келер,
Аналар берер тіршілік.
Г?лденер дала,
Т?рленер ?ала,
Б?та??а жа?а б?р шы?ып.
То?дырды мені,
То?дырды сені
Желто?сан желі ыз?арлы.
Солдырды г?лді,
О?дырды н?рды,
К??ілде м??ды із ?алды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Желто?санда ?зілген жау?азындар »

Желтоқсанда үзілген жауқазындар

Мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыр, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру.
Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері, кітап көрмесі.
І Ұйымдастыру бөлімі:
- Балалар, біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр?
- 15 жыл толып отыр.
- Желтоқсан оқиғасына неше жыл толып отыр?
- 20 жыл.
- Тәуелсіз мемлекет ретінде біздің қандай рәміздеріміз бар?
- Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
- Біздің президентіміз кім ?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Мемлекеттік тіліміз қай тіл ?
- Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.
Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың
ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.
Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман ойме барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
Сабина: Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.
Қайрат, Ләззат пен Сәбира
Құрбаны болған жаланың.

Нұржан: «Нашақор» деп «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.
Сәбираның оқу орнында ата-анасын шақырып үлкен жиналыс өткізеді. Ұзақ кінәлап, жала жауып «Қызыңыз тентекгенсіз» деген ұстаздарының сөзі жанына аяздай батты Ақ самайлы анасын аяды.
Күтпеген жерден: «Бәріне кінәлі мен, жазалаңдар мені. Оларды оқу орнынан қумаңдар! Шеруді де мен ұйымдастырдым. Бәріне мен жауап беремін» ,- деп кесіп айтқан сөзінен жиналғандар сілтідей тынды. Сәбира жиналысты тастай, сыртқа қарай жүгіре жөнелді.
Сол бойымен намысшыл қыз жатақханасының бесінші қабатынан секіріп кетті. Оның өмірі ерте үзілді. Семсердей өткір айтқан сөздері ол оқыған оқу орнынан бірде бір қазақ қызын қудалатпай, оқуынан қудырмай, жала жапқызбай сақтап қалды.
Дарина: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!


Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді.Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың алаңда болғаны анықталады.
Елхан: Қаймықпады ызғарынан, бұлтынан
Қалтыратты империя іргесін.
Халықтардың бостандыққа ұмтылған,
Бастап берді бір көшін.
Көрініс қойылады.
Түн.Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі,бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатігездікті көрген, оларға араша түсем деп, жүргендердің бірі Қайрат Рысқұлбеков еді.
Мади: - Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!
- Савицкиді өлтірген сен бе?
Ислам: Жоқ, мен емес.
Мади: - Сен өлтірген. Мойныңа ал!
Ислам: - Мен өлтірген жоқпын, өтірік жала жаппаңдар!
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық
Атам десең, атыңдар!»
КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының шешімі мен 1988 жылғы 28 сәуірдегі указымен Қайратқа кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айыруымен ауыстырылды.
Алайда, бұл хабар Қайратты қуанта алған жоқ.
Қайраттың хаты үнтаспадан жіберіледі.
«Міне, өздерің естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине, біреуге қуаныш, біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғам жоқ. Өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде қайғы-қасіреттен әбден жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым. Сол себептен 20 жыл бойы өз-өзімді қинағым келмейді.»
1988 жылы 21 мамырда Семей қаласындағы түрменің 21- камерасында Қайрат 21 жасында «өзін-өзі өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза тапты.
Әділет: Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзға жанған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!

Алтынай: Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаhарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.
Мер уерт: Болсын осы ар алдында сөз ақтық,

Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік,азаттық.
Желтоқсан оқиғасы Қарат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.
Ендеше , сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық
Арада төрт жыл өткен соң 1990 17-желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылды.

Еркебулан: Серпіп бұлтты басқан елдің бар мысын,
Туды күнім әділетті арлы шың.
Алыс жолдан зарықтырып, шаршатып
Келдің бе сен, Азаттығым, армысың!
Осы оқиғадан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Биыл, міне, 15 жыл толып отыр.
Тәуелсіздік, бұл-басымызға қонған бақ, бақыт.
Айда : Көп ұлтпыз бірлігі зор, бір туысқан,
Шеңгелін сала алмас ар дұшпан.
Жасай бер еркіндікке қолы жеткен,
Тәуелсіз егеменді Қазақстан!
Жауқазын ерте көктемде қар астынан шығатын нәзік гүл. Қар еріп, күн қатты қызғанда, тез қурап кетеді. Желтоқсан құрбандарының да өмірлері осы жауқазынның өміріндей қысқы болды.

Жансая: Бас алаңда ел жосқан,
Жастар қаны жуған түн.
16 желтоқсан-
Тәуелсіздік туған күн!
Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
Тәрбие сағаты «Желтоқсан желі» әнімен аяқталады.





Ән «Желтоқсан желі»

Желтоқсан бірде,
Ел тосқан түрде,
Келетін мүлде жайдарлы.
Сол жылы бірақ,
Әдеттен жырақ
Көрінді шын ақ айбарлы.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.

Жоғалтып нуын,
Жоғалтып қуын;
Арал да суын тауысты.
Қаңырап мекен,
Аңырап бөкен,
Өріске бөтен ауысты.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.

Шайқалды күйім,
Шайқалды миым -
Бомбалар жиі жарылды.
Малым да кеміп,
Әлім де кеміп,
Қинады берік жанымды.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.

Бабалар өлер,
Балалар келер,
Аналар берер тіршілік.
Гүлденер дала,
Түрленер қала,
Бұтаққа жаңа бүр шығып.
Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.

«Қазақ ССР-ында 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары кезіндегі қылмыстық істері үшін сотталғандарға қолданылған шаралар» туралы республика прокуратурасының комиссияға берген ақпар-деректері бойынша 99 адамның тізімін кітапқа кіргізудің сәті түсті.

Әуелде олардың аты-жөндерін баспасөз беттерінен тірнектеп теріп жүрдім. Бірақ, қырық шақтысын кездестіріп, жазып алғаныммен көңіл толмады, тізім толық болмайтын сияқты.

Содан комиссия төрағасы М. Шахановқа жолығып, аз-кем әңгімелесіп, сол адамдардың тізімін тауып беруге көмектесуін өтіндім. Сондай-ақ "Желтоқсан" қозғалысының белсенді мүшесі, комиссияға белсене көмектескен, өзі де еш айғақсыз, дәлелсіз айып тағылып түрменің тар қапасында отырып келген А. Нәлібаевпен де жолығып сұхбаттастым. Олардың көмегіне ризалық сезімімді білдіре отырып, жазықсыз жаламен сотталған және түрмеге қамалған қаһармандардың тізімін беруді ойластырдық.

Намыс үшін бас тіккен ұландар:

  1. Рахметов Құрманғазы Әденұлы - ҚазМУ-дың студенті, 7 жыл.

  2. Жуандықов Болат Дүйсенұлы - ет комбинатының жұмысшысы, 5 жыл.

  3. Тілегенов Жармұханбет - Алматы театр-көркемөнер институтының студенті, 5 жыл.

  4. Мейірбеков Еркінбек Бөкенбайұлы - СМУ-23-тің электрмен дәнекерлеушісі, 4 жыл.

  5. Расалиев Нұрлыбай Жолдыбайұлы - СМУ-23-тің бетоншысы, 4 жыл.

  6. Декелбаев Ерлан Әбдірашұлы - "Радиотехника" магазин-салонының инженері, 6 жыл.

  7. Қалмұратов Құрбанбай Хайруллаұлы - жұмыссыз, 5 жыл.

  8. Асылбаев Молдағали Молдаханұлы - жұмыссыз, 7 жыл.

  9. Мұзафаров Алик Құндақбайұлы - СМУ-23-тің тас қашаушысы, 4 жыл.

  10. Шыныбаев Нұрман Әлібекұлы - политехникум студенті, 8 жыл.

  11. Ермеков Тоқтар - АГТХИ студенті, 5 жыл.

  12. Отарбаев Кенжебай - СМУ-11-дің пісірушісі, 6 жыл.

  13. Нәлібаев Аманжол - Ішкі істер министрлігінің бұрынғы капитаны, 5 жыл.

  14. Құдайбергенов Расылхан Омарұлы - Кинотехникум студенті, 5 жыл.

  15. Бисембаев Ерлан Бермаханұлы - Алматы зоовет институтының студенті, 8 жыл.

  16. Байболов Дүйсенбек - байланыс техникумының студенті, 5 жыл.

  17. Исабеков Сәбит Қалдықазыұлы - СМУ-30-дың бетоншысы, 4 жыл.

  18. Аймаханов Құттыбек Әуелбекұлы - СМУ-11-дің бетоншысы, 5 жыл.

  19. Молдыбаев Әділ Әбдетұлы - УПТК-ның бетоншысы, 5 жыл.

  20. Рамазанов Амандық Сәбитұлы - Киров атындағы заводтың жұмысшысы, 5 жыл.

  21. Есбосынов Аманжол Әсетұлы - СМУ-39-дың балташысы, 3,5 жыл.

  22. Рузиев Абайдулла Абдуллаұлы - Киров заводының жұмысшысы, 5 жыл.

  23. Байсымбеков Ерлан Мамырханұлы - ауылшаруашылығы институтының студенті, 5 жыл.

  24. Таубаев Бақытқали Артыпбайұлы - РСУ-дың балташысы, 4 жыл.

  25. Егізеков Арыстан Назымбекұлы - Алматы үй құрылысы комбинаты №5 цехының жұмысшысы, 4 жыл.

  26. Рамазанов Аскар Райымбетұлы - жұмыссыз, 5 жыл.

  27. Шабаров Алтай Қонысбайұлы - Алматы үй құрылысы комбинатының жұмысшысы, 3 жыл.

  28. Есімбаев Қадыр Сейітханұлы - АДК-нің жұмысшысы, 3 жыл.

  29. Иманбаев Ермек Қоштайұлы - Талғардағы №4 СПТУ оқушысы, 3 жыл.

  30. Әбілқайыров Қасым Бердіқожаұлы - Алматы сәулет-құрылыс институтының студенті, 5 жыл.

  31. Мәлібеков Ержан Әбдірахманұлы - №1 автопарк слесары, 5 жыл.

  32. Байғандиев Тілек - №1 автопарк жүргізушісі, 6 жыл.

  33. Дәулетов Жеңіс Садықұлы - АГТХИ студенті, 4 жыл.

  34. Есжанов Тыпышбек Қарлыбайұлы - СХИ студенті, 5 жыл.

  35. Есіркепов Уызбек Шәкірұлы - СХИ студенті, 5 жыл.

  36. Оразбаев Думан Пышанұлы - СХИ студенті, 3 жыл.

  37. Рахметов Қайрат Рахатұлы - ААСИ студенті, 4 жыл.

  38. Әуезов Жәлел Әуезұлы - АЗВИ студенті, 5 жыл.

  39. Әбдіреев Еламан Кеңесұлы - құрылыс техникумының студенті, 4 жыл.

  40. Арымбеков Жанас Қуатбекұлы - "Поршень" заводының токарі, 5 жыл.

  41. Қамбаров Қалдыбек Бахытбайұлы - АЗВИ студенті, 5 жыл.

  42. Бекбосынов Асқарбай - құрылыс техникумының студенті, 2 жыл.

  43. Әбдіқұлов Мырзағали - Шамалған АТП курсының оқушысы, өлім жазасы.

  44. Жұмажанов Ерікжан Досанұлы - СХИ студенті, 3 жыл.

  45. Қайранбеков Бауыржан Оқташұлы - ААСИ студенті, 3,5 жыл.

  46. Мүлікбаев Өткірхан Қошқарұлы - жұмыссыз, 3,5 жыл.

  47. Қуандықов Ермұхамед Әбдікерімұлы - ҚазМУ
    студенті, 5 жыл.

  48. Әбдіқадыров Берікбол Нүсіпұлы - жұмыссыз, 2 жыл.

  49. Қожахметов Хасен Кәріпжанұлы - Қазақ телевидениесінің редакторы, 4 жыл

  50. Қарабаев Шора Халықұлы - ҚазМУ проректорының көмекшісі, 6 жыл.

  51. Түкенов Қанат Жеңісұлы - АЗВИ студенті, 3 жыл.

  52. Ысмағұлов Орал Әлменұлы - ҚазМУ студенті, 3 жыл.

  53. Жолболдин Берікжан Елемесұлы - жұмыссыз, 3 жыл.

  54. Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы - ААСИ студенті, өлім жазасы.

  55. Тәшенов Түгелбай Тұрманұлы - СМУ-37-нің балташысы, 15 жыл.

  56. Тайжұмаев Жамбылбек - Алматы электротехникум студенті, 14 жыл.

  57. Күзембаев Қайыргелді Қалиақпарұлы - СМУ-40-тың жұмысшысы, 14 жыл.

  58. Қасенов Рүстембек Қадырбекұлы - АДК жұмысшысы, 2 жыл.

  59. Қанетов Аманбай Дүйсенұлы - АГТХИ студенті, 3 жыл.

  60. Айтмұрзаев Құрманғазы - АГТХИ студенті, 4 жыл.

  61. Иманқожаев Бақтыбек Жұмабекұлы - АГТХИ
    студенті, 3,5 жыл.

  62. Қасенбаев Мейрамғазы Жайнарұлы - АГТХИ
    студенті, 2 жып.

  63. Көпесбаев Ертай Төңірбергенұлы - ААСИ студенті, 4
    жыл.

  64. Уақов Әркен Батталұлы - ААСИ доценті, 8 жыл.

  65. Шаймерденов Ерік Тұрлығазыұлы - АЗВИ студенті, 3 жыл.

  66. Шекербеков Мұратбек Жандарбекұлы - №67 шахтаның проходчигі (Жезқазған обл.).

  67. Арынғазиев Болат Төлеғазыұлы - Алға қаласы жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы, 2 жыл 6 ай.

  68. Телеуов Болат Қойшыбайұлы - 2 жыл 6 ай.

  69. Қалбөкенов Берік Құтырбайұлы - Алға қаласы СПТУ-2 дене тәрбиесінің жетекшісі, 2 жыл.

  70. Баянғазин Азамат Мақұлбекұлы - Титан-магний комбинатының (Өскемен) слесарі, 1 жыл.

  71. Ардынқанов Ербол Жарықжанұлы - педучилище студенті (Өскемен), 1 жыл.

  72. Сақатов Тұрсынхан Селыханұлы - тау-кен техникумының студенті (Өскемен), 2 жыл еңбек түзеу жазасы.

  73. Ақтанов Ербол Дәркенұлы - пединститут студенті (Өскемен), 1 жыл 6 ай.

  74. Машанло Рүстем Ибрагимұлы - пединститут студенті (Талдықорған), 2 жыл.

  75. Нүкенов Амангелді Теміршотұлы - ауылшаруашылығы институтының студенті (Целиноград), 3 жыл.

Сонымен 2 азаматқа өлім жазасын беру туралы үкім шығарылған, 72-ін бас бостандығынан айырған, біреуі еңбек түзеу жазасын алған.

Ел мен ердің намысын ту еткен қызғалдақтай жас арулар:

  1. Сәбитова Жансая Әлкейқызы - Алматыдағы №19 жұмысшы жастар орта мектебінің оқытушысы, 5 жыл.

  2. Салықова Нағима Аскарқызы - Алматы бас киімдер фабрикасының бухгалтері, 3 жыл.

  3. Еспенбетова Қаншайым Мұхатқызы - "Поршень" зауытының токарі, 3 жыл 6 ай.

  4. Махметова Айткүл Әбдірахманқызы - №1 баспахананың жұмысшысы, 2 жыл.

  5. Әбілқайырова Гүлнар Бердіқожақызы - бас киімдер фабрикасының тігіншісі, 3 жыл.

  6. Панинова Гүлвира Төлебайқызы - бас киімдер фабрикасының тігіншісі, 2 жыл.

  7. Шамаева Галимат Әбенқызы - бас киімдер фабрикасының тігіншісі, 2 жыл.

  8. Лепесбаева Гүлнар Сабырғалиқызы - бас киімдер фабрикасының тігіншісі, 2 жыл.

  9. Рақымжанова Гүлмира Әкімжанқызы - бас киімдер фабрикасының тігіншісі, 2 жыл.

  10. Иманбаева Қайыпхан Сұлтанқызы - "Поршень" зауытының токарі, 3 жыл.

  11. Рамазанова Ғалия Файзуллақызы - тігінші-мотористка, 1 жыл (еңбекпен түзеу жазасы).

  12. Мергенова Бақша - мүгедектігіне байланысты жұмыс істемеген, 3 жыл.

  13. Әлиева Раушан - Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті, 1 жыл.

  14. Еркінбекова Әлия Төреханқызы - Қарағанды медицина институтының студенті, 1 жыл 6 ай.

  15. Досанова Жанат Әбдірахманқызы - Қарағанды медицина институтының студенті, 1 жыл 6 ай.

  16. Мусина Гүлден Қанафияқызы - Қарағанды медицина институтының студенті, 1 жыл 6 ай.

  17. Сәрсенбекова Раиса Мырзабекқызы - бухгалтер-ревизор, 2 жып.

  18. Кәрімғазина Гүлжан Ғазизқызы - кооператив техникумының студенті, 1 жыл.

  19. Серекенова Анар Жемісханқызы - Заң техникумының студенті, 1 жыл 6 ай.

  20. Айтжанова Жанат Нәукенқызы - пединституттың студенті, 1 жыл 6 ай.

  21. Шынықұлова Ләйлә Бекенқызы - пединституттың студенті, 1 жыл еңбекпен түзеу жазасы.

  22. Шоқаева Ғалия Құдысқызы - жатақхана вахтері, 2 жыл.

  23. Мусина Мәншүк Жанатқызы - юристік техникумының студенті, 1 жыл 6 ай қара жұмысқа жіберілген.

Сөйтіп, 20 жас ару бас бостандығынан айрылған, 2-не еңбекпен түзеу жазасы берілген, біреуі қара жұмысқа жіберілген.

Зерделей келгенде нені байқаймыз: 99 адамның екеуіне - Қ. Рысқұлбеков пен М. Әбдіқұловқа өлім жазасы беріліп еді, кейін олардың ісі қайта қаралып 20 жыл бас бостандығынан айырумен алмастырылды, әуелде бір адам - Т. Тәшенов - 15 жылға, екеуі - Ж. Тайжұмаев пен Қ. Күзембаев -14 жылға, екеуі - 8 жылға, үшеуі - 7 жылға, төртеуі - алты жылға, жиырма екі адам 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Жоғарыдағы адамдардың аттары қолыма түскен ресми орындардың тізімі бойынша келтірілді. Ол тізім менің қолыма 1990 жылдың аяғына таман түсіп еді. Ал "Жас алаш" газетінің 1992 жылғы 5 қыркүйекте шыққан санында сол тізім жарық көрді. Тізімде жоқ болғанмен төрт адамды бөлек айтпақпыз. Олар - Бөлеков Ғабиден (65-бап бойынша ақталып, оған 177-бап тағылады), Жолтышев Хамидолла (еркінен тыс емдеуге жіберіледі), Нұрмұхамбетов Қайрат (істі облыстық прокуратура жапқан), Сағыпаев Асқар (психикалық ауруға байланысты бөлек іске аударылған).

Сонымен іс қозғалып, сотты болғандар 99-да, 102-де, 103-емес, 110 болып отыр. Іздестірсе әлі де табылуы мүмкін.

Көпшілік қауымның талаптары ескеріліп олардың істері кайта қаралып, жаза мерзімдері қысқартыла келіп, кейбіреулері мерзімді уакыттарын өтеп, бәрі дерлік түрмеден босап шықты. Тек 1991 жылдың аяғына дейін түрмеден босатылмағаны екеу, олар Т. Тәшенов пен М. Әбдікұлов. Ал 38-і ақталмай жатыр.

Ақиқаттың жолы қиын да қатерлі. Қалайда бас тіккен қауым соған қол жеткізді, сотты болған, әртүрлі жаза алған азаматтар түптің түбінде бес жылғы сергелдеңнен кейін ақталды. Савицкийді өлтірді деген кінә тағылған Қайрат Рысқұлбеков те ақталды. Әттең деп тіліңді тістейсің, кеш ақталғанына өкінесің. 1992 жылғы 21-ақпан күні өткен республика Жоғарғы Сотының құрбандарды ақтаған пленумы кеш қалды. "Ештен де кеш жақсы" демекші, бұл кезде Қайраттың жарық дүниеден кетіп қалғаны қабырғаға батса да, оның толық ақталғанына шүкіршілік етесің.

Ресми орынның ақпарат тізімінде сотталған 99 адамның ғана көрсетілуі күдік туғызатын сияқты. Сотты болып, жаза алғандар одан артық болуы керек. Олай деуімізге дәлеліміз мыпау: мысалы сол тізімде Қасымхан Майқанов деген азаматтың есімі жоқ, ал оның өзі былай дейді: "Мен де қаһарлы желтоқсан тұтқындарыпың бірімін. Маған таңылған "айып" негізінде Сібір өлкесінде бір жарым жыл кесімді жазамды өтеп қайттым. Рас, кейін ақталдым". ("Алматы Ақшамы", 17. 10. 1991). Қ. Майқанов "Желтоқсан" партиясының мүшесі, құрылысшы болып істеген. Ол 1991 жылдың қыркүйек айында Алматыдағы орталық әмбебап дүкенінің алдындағы алаңда аштық жариялап, республика үкімет басшыларына төмендегідей талаптар қойды:

-"1986 жылғы 17-18 желтоқсанның құрбандарын толық ақтап, олардың тартқан моральдық және материалдық шығындарының өтемі төленсін;

- Соларды жазалаған басшылар (партократия) жауапқа тартылсын".

Не керек, жазықсыз желтоқсан тұтқындарының қасыретін ойға алып, жазалаушыларды жауапқа тартатын шаралар колданатын жанашыр басшы шықпай отыр. Сондай-ақ, санатқа әдейі қосылмады ма, әлде басқа бір құпиялылық бар ма, кім білсін, Қ.Майқанов сияқты тар қапасқа отырғызылып, бірақ прокуратура тізімінен тыс қалғандар жоқ дегенге енді сене алар ма екенбіз. Өмірлерін ызғар қарып, үсік шалған, жас жандары жапа шегіп, адамдық арларына дақ түскен, кеудесін зіл батпан басып, көңілі жүдегендер, із жасыру мақсатында сотталғандар қатарынан өшіріліп тасталғандар әлі де табылатынына күмән етуіміз жарамас.

Қазақ ССР денсаулың сақтау министрлігінің дерегі бойынша желтоқсан оқиғасында жарақат алып ауруханаларға түскен адамдардың саны 83. Олардың 82-сі қазақ, біреуі башқұрт азаматы. Олар №2, №4, №5 қалалық клиникалық, денсаулық сақтау министрлігінің 4-ші Бас басқармасының Орталық жедел дәрігерлік жәрдем беру, орталық қалалық клиникалық, Алматы облыстық ауруханаларына, хирургия институтына жатқызылды. Қақтығыс кезінде 44 адам бас сүйегі мен миына жарақат алған екен. Бұл нені білдіреді? Әскерлер, милиция қызметкерлері, жасақшылар бар қаруын, негізінен, қорғансыз желтоқсаншылардың бастарыпан аяусыз ұрып, асқан қатыгездік істеген. Ауруханаға түскендердің ішінде миы қозғалғандары, омыртқасы омырылғандары, жақ сүйектері, қабырғалары, аяқ-қолдары, бет-ауыздары жарақаттанғандары қаншама. Политехникалық институттың студенті Н. Садықовтың кеудесіне пышақпен көптеген жара салынған. Миы қозғалған 21 адамды өмір бойы мүгедек болып қалмайды деп кім айта алады.

Ауруханаларға жатпай амбулаториялық емдеу жолымен медициналық жәрдем көрсетілген адамдар саны 286. Олардың 281 қазақ, 5 басқа ұлт өкілдері - әртүрлі жарақат алғандар. Алғаш қорқып, қашқақтап жүрген, бара-келе жанына батқан, сөйтіп дәрігерлерге көрінген олардың ішіндегі 20 адамның мыйы қозғалған. Көпшілігі басынан жарақаттанған.

Сөйтіп, соққы жеген, изоляторларда отырған, сотталған, жұмыстан қуылған, оқудан шығарылған, партиядан, комсомолдан қуылған жастардың бәрі дүрбелең құрбандары. Әділетсіздіктің ащы дәмін татқан олар "басқа түссе баспақшыл" күй кешті, әуелде еш жерден, ешкімнен қорған таба алмады.

Тоқтар Бейісқұлов,  жазушы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Желто?санда ?зілген жау?азындар

Автор: Акишева Баян Сериковна

Дата: 20.02.2015

Номер свидетельства: 176742


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства