Мақсатым – ұлт болашағына алаңдайтын ұлы тұлғалар тәрбиелеу. Міндетім – тәліммен қоса тәрбиені де қатар беру. Еңбек еткен ұстаздық жолымда қанша шәкіртке бағыт-бағдар бердім. Білім бәйгесінде баптағандарым бүгінде бір отбасының ұйтқысы, бір елдің белді азаматы болып отыр. Мамандықпен мақтану әсте әбестік емес. Өйткені, мұғалімнің қашанда рөлі шынайы, болмысы биік. Педагогика мен психологияны қатар алып жүру кім-кімнің болсын қолынан келе бермейді. Ұстаздық жолында одан бөлек, қоғамнан да хабарың болуы маңызды. Демек, әлеуметтану да артықшылық етпейді. Философия да ұстаздың басты қаруы. Ұстаз – осындай әмбебаптықты талап ететін күрделі мамандық. Мен Ұстазбын. Ертеңгі күннің еңселі ұрпағын саналылыққа қарай бағыттау басты міндетім. Ол үшін білім де, әдіс пен тәсіл де, арнайы дәреже де маңызды емес. Ең әуелі адамдықтың шынайы бейнесін шәкіртке көрсете білу қажет. Мейірімге мұқтаж мына заманда мұғалімнің берері мол. Қаталдық қағидасы бұл күнде өз мәнісін жойған. Себебі, бүгінгі қоғам тым күрделі. Оқушы психологиясы да соған сай қиындау. Ата-анамен дұрыс қарым-қатынас орнату, оқушымен тіл табыса білу, түрлі методика арқылы қызығушылықты арттыру – ұстаздың жетістігі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Үйшік" ертегісі.»
«Үйшік , жаңа жылыңмен!» Қатысушылар: Тышқан,Әтеш,Кірпі,Қасқыр,Түлкі,Аю,Сауысқан,Қоян,Шырша. Перде жабылып тұрады, «Карновальная ночь» бейнефильмінен әуен ойналады. 1-Көрініс: Сахнадағы декорация: Үйшіктің ішкі көрінісі, бақа пештің түбінде құймақ пісіріп ,Тышқан диерменмен дән тартқылап, ал Әтеш пен қоян түрлі –түсті жалаушалар мен шарлары бар ұзын жіпті алып үйшікті безендіріп жатады жатады Бақа: Ква-ква-ква Түс боп қалды жақында. Достарым мен сендерге Көп қып құймақ пісірдім. Тышқан: Таңертеңнен бері мен Бір тоннадай дәндерді Өзім тарттым диерменмен. Кірпі: Қандай мақтаншақсыңдар! Ал, кім суға барды, Кім ағашты жарды? Әтеш: Ал, біз, үйшікті безендірдік! Тышқан: Үйшікте тұрған қандай жақсы, Сондай жайлы,әрі жылы Бақа: Ал Аю,қасқыр,түлкі де Орманның бір шетінде, Бір қарағай түбінде Тоңып қалған шығар. Кірпі: Енді олар ешқашан Бізге қарай келе алмас. Бақа: Бас саып келген күні ,оларды біз аямастан қатырдық қой! Тышқан: Аю болса, өзінің ауыр салмағымен Қасқырдың барлық қабырғасын сындырған. Әтеш: Көре сала улкен күректі, Тайгаға аю қашып кетті. Кірп: Бұрынғыша түлкіні Көре алмайсың сен енді. Құйрығынан айрылып, Орманда жүр ол енді. (Барлығы күліп,өлең айтады.) Ән,Би Бақа: Ква-ква-ква,ква-ква-ква, Дұшпандарды ұмытып, Әрдайым бірге болайық. Таң атқанша қуанып, Бір шаттанып қалайық. Әтеш: Айналаны тексерейін мен тағы Мерекеге дайын ба екен барлығы? Барлығы: Бәрі дұрыс және бәрі орнында Мерекені қарсы аламыз жақында. Кірпі: Көрік берер бір нәрсе, Жетпей тұр-ау бұл үйге. Ол қандай зат екенін, Түсінбедім мен неге? Әтеш: Желкеңді қасып көрерсің, Сонда бәлкім сезерсің. Кірпі: (желкесін қасып) Инелерімді қозғап көрейін, Не керек екенін білейін. Ооо!Үйімізге көрік берер қашан да Жоқ екен ғой бізде әсем бір шырша. Бақа: (Үрейленіп) Енді, не істейміз?Ква-ква-ква. Кірпі: Уайымдама, қайғы емес Өткен жылдың жазында Көріп едім шыршаны Өзі сондай әдемі Осы біздің үйшіктен Алыс емес, жақында Қазір оған тез барып, Әкелейін мен мұнда. Бақа: Қолғабыңды ұмытпа! Тышқан: Қалпағыңды киіп ал, Дала бүгін тым аяз. Әтеш: Қасқыр, түлк,аюдан, Абайлап жүр орманда. Кірпі: Мен орманды бес саусақтай Өте жақсы білемін. Олай болса достарым Тезірек барып келейін. Барлығы:Жарайды онда, абайла! Жолың болсын қашан да! (Барлығы өлең айтады.) Қымбатты кірпі, Мейірімді кірпі. Сен онда тез бөгелмей, Тезірек кел кешікпей. 2-қойылым Орман.Сахнаға кірпі шығады, өлең айтады. Кірпі: Орманды жатқа білемін, Мына суық күнде де, Мен тезірек жүремін, Достарымның қуанышты күлкісін Көру үшін үйшікке Шыршаны алып келемін. (Кірпі шығып кетеді.Сауысқан ұшып келеді.) Сауысқан: Мен атақты сауысқан «Ақ қауырсын» есімім Күні-түні тынбастан Тайгада мен ұшамын. Бәрін-бәрін байқаймын. (Алысқа қарап) Анау кірпі қайда асығып барады. Мен де оның артынан, Тезірек ұшып барайын Артынша ұшып мен оның Бәрін біліп қалайын. (Ағаштардың артынан тығылып, аю шығады.Ол үйшіктің терезесіне жақындайды, сол кезде түлкіні көріп қалып, ағаштың артына тығылып қалады.Түлкі құйрығының жоғын жасыру үшін беліне орамал байланып тұрады) Түлкі: Үйшікке мен барамын Бәрібір де олардан Мен өшімді аламын. Аю: Сәлем түлкі!Амансың ба,қал қалай? Жүрсің бе әлі бар ашуың тарқамай? Түлкі: Ашуымның себебі бар білемін, Құйрықсыз мен қалай өмір сүремін? Аю: Иә, енді саған өмір сүру оңай емес , Құйрықсыз қоянға ұқсайсың , түлкі емес! Түлкі: (Жыламсырап) Ормандағы досым-ау, Тіпті сенің өзім де, Күліп тұрсың өзіме. Аю: (Жұбатып) Жарайды!Жарайды, достым жылама! Ойнап айттым жәй ғана. (Ақсаңдап қасқыр келе жатады.) Қасқыр: О, бәріміз бас қосып, жиналып қалыппыз ғой! Аю: Алдымен, сәлемдеспеймісің. Қасқыр: Ох, мына білгіш қайдан келді екен? Қалайша ұмытып қалдың сен? Менің мына қабырғамды, Сындырған сонда кім екен? Аю: Әдейі емес, білместіктен болып еді, Кінәлімін, кешіргейсің сен мені. Қасқыр:Жарайды енді, айтпасаң да болар, Денсаулығым қалпына да келіп қалар. (Аю мен түлкімен қол алысады.) Түлкі: Жақында сен жазылып қаларсың, Ал, мен болсам құйрықсыз мәңгі боламын. Қасқыр: Сенің бүкіл сұлулығың құйрығыңда еді, Ал құйрықсыз сен түлкі емессің енді. (Түлкі томаршаға отырып, жылай бастайды.) Аю: Түлкіжан сен жылама, Орныңнан тез тұрмасаң, Қазір жаурап қаласың. Биыл аяз қаталдау Мен де тоңып барамын. Түлкі: (қарғиды) Үйшікті басып алғанда , Жылы жерде тұрар едік. Күшімізді жинайық, Сол үйшікті алуға Тағы да бір барайық. Осы жолы үйшіктен Оларды қуып шығайық. Аю: Одан бізге не пайда? Тек үйшікті бұзармыз. Жақын барсаң оларға Құйрығыңда алар да Отқа салып жағады. Түлкі: Жо-жо-жоқ, сен үндеме. Құйрықсыз қалай жүрем мен. Аю: Олай болса, менің айтар ақылым Оларға біз барайық, Достық қолын созайық. Қасқыр:Мен айбарлы қасқырмын, Бұл жерде мен басшымын. Аю: Туу, өзің арыққасқырсың, Ашсың әрі сырқатсың. Сен олардың алдында Тізеңе дейін иіліп Кешірім сұрау керексің Қасқыр: Мен ба! Мен!Қасқыр! Ешқашан! Аю: Егер олай етпесең Орманда ұлып, аштан қаларсың. Сондықтан амалың жоқ! Түлкінің құйрығын қайтарудың да басқа жолы жоқ. Түлкі: Иә,иә,иә! Мен келісемін, сен дұрыс айтасың аюжан! Жаңа хабармен сауысқан ұшып келедщі. Сауысқан:Барлығың үшін менде, Күтпеген жаңалық бар. Жаңалық!Жаңалығым қандай? Өте –өте қызық-ай! Қасқыр: Қандай? Сауысқан: Түнде аңшы орманда Ор қазыпты бұл маңда, Бетіне шөпті төсепті, Оған кірпі байқамай Аунап, құлап түсіпті. Мынау апан терең-ау, Ой, сұмдық-ау,сұмдық-ау! Түлкі; (Қуанышпен) Менің құйрығым үшін, Өзіне де сол керек. Аю: Не деп едің сен жаңа Ақылдан сен адаспа. Жіберіп алмай осындай мүмкіндікті Құтқарайық тезірек біз кірпіні. Қасқыр: Жоқ,жоқ,жоқ! Аю: Иә,иә,иә! Кірпіні біз құтқарсақ, Олар бізді үйіне кіргізер Біздің осы ісімізге Жақсылықпен жауап берер. Түлкі: Жақсылықтың енді маған қажеті жоқ. Бәрібір де менде құйрығым жоқ: Аю: Туу, сен түсіңсенші, түлкіжан! Біз оларға кірпіні берсек, Олар бізге құйрығыңды қайтарар. Түлкі: Ой!Қандай жақсы болар еді.Мен келісемін! Қасқыр: Е, ал маған бұдан қандай пайда? Аю: Е, достым, сен асықпа! Мұрныңды жарып бара жатқан иісті сезіп тұрсың ба? Қасқыр: Иә, керемет бір иіс бар. (Иіскейді.) Аю: Бұл құймақтың иісі ғой, Бүгін үйшік ішінде Жаңа жылдық үлкен той. Сол мереке кешіне Пісіріп, қуырып жатыр ғой. Егер Кірпімен бірге барсақ. Бізге ұсынар көп қып құймақ. Қасқыр: Елу құймақ үшін мен, Жүз кірпіні құтқарар ем. Аю: Олай болса, достарым, тезірек жолға шығайық, Сауысқанның артынша,кірпіге асыға барайық. 4-Қойылым Әтеш: (Уайымдап) Кеш боп кетті, Кірпі әлі келмепьті, Не болды екен, Әлде айқайлап көрсем бе екен? Ку-ка-ре-ку! (Тыңдап көреді) Ау-у-у! Деген жауап жоқ! (Қоян да асыға секіріп кіреді.) Қоян: Сендерге асыға жүгіріп келдім. Кірпінің апанға құлағанын мен білдім. Әтеш: Ой-сұмдық-ай! Бәрің бері келіңдер! Барлығы: Не болды? (Жүгіріп келеді) Қоян: Мен қорқамын!Қорқамын! Кірпі апанға түсті Онда аю, қасқыр,түлкі. Тышқан:Ай-ай-ай! Олар бізден бұрын барды Кірпіні тұтқынға алды. Бақа: Ква-ква-ква,Байғұс кірпі-ай! Зұлымдардың қолында-ай! Әтеш: Арқан мен балтаны алайық. Тезірек жолға шығайық. (Сауысқан ұшып келеді.) Сауысқан: Тұра-тұрыңдар!Асықпаңдар! Қазір оны сіздергеалып келе жатыр. Тышқан мен бақа: Қалай алып келе жатыр? Әтеш: Ол әйтеуір тірі ма? Сауысқан: Қорықпаңдар,саспаңдар! Ол тірі! Тек сәл ғана жарақат алған. (Аю, түлкі,қасқыр мен кірпі келеді.) Әтеш: О, келді міне дұшпандар! Ешнәрсе бізден сұрамаңдар! Аю: (Қатты дауыспен) Қорықпай, бізді қарсы алыңдар. Достықпен келдік біз бүгін. (Иіледі) Түлкі: Кешірімді болайық, Өткенді ұмытайық. Қасқыр:Білемін! Мен бұрыннан жау едім Кінәмді сезіп келіп ем, Баршаңыздан мен бүгін Кешірім сұраймын. Бүгіннен бастап тату-тәтті болайық, Достықты құймақпен жалғастырайық. Әтеш: Ааа! Солай ма? Біз сендерге сенбейміз! Түлкі,аю және қасқыр: Сендер бізге сенсін деп, Кірпіні біз құтқардық. Тышқан: Осы, үшін достарым Мен сендерді кешірдім Бақа: Ква-ква-ква. Шынымды айтсам, мен сеніңкіремей тұрмын (Басын шайқайды) Аю: Достарым былай жүрмейік Бір-бірімізді кешірейік. Әтеш: Жоқ,жоқжоқ! Аю: Жарайды.Қарсы алғандарыңа рахмет! Олай болса, Кірпі міне (Шананы ысырып жібереді) Ал біз кете берейік. Кірпі: Сонда қалай болғаны Бізге достықпен келген еді, Иіліп сәлем берген еді. Ал, біз болсақ оларды Үйден қуып шығардық. Мұндай қылық жараспас. Ал, менің ойымша, Осы қазірден бастап Достасып көрейік, Тату-тәтті жүрейік: Тышқан: Бүгінгі мерекені барлығымыз. Отбасындай бірігіп қарсы аламыз. Бақа: (Мақұлдап) Ква-ква-ква. Әтеш: Олай болса,Төрлетіңіздер!Кіріңіздер біздерге. Барлығы: Үйімізге шақырамыз сіздерді! (Барлығы үйшікке кіреді.) 5-қойылым Аю: Мұнда қандай жарық,жылы, Ал, бастысы өте жылы. Сауысқан: Ох, қанджай әдемі! Қоян: Бұл тұрақ емес , бұл арман ғой! Түлкі: Жылы қарсы алғандарыңа рахмет! Бірақ менің құйрығым аман ба? Тышқан: Жаңасы өсіп шықпада ма? (Әзілдеп) Бақа: Аман!Аман!Міне, құйрығыңды ала ғой Құйрығыңды қазір тышқан екеуіміз Өте мықтап саған тігіп береміз. Түлкі: Ах, құйрығым-ау менің, Сен қайта маған келдің. (Құйрығын сипалап) (Тышқан мен бақа түлкінің құйрығын тіге бастайды.) Кенет есік қағылады. Әтеш: Тыныш! Сендер есікті қаққан дыбыс естідіңдер ме? Тышқан мен бақа: Бізге кім келді екен? Дұшпан ба екен? Дос па екен? Сауысқан мен Қоян: Бейтаныс біреу келген шығар? Аю: Есікті мен ашайын. (Есікті ашып қараса ,есік алдында шырша тұр.) Шырша: (Күлімдеп) Есікті ұзақ ашпадыңдар ғой. Әлде мені күтпедіңдер ме? Сауысқан мен қоян: Бұл біздің ормандағы әсем шыршамыз ғой. Барлығы: Қандай қуаныш!Қандай бақыт! Шырша: Сәлеметсіңдер ме, достар!Мен сендерге бүгінгі мерекеміз қуанышты, қызықты болсын деген ниетпен келдім. (Шырша жанады.) Әтеш: Шыршамыз жанды ғой! Барлығы: Алақай! Аю: Шеңберге тұрар кез келді! (Барлығы шыршаны айнала шеңберге тұрады да, бірге ән салады.) Көңілді де, тату боп, Бүгін өмір сүреміз. Біздің әсем шыршаны , Айнала біз жүреміз. Ешқашан да ұрыспай, Бірін-бірі ренжітпей Әрқашан датату боп Достармен өмір сүрейік. Қайырмасы: Ертегіні аяқтап, Қоштасамыз сіздермен. Баршаңызды жаңа жылмен, Құттықтаймыз көрермен!