Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Саңырау және нашар еститін балаларға арналған арнайы түзету «МЕЙІРІМ» мектеп-интернаты
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы: «Үй құстары»
Тәрбие сағатын өткізген: тәрбиеші Оспанова А.Д.
Тараз қаласы.
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы: Үй құстары
Білімділік: Балаларға үй құстарының түрлерімен және олардың маңызы жөнінде мағлұмат беріп, дүниетанымын кеңейту. Құстардың қоршаған ортаға тигізер пайдасын мол екендігін түсіндіріп, білімдерін пысықтау, қайталау.
Дамытушылық: Балалардың ойын, тшлін, қиялын дамыту.
Тәрбиелік: Құстарды қорғауға, оларға қамқор болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Тіл түзету мақсаты: Дыбыстардың анық және дұрыс айтылуын қадағалау. Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сөздік қорларын молайту.
Сабақтың көрнекілігі: Үй құстарының суреттері. Құстар туралы бейнефильм.
Сабақтың өту барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Қазір жылдың қай мезгілі ?
Көктем мезгілінің қай айы ?
Наурыз айының бүгін нешесі ?
Далада ауа-райы қандай ?
Сыныпта кім кезекші ?
ІІ. Кезекші дыбыспен жұмыс.
Кезекші дыбыс Д – Т
Да – та ад –ат ада -ата
До – то од – от адо - ато
Ду – ту уд – ут аду – ату
Дана, доп, дос, тауық, ата, әтеш.
ІІІ. Балалар біз бүгін табиғаттың бір бөлігі – табиғаттың көркі, сәні, адамға азық болған үй құстары тақырыбына тоқталайық деп отырмыз.
Үй құстары.
Үй құстары қолда бағылады. Олар өте пайдалы. Жұмыртқасы, еті, мамығы үшін өсіріледі. Мамығы жастық, көрпе, жылы киім үшін пайдаланады. Көктемде үй құстары да балапан шығарады. Адамдар оларға ұя жасайды. Үй құстарына жем-шөп, су беріп қоректендіреді. Ұя маңын тазалайды.
Құстардың қандай пайдасы бар ?
Еті Мамығы Жұмыртқасы
IV. Бейнефильм: Үй құстары
V. Ойын: «Дыбысты тап»
Әт... Та... ...з
Үй...к бала...
Сергіту сәті.
Құстарға біз ұқсайық
Қане қанат жазайық
Ұшып – ұшып алайық
Орнымызды табайық.
Топтастыру.
Күркетауық Қаз Үйрек
ҮЙ ҚҰСТАРЫ
Тауық Әтеш Балапан
Тәрбиеші: Осылайша оқушылардың құстар туралы білімдерін толықтырып, тәрбие сағатын қорытындылау.