Білім беру саласы:Қатынас Ойын - сауықтың тақырыбы: «Жайдарлы жаз» Ойын - сауықтың мақсаты: . Жаз мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту Жаз мезгілі, жазғы ойындар, жазғы табиғат, жазғы еңбек жайлы түсінік беру. Затты зерттеуге алгоритм жасауға үйрету. Танымдық, шығармашылық қасиеттерін,тілін, сөздік қорын дамыту. Сабаққа қызығушылығын арттыру: Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Шыдамдылыққа тәрбиелеу. Сабақтың барысы: Амандасу :Амансың ба нұрлы күн! Амансың ба қара жер! Аман –есен болайық! Бейбітшілік қалайық!
Балалар, суретте не бейнеленген? - Казір жылдың қай мезгілі? Жазда қандай өзгерістер болады?
Жаз айлары: …, …, … . Бұл жыл мезгілі сендерге немен ұнайды? Жазда бау-бақшада не өседі?
Ең ыстық жыл мезгілі: … .
Жаз Жаз – өте ыстық жыл мезгілі. Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Жазда балалар демалады. Олар ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Жазда балалар суға шомылады, күнге күйеді. Орман тоғайларға барып, жидек, саңырауқұлақ тереді. Балалар жазды өте жақсы көреді.. Жаз - мезгілі өте тамаша жыл мезгілі. Біздің сұлу табиғатымызды көруге, жеріміздің түпкір-түпкірінен демалуға келеді. Жазда балалар суға шомылады.
Қонаққа қоян келеді. Көңілсіз.
Қоян: - Сәлеметсіздер ме балалар! Мен қайда келдім?
Тәрбиеші -Сәлеметсіз бе қоян, сен «Ивушка» балабақшасына келдің. Біз мында қазір жаз туралы әңгімелеп жатырмыз.
Қоян: - Жаз туралы? Сендермен бірге қалуға бола ма? Орманда менің достарым жан-жаққа қашып кетті ал мен үлгермедім. Ойнайтын достарым жоқ енді. Сосын сендерге қонаққа келдім.
Тәрбиеші -Әрине қал, қоян сен жазды жақсы көресің бе?
Қоян: -Мен жазды жақсы көремін. Жазда көп ойындар ойнауға болады. Бақшада менің ең жақсы көретін сәбізім өседі.
Тәрбиеші Иә біздің де балалар сәбізді жақсы көреді.
Қоян: сендер де жақсы көресіңдер ме?
Қоян: қызық? ал ағаштың қабығын жейсіңдер ме?
Тәрбиеші: Жоқ, әрине.
Қоян: Мен қателестім сендер нені жейсіңдер ? нені жемейсіндер?
Тәрбиеші: Ойлап таптым Қоян казір біз балалармен бір ойын ойнаймыз, Ойын ойнайтын кезінде жейтін жемейтін тағамдарды түсінетін боласыңдар. Ойынның атты «Жейтін жемейтін» Жейтін тағам болса балалар допты қағып алады, жемейтін болса балалар допты итеріп тастайды.
Қоян: Алақай, қандай жақсы ойын.
Тәрбиеші: Қоян казір мен сендерге жаз туралы жұмбақты жасырамын, ал сендер жұмбақтың шешуін табасыңдар. Жақсы ма?
1.Өрік алма,
Жидек жүзім піседі. Қауын ,қарбыз.
Қияр,сәбіз дүкендерге түседі.
Астық пісіп,орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім айтындаршы
Бұл қай кезде болады?
Жаз.
2. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұр шашады.
Күн. 3. Гүл ұшып гүлге қонады,
Гүл бақшам гүлге толады. Көбелек.
4. қанатты жоқ-ұшады.
Аяғы жоқ қашады. Жел.
5. Өзі сондай нәзік, Су құйсаң кетеді. Алақаның жайып. (гүл)
Қоян: -Ал сендер гүлдерді жақсы көресіңдер ме?
Тәрбиеші: - Гүлдер қандай түсті болады?
Қоян: Ал мен жазда далаға шығып гүлдерді жинауды жақсы көремін. Ал сендерде гүлдер бар ма?
Тәрбиеші: Бар, Міне олар, біз де гүлдерді жинауды жақсы көреміз. Қыздар гүлдерді жинаймыз ба?
Тәрбиеші Айлин сен қызыл түсті гүлдерді жина, сен Нармина сары түсті гүлдерді жина, ал сен Жансая ақ түсті гүлдерді жина. Бастаймыз.1,2,3,- баста!
Жаз туралы тақпақтар.
И.Жансая.
Жазды ыстық сүйемін
Сайрандап жүремін
Суына шомылам
Күніне күйемін.
Айлин.
Жазды келді алакай!
Ойнаймыз біз далаға ай,
Қамалып отырмай
Жүріңдер балақай
Тәрбиеші:Балалар, мынау бізде көл, көлде не жүзеді? Сендер әкелеріңмен балық аулауға барасыңдар ма?
Қоян: жоқ, жоқ мен барған жоқпын балық аулау білмеймін.
Қазір біздің балалар сені үйретеді.
Қармақты ұстап балық аулайық.
Қоян кел енді сенде балық аула.
Тәрбиеші Жарайсыңдар,балалар! Қоян саған балық аулау ұнады ма?
Қоян: Иә ұнады.
Тәрбиеші Біздің балалар балық аулауды біледі, гүлдерді жинай алады, олар музыканы да жақсы көреді. Музыка ырғағымен ойын ойналады.
Қоян: Қалай? Мен осындай ойын ешқашан ойнаған жоқпын.
Тәрбиеші: Қазір біздің балалар саған көрсетеді. Ойынның аты: «Музыкалық орындық». Музыка
ойнаған кезде балалар би билейді музыка тоқтаған кезде орындарына отырады. Кімге орындық
жетпей қалады сол бала ойыннан шығады.
Бастаймыз.
Қоян: Сендер менімен бірге ойнадындар,балық аулауға үйреттіңдер. Ал мен қазір сендерге бір сиқырр көрсетемін. Мынау сандықтың ішіне қарайық, іші бос. Сиқырлы сөздерді бірге қатты айтайық. 1,2,3 сиқырлы күш!!! Мүмкін сандықта сыйлықтар шығар. 1, 2,3 сиқырлы күш!!!
Кәне енді қарайық, Сандықтың ішінде осындай сыйлықтар жатыр ғой. Осы сыйлықтарды мен тәрбиешіне беремін ол сендерге сосын таратып береді.
Қоян: Балалар маған сендермен қызықты болды,бірақ маған енді орманға қайту керек. Сау болындар балалар!
Тәрбиеші: Біз бүгін не туралы әңгімелестік? Жазда қандай өзгірістер болады?
Жазды жақсы көреміз бе біз?
Бүгін сабаққа жақсы қатысты: Бауыржан,Айлин, Керим ,ж.т.б. Тәрбиеші: Осымен біздің жаз туралы ойын сауығымыз аяқталды.Назарларыңызға рахмет.