Просмотр содержимого документа
«Ұстаздар ұлы тұлғалар»
Ұстаздар –ұлы тұлғалар
Тәрбиеші:Данышпан да, дана да оқып сенен, Атақ-даңқын асырды бар әлемнен. “Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды, Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!
Ортаға Темір Алима және Ескалиева Алтын шығады.
Тәрбиеші: Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер бүгінгі «Ұстаздар-ұлы тұлғалар» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!
Тәрбиеші:
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, Ұстаз деген – анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сен де одан адам болып жаралдың. Ұстазыңды түсінген сен тереңнен, Бар әлемге еңбегімен еленген. Сенің бағың өрге қарай өрлесе, Ол да бірге қуанышқа кенелген. Сол арқылы сен де өмірді жалғадың, Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның. Мақтау алсаң ұстаздардың алдында, Ол өзіңнің орындалған арманың. Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып, Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып. Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы, Қасиеті бас иелік мәңгілік! Тәрбиеші: Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
БІРГЕ:Мерекелеріңіз құтты болсын!
Тәрбиеші:Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ак лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға құттықтау сөз кезегін ауыл әкімі міндетін атқарушы Гросс Жұлдыз Қадылқызына береміз.
Тәрбиеші: Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз- тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
Мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін ортаға тәрбиеленушілерді шақырамыз.
Алима
Менің атым Алима
Ұстазымның шәкірті
Ұстазым маған айтады
Сен баласың тәртіпті.
Алтын
Ұстаз болу-сезімнің ақындығы
Ұстаз болу-жүректің батылдығы.
Рауан
Білімнің кілтіндей
Оқуға үйреткен
Қамқоры ұл,қыздың
Мұғалім-ол біздің.
Аянат
Ұстаз бізді білім беріп өсірген
Қатемізді әрқашанда кешірген.
Даулет
Алғаш рет оятқансың санамды
Алғаш рет ұстатқансың қаламды.
Айша
Қиынға төзуге
Үйреткен қашанда
Жаманнан безуге
Жақсылық жасауға
Үйреткен мұғалім.
Азалия
Ұстаз ана болды ол
Әрқашан да біздерге
Бар балаға берді ол
Қуанышпен өнеге.
Инабат
Мейір толы көзіңде
Кім бар сенен шыдамды
Шалыс басқан кезімде
Кешіресің кінамды.
Тәрбиеші:Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Аяулы ұстаздар «Ұстаз-ол» атты ән қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші:Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар. Қазір барлығымыздың назарын бейнероликтарға аударсақ. Тәрбиешілерді балалар мен ата-аналардың құттықтаулары.
Тәрбиеші:«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Құрметті ата-аналар өткен жылы «Ұстаздар күнін» өзін-өзі басқару іс-шарасымен атап өтсек, биылғы жылы сіздерді екі топқа бөліп ситуациялық жағдайдан шыға білу іс-шарасымен өткізссек деп едік.
Тәрбиеші:
Тұрсынай:
Тәрбиеші:Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар.
Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар! Келгендеріңізге көптен көп рахмет. Келесі кездескенше