Нураков Сабет Акрамович учитель казахского языка и лиературы СШ Жамбыла
?стаздар - ?лы т?л?алар!
(Мереке бастал?анша музыка ?ні шы?ып т?рады. Музыка ?ні басыл?ан со? орта?а екі ж?ргізуші шы?ады )
1-ж?ргізуші:
Армысыздар, бармысыздар, ?ош келді?іздер, ??рметті де аяулы ?стаздар!
2-ж?ргізуші:
?стаз деген – жары? к?ні ?аламны?,
?стаз деген – анасы ол адамны?.
Б?кіл ?лем мойындайды е?бегін,
Сен де одан адам болып жаралды?.
?стазы?ды т?сінген сен тере?нен,
Бар ?лемге е?бегімен еленген.
Сені? ба?ы? ?рге ?арай ?рлесе,
Ол да бірге ?уаныш?а кенелген.
Сол ар?ылы сен де ?мірді жал?ады?,
Ізгі іс ?ой, ?стаз тілін ал?аны?.
Ма?тау алса? ?стаздарды? алдында,
Ол ?зі?ні? орындал?ан арманы?.
?стаз с?зін айтып ж?рдік ?н ?ылып,
Одан бас?а ж?рген кім бар жанды ??ып.
?стаз деген – ?лыларды? ?лысы,
?асиетіне бас иелік м??гілік!
2 ж?ргізуші
1-ж?ргізуші:
Динара, Б?гін бізде ?лкен мереке. Б?гін ?стаздар ?ауымыны? т?л мерекесі. Олай болса б?гінгі к?н ?стаздар?а арналма?. ?стаз -?ла?атты есім. К?н с?улесі ?мірге ?андай жары? берсе, ?стаз есімі де ш?кірттерге к?ндей жары? береді.
А?ырын ж?ріп аны? бас.
Е?бегі? кетпес дала?а
?стазды? еткен жалы?пас,
?йретуден бала?а, – деп Абай атамыз айт?андай, ш?кірттеріні? ?зінен оз?анын кала?ан ?стаздар ?ауымы, мерекелері?із ??тты болсын!
2- ж?ргізуші:..........
БІРГЕ: Мерекелері?із ??тты болсын!
С?з кезегі ?стаздарды? ?стазы мектеп басшысы Оспанова Шолпан Айт??л?ызына беріледі.
?н. ……………………
1-ж?ргіуші: Сен ?алай ойлайсы?, Динара? Мені? ойымша, кез-келген м??алім ?стаз бола алмайды. Себебі ?стазды?-?нер, та?ылымы тере? ?нер. Ал ?нерлі болу кез-келген адам?а ?она бермейді. Олай болса, шын ?стаз болу ?шін таби?и дарын ізгілікті ізденіс пен ерен е?бекке ?штастырылуы шарт. «Ш?кіртсіз ?стаз т?л» деген с?з тегін айтылмаса керек.
2-ж?ргізуші: С?бит, мен осы с?зі? д?лелді бола т?су ?шін мына жыр шума?тарын ?осайын.
?стаз болу – ж?ректі? батырлы?ы,
?стаз болу – сезімні? а?ынды?ы,
?стаз болу – мінезді? к?н шуа?ы,
Азбайт??ын адамны? алтынды?ы – деп а?ын ?афу ?айырбеков а?амыз жырла?андай, бізді? мектебімізде с?зі маржан, ?ні ?н ?стаздарды? бар бол?анын ма?таныш етемін. Ендеше сол ?стаздарды ?нерін тамашалайы?
1 ?стаз ?н айтады...
1-ж?ргізуші:
?стаздар! ?андай ?ажап халы?сыздар!
Ш?кіртке шы?дай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына н?р сыйла?ан,
К?ндей боп к?лімдеген жары?сыздар.
2-ж?ргізуші: ?демі, екеуміз ?стаздар туралы на?ыл с?здер айтып жарысып к?рсек ?айтеді?
Просмотр содержимого документа
«?стаздар - ?лы т?л?алар!»
Нураков Сабет Акрамович учитель казахского языка и лиературы СШ Жамбыла
Ұстаздар - ұлы тұлғалар!
(Мереке басталғанша музыка үні шығып тұрады. Музыка үні басылған соң ортаға екі жүргізуші шығады )
1-жүргізуші:
Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар!
2-жүргізуші:
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иелік мәңгілік!
2 жүргізуші
1-жүргізуші:
Динара, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
Сөз кезегі ұстаздардың ұстазы мектеп басшысы Оспанова Шолпан Айтқұлқызына беріледі.
Ән. ……………………
1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Динара? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
2-жүргізуші: Сәбит, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Ендеше сол ұстаздарды өнерін тамашалайық
1 ұстаз ән айтады..................
1-жүргізуші:
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
2-жүргізуші: Әдемі, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?
2-жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»
1-жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»
2-жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»
1-жүргізуші: Динара, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.
1-оқушы:
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.
2-оқушы:
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.
3-оқушы:
Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің,
Асыл анам, мектебім!
Үйреткені адалдық,
Ұсынғаны адамдық,
Текті мінез, даналық
Бар ұстазға тілейміз: Бақыт, табыс, амандық!
4-оқушы:
Мұғалім-ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.
1-жүргізуші:
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Керсем дейді күнге де кол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын.
Ұстаз болу қандай бақыт! Әсіресе алғаш ұстаз болу өте әсерлі. Бір жас ұстаз айтқан екен 45 минут сабағымның 20 минутын амандасумен ал, 25 минутын қоңырауды күтумен өткізем деп. Сол айтқандай Толқып та қорқып жүрген жас ұстаздарды ортаға шақырайық. (Ант қабылдау рәсімі)
1- жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
2- жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр.
1- жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер?
1 қонаққа сұрақ:
Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз?
Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?
2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз?
Мектебіңізге айтар тілегіңіз?
Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар.
Өздеріңізге арналған шағын сыйымызды қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
1-жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.
Әзіл – қалжың отауы.
ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН.
Мұғалімдер кім болуды армандайды?
Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды.
Өйткені:
-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе?
Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, – дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.
-Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.
-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.
-Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері. Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады.
Баласы шешесіне айтады:
- Мен енді мектепке бармаймын!
- Неге бармайсың?
- Сол … Асанов таспамен оқ атады, Сотқаров оқулықпен басымнан ұрады, тағы біреуі аяғымен шалады… Бармаймын!
- Жоқ, балам, сен қайткенде де баруың керек. Біріншіден, жасың қырықтағы адамсың, екіншіден, мектеп директорысың.
“Суретші” Мұғалима Асанның әкесіне шағым айтады:
- Кеше сабақта сіздің ұлыңыз партаға шыбынның суретін салып қойыпты. Мен оны шын екен деп қолымды ұрып алдым.
- Сіз оны айтасыз, – дейді әкесі.
-Бірде ол ваннаға крокодилдің суретін салыпты.
Зәрем ұшқаны сондай, тұра қашамын деп қабырғадағы есіктің суретіне соғылдым.
* * *
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
Каникул – жылдың ең қысқа күндері.
Күнделік – үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.
Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.
Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.
Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.
Спорт секциясы – әжеме айтатын басты сылтауым.
“Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы.
1-жүргізуші: Әдемі, Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?
2- жүргізуші: Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?
1-жүргізуші: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.
2-жүргізуші:
-ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз.
/Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі.
Әр шардың ішінде сұрақтар бар.
Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/.
Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз.
№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
№2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
№3 билет. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?
№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
№5 билет. Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?
Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.
2-жүргізуші: Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
1-жүргізуші:
Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар.
2-жүргізуші:
Ұстаз мектепте ұстаз болса,
отбасында ол -аяулы ана.
Ана туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаз-аналар!
Ана туралы ән. Орындайтын ……………………………
1-жүргізуші:
Мұғалім,
ғазиз мұғалім- Төгілген арай,
шуағым Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын
Мұғалім,
ғазиз мұғалім- Сарқылса мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.
Ән «Ұстазыма» орындайтын ………………………………………
2- жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.
Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,
Ұстаздың алып жүрген атын еркін
Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,
Жүректің алғысы мен рақметін.
Оқитын ……………………………………
1-жүргізуші: Аружан, Мен саған жұмбақ жасырайын, табасың ба?
2-жүргізуші: Жасырып көр
1-жүргізуші:
Бір сандық бар өзгеше,
Қасыңа алып жүресің.
Ішін ашып ақтарсаң
Өмір сынын білесің.
Ол не? /Кітап./
2-жүргізуші: мұғалім, (сәл ойланады) иә, бұл, меніңше, кітап қой
1-жүргізуші: Иә, дұрыс таптың. Ендеше сен кітап туралы не білесің?
2-жүргізуші:
Кітап-біздің ақылшы досымыз, барлық білім, ғылым кітапта. Оны неге сұрадың?
1-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Кітап туралы сұрауымның себебі, біздің арамызда сол кітапқа немқұрайды қарап, таза ұстамайтын оқушыларымыз да бар екен.
2-жүргізуші: Ендеше сондай балалардың қолына түскен кітаптардың мұңын тыңдап көрелік.
Көрініс.
Кітаптар мұңы
Автор:/Мектептің отын қоймасы. Бір құшақ кітапты әкеліп тастай салды. Есік жақтағы бір кітап басын көтеріп қарап қояды.
Ыңырсыған дауыстар/.
1.Қазақ әдебиеті:-Ей, /жанындағысын түртіп/ тұрсаңшы, қайда келдік? 2.Дүние жүзі тарихы: -Ойбай, басым! Мазамды алмашы, бүйткен тіршілігі құрысын! Мұнан да парақтарымның пәре-пәресін шығарып, желмен ұшырып жібергені жақсы еді.
1.Қазақ әдебиеті: -Не болды? Жалғыз сенің басыңа келген қасірет қой дейсің бе? Көтер басыңды. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой.
2.Дүние жүзі тарихы: -Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанмен, ішім түтін. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп қанша қызмет етті, баспа қызметкерлері әр әрпімді жекелей теріп көз майын тауысты. Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниеті еді ғой бәрінікі.
3.Табиғаттану: -Иә, достар, менің де күнім сендердікіндей. Мен де қолымнан келгенше бойымдағы білімімді беріп, балаларды адамгершілікке, парасаттылыққа, өз жерінің табиғатын тануға тәрбиелеуге тырыстым, бірақ Адырбай деген бала мені әбден шимайлап, жыртып, қорлады.
1.Қазақ әдебиеті: -Біздің де оңып тұрған жеріміз жоқ, әріптестерім. Енді мұңдас болдық. Мен де Сотқарбай деген баланың қолына түстім. Әдепкіде оқулық болып, мектеп босағасын аттағаныма қуанып едім. Оным көпке бармады. Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырып, сызып тастады.
2.Дүние жүзі тарихы: /асығып, тұтығып/
-Әуелі көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті бір беттерімді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп, сілікпемді шығарды да, тастап кетті.
1.Қазақ әдебиеті: -Әріптестер, ең құрығанда кіші сынып оқушыларына неге жоғары сынып оқушылары айтып қоймайды екен?! Олар да кінәлі-ау! 4.Математика: -Дұрыс айтасыңдар! Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ұшырып ойнағанда, 10-сыныпта оқитын ағасы қой демеді-ау!
1.Қазақ әдебиеті: -Бірақ әр оқушы өз дүниесіне ұқыпты болу керек қой. Ондай ұқыпты балалар да жоқ емес. Бірақ олар Адырбай мен Сотқарбайларға ақыл айта алмай келеді.
2.Дүние жүзі тарихы: -Иә, иә, сен дұрыс айтасың. Менің өзім сияқты құрдасым болды. Ол екеуміз мектеп кітапханасынан бірге шықтық. Қызық болғанда, сыныпта да парталас болдық. Міне, оқушы деп оның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың болмас, шіркін! Кітабына кір жуытпайды. Керек бетін белгілеу үшін, парағын қайтармайды, арасына қағаз салып қояды, сызбайды, сия тамызбайды. Оның кітабы су жаңа күйінде шықты.
3.Табиғаттану: -Енді бізді не істер екен? Әлде отқа тамыздық етер ме екен. (Бәрі селк ете түсті. Бір сәтке үндері шықпай, іштен тынды.)
1.Қазақ әдебиеті: -Қой, мүмкін бір кәдеге жаратар. Қайтадан түптер. 4.Математика: /кекетіп/ -Түптер. Түптесе сені түптер, ал түптеуге келмейтін тұттай жалаңаш бізді қайтеді? Бізден енді оқулық шықпайды. Осы отырған бәріміз де жарымжанбыз.
2.Дүние жүзі тарихы: /басу айтып/
-Әріптестер, мен тарихты білсем, бізді фабрикада қайта жуып, тазартып, сиямыздан, бояуымыздан арылтып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді. Баспахана қайтадан кітап етіп шығарады. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек екен деп тілейік.
1-жүргізуші: -Иә, балалар, кітаптардың мұңы, шынында да адам аярлықтай екен. Олай болса, кітапты күтіп ұстау – бәріміздің міндетіміз. Кітап біздің ақыл-ойымызды өсіреді, ғылым мен техниканың жаңалықтарымен таныстырады, өмірде не болып жатқанынан хабардар етеді. Білім бастауы болған кітапты ұқыпты ұстау, оны жан досыңдай қадірлеуге әрқайсысың міндеттісіңдер. Кітап адамға қандай кезде де ақылшы, дос бола алады.
2-жүргізуші: Мерекемізді жалғастырайық. Ендігі кезекті қазақтың мақал-мәтеліне берсек. Бұл біздің мектебіміздің оқушыларына арналады. Сенің сүйікті мақалың қандай?
1-жүргізуші: Менің ең сүйікті мақалым:
Оқу-күрекпен құдық қазғандай / инемен
Мен шамасы дұрыс айтпадым-ау деймін.
әріптер де, сөздер де бытырап, біртүрлі шашырап кетті ме, қалай?
Ендеше мен сендерді көмекке шақырайын, менің айтқан мақал-мәтелдерімді түзетуге көмектесіңдер.
1. Қына басқа бітеді / тасқа Білім шашқабітеді /басқа
2. Біліп тұрсаң да, сұрама / сұрап ал
3. Аз біл, көп сөйле /Көп біл, аз сөйле
4. Көрмес – шошқаны да көрмес /түйені
5. Өнер алды – ұзын тіл /қызыл тіл
6. Жығылып жатып, жығылғанға күлме /сүрінгенге
2 - жүргізуші:
Қадіріңді кезінде
Білмепті ғой ұланың.
Қазір әрбір сөзіңе,
Елеңдейді құлағым.
Бірдей етіп ұстадың.
Демей бізге бөтенсің.
Кейде акылын ұстаздың,
Сағынады екенсің.
Сол ұстазға жаны нұр,
Демек үлкен адаммын.
Есейсек де бәрі бір,
Баяғы шәкірт, балаңмын-деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.
1-жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
/Көңілді күй, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді/
«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»
Жарияланды 7-11-2012, 10:39 Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№100 орта мектебінің тәлімгері
Пшанова Айгүл Әбубәкірқызы
1 қазан Қарттар мерекесіне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кеш сценарий
Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешімізге хош келдіңіздер.
Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Мәмбетов Әлішер ағайға береміз.
Жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет
Құрыштан құйған құдірет
Балалар, ол кім?
Әрине қарттарымыз.
Олай болса бүгінгі кешімізді орындауындағы «Туған жер» әнімен ашамыз. Орындайтындар Қаракөз және Теңел
Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат
Ешкімге жасамайтын қиянат
Жайлап қана ақылменен түзейсің
Болып қалса ұғына алмай бір сағат
Ауылымыздың ардагері, қарт зейнеткер ұстазымыз Мақсат ағайға сөз береміз.
Жадыраймын жадырайын,
Көңілденіп күлемін.
Жанар ма деп талабым,
Ата ақылын тыңдаймын.
Ән: «Қарттар азайып бара жатыр» орындайтын Бақнұр
Жүргізуші: Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік.
Тақпақтар:
1-Жансая:
Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары
Жас баладай жаутаңдаған жанары
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай
Кімге болсын қарттың жетер аяңдап.
2-Айбек:
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
3-Бекнұр:
Атам менің әманда
кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем
Қалдыратын ұлтқа
Жалған сөзге төзбеймін
Жеткізеді мұратқа
Тек шындықты көздеймін.
4-Расул:
Атам менің әманда
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен
Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы.
5-Фариза:
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
6-Жадыра:
Ата күні - әже күні әлем күні
Әлемде теберінділер ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны
Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.
Жүргізуші:
Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!
Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс - әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.
Көркем сөз: М. Мақатаев «Әкеге арнау» орындайтын Қожахмет Малика.
Бүгінгі кешке ауылымыздағы асыл аналарымыздың бірі, қарт ұстазымыз қазір зейнеткер Мұратова Набиға апай келіп отыр. Анамызға рахметімізді айта отырып сөз кезегін берейік.
Адамдар арасындағы қарым – қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен олардың жекелеген отбасында өркен жаюына яғни баланың ата – анасын жан – жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым – қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтейтін олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын әдептілік кішіпейілділік сергек сезімталдық көрсетпейтін бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр? Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата – анасын ардақ тұтып өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.
Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме. Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.
Қай жерде де ата – анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке – шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата – анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты.
Көрініс: «тоқта балам, атаң келер артыңда»
Көркем сөз: М. Мұқатаев «Реніш» орындайтын 10 сынып оқушысы Сүйеуова Жібек
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады
«Қазақ биі» бір топ бишілер
Егеменді ел болып қалыптастық,
Өркениетке нақты анық бастық.
Туған жердің тұғыры биік бол деп,
Шын жүректен ән – жырды сыйға тарттық.
Ән: «Әкелер» орындайтын Ғарифулла
Нағыз әке ақылгөй де асқар жан
Барлық ұрпақ әкелерден басталған
Ал әкелер өздеріңе арналмақ
Бұл айтатын асқақ ән.
Ән: «Ауылым сенің іргелі» орындайтын Аида
Көкке өрмелеп көңілің
Нұрға толсын өмірің
Бақытты бол жан әке
Ұзақ болсын өмірің
Ән: «Әке туралы жыр» орындайтын Дархан
Арайлы ақ тілекпен
Ән жолдаймын өзіңе
Сағыныш сазы жүрекпен
Сыр арнаймын өзіңе
Ән: «Неге сені сүйдім-ай» орындайтын Дәуірхан
Арманым едің аңсаған
Әке сен бақыт мен саған
Ұрпағым болып жалғадым
Қуаныш әке сен маған
Ән: «Ақерке жайық» орындайтын Нұртуған
Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін
деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз.
«Қарттар күні» мерекелік бағдарламасы!
Видео-материал: «Дорогие мои старики»
Жүгізуші: Қайырлы күн, қымбатты да аяулы әкелер, ақ жаулықты аналар!
Ведущая: Здравствуйте, дорогие гости!
Жүгізуші:
Ұрпағына жол ашқан, мұқалмаған қаншама қиындықтан,
Жасымаған қарттарым, өмірінің сан-сала сырын ұққан.
Табиғаты керемет, таудай мүсін байсалды қариялар,
Шежірелі жүрегі, баталы ауыз жаралған жылылықтан.
Асқарындай таулардың, күмістей боп ақ кірсе де басыңа,
Заңғар ойлы қарттарым, мұқалмағын, қартайсаң да жасыма.
Ұлы көштің сынығысың із тастаған, қарттығыңды ұмытып,
Бір жасарып қалғандай бір шөбереңіз келген кезде қасыңа.
Ақылыңа ақ саусақпен жас кекілді сипап қана айтатын,
Арға балар, алтынменен сатып алмас байлығымдай байқадым.
Болашағың өскен сайын қауанасың, шүкірлікпен жас алып,
Көкірегіңде қуаныш бар көздеріңнен көрсем дағы қанша мұң.
Шынымен де, жылдан жылға бұл күн «Қарттар күні» дәстүрлі мерекеге айналып келеді. Жыл сайын сіздерді көрген кезде, жүректеріңіздің қуанғанын, кәріліктің сыр алғанын жылы жүздеріңізден байқаймыз.
Ведущая:
Летят года, за ними не угнаться —
Спешат часы, сменяя день за днём…
Но знаю, не устану удивляться
Тем временем, что осенью зовём.
Всё в нём высоко, мудро и прекрасно:
И золото листвы, и снега чистота.
В нём мудрость зрелых лет окликнет вдруг внезапно,
В лукавых зеркалах светлеет седина…
Октябрь — дождливый месяц в ожиданье снега
Итог труда, любви, веселых летних дней
В знак преклоненья перед жизнью человека
Нам дарит праздник пожилых людей.
Хорошо, что стало доброй традицией отмечать День пожилых людей. — Этот день – день благодарения за тепло ваших сердец, за отданные работе силы, за опыт, которым вы делитесь с молодым поколением, с вашими детьми и внуками – то есть с нами.
Жүгізуші:
Ортамызда қадірменді қарттар бар,
Ащы өмірдің тауқыметін тартқандар.
Арқасында нардың жүгін артқандар.
Омырауға қос-қос орден таққандар.
Дей келе кешімізге келген қонақтармен таныс болайық.
Құрметті әкелер, әжелер, қасиетті қариялар, сіздердің бүгінгі мерекелеріңізге құттықтау лебіз ретінде ән- шашу таралғы еткелі отыр, қабыл алыңыздар.
Ән: «Асыл әжем»
Ведущая: Возрасту нужно сопротивляться. Надо поддерживать не только тело, но в гораздо большей степени дух, ведь и они, если в них, как в светильник, не подливать масла, гаснут от старости. Старость не должна быть праздной, ленивой и сонливой! Мы одобряем молодого человека, в котором есть что-то стариковское, а также одобряем старика, в котором есть что-то молодое; тот, кто следует этому правилу, может состариться телом, но духом не состарится никогда.
Стихи “Ана”
Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған,
Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.
Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,
Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде,
Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан,
Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.
Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең,
О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен!
Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де,
Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?
Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,
Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.
Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек,
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.
Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.
II
Білмедім мен, сен әйтеуір ораласың көп тілге,
Киелі сүт құдіретімен әлде есейіп кеттім бе?
Ана десе әйтеуір мен өзге сөзді есітпен,
Құлағыма үн келеді қоңыраулы бесіктен.
Құлағымда ол үн менің көрген емес толастап,
Өйткені сен жылауыма қарсы болдың о баста-ақ..
Бүкіл әлем шуларына жіберді де сүңгітіп,
Өзің қаққан қоңыраудан кетті маған тіл бітіп…
Қоңыраулардың үні мені жетектеді қиянға.
Қоңыраулардың үні мені шомдырды сан қиялға.
Тұтқасынан ұстамақ боп дария – білім есіктің,
Мектеп бардым, онан да мен қоңырау үнін есіттім.
Ұстаз болдым. Сөз сөйлетті болашақтың мінбері,
Көз алдымда қызыл ала қызғалдақтар гүлдеді.
Дәл бүгін де нұрлы ертеңнің қоңырауы етіп тұр мені,
Өміріме өзің қаққан қоныраудың үндері.
Өзің қаққан қоңырауда өмір жыры бар екен,
Оның үні тарқамайтын болды менің мерекем.
Сол үнменен тыным таппай бақытымды күреймін,
Өйткені мен мерекемнің тарқамауын тілеймін!
Ведущая: Всё – таки немного неправильно сегодняшний праздник называть Днём пожилого человека, это зачем – то лишний раз подчеркивает гнёт лет и проблем, с которыми вы сталкиваетесь в своей жизни. Было бы более правильно называть этот праздник Днём Мудрого человека. И, как нельзя, кстати, на ум приходят поэтические строки:
Этот день наполнен пеньем птиц,
Детвора гербарий собирает,
Ну а мне сиянье детских лиц
Сердце тёплым светом наполняет.
Не дано сейчас предугадать,
Кто какой по жизни путь проложит,
Только мудрость может подсказать
И ошибки впредь подправить может.
Жүгізуші:
Құзы терең, кең құлашты шалқардай,
Ғасырлардан сырлар шертіп, айтардай,
Отырады үй төрінде қомданып,
Бұрынғының аңқылдаған қарттары-ай!
Кең даланың қоңыр лебі-үнінде,
Дархан елдің даналығы- тілінде.
Тамылжыған табиғаттай табиғи,
Тозбай келген кешегі мен бүгінде
Жүгізуші:
Әкелер!
Мәңгі өшпейтін атақ-даңқың,
Жүрегімнің лаулатып отын жақты.
Ерлігіңді жалғастырам, бақыттымын,
Сендер ғой маған берген осы бақты.
Аналар!
Қарыздармын өзіңе мен,
Қайыспай қиындыққа төзе білген.
Жүздеріңді әжімдер басқанымен
Баяғы бәз жүзіңдерің өзгермеген.
Ортаға «Аман болшы, қарттарым» баяндамасымен шақырамыз.
Осыдан 22 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Асылында, бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді.
Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат — аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады. Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, оқушылар мен студенттердің тарапынан қарияларға көмек көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып, мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалады. Алайда, қарттар үйіндегі жанары жәутеңдеп, есік пен терезеге телміріп отырған апаларымыз бен аталарымызды бұл жұбата алады ма? Замандастарымыздың тоғыз ай құрсағында көтеріп, дүниеге әкеліп, түн ұйқысын төрт бөліп асыраған анасы мен қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай ер жеткізген әкесін қарттар үйіне әкеліп қамауларына не себеп болғандығын кім білсін?
«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен. Қарттары бар ел-бақытты ел.
Сондықтан ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын!
Ведущая: Золотая осень… Возраст зрелых, мудрых людей часто называют осенью жизни… Как каждое время года прекрасно по-своему, так же неповторимы и возрастные «сезоны» нашей жизни. Какие бы беды ее ни омрачали, все плохое забывается. И мы снова радуемся жизни, мечтаем о счастье, о любви… Ведь жизнь прекрасна!
Жүгізуші:
Не деген атам қазақ-ойшыл адам!
Бұлбұлдай құйқылжытып күй шығарған.
Ауылдың алты ауызын өзі шырқап,
Мейманнан дүние емес, ән сұраған.
Ведущая: У каждого времени свои радости, свои краски. Весна — радует первой зеленью, свежестью, а зима — белым пушистым снегом и бодрящим морозцем. Осень радует нас своей щедростью, лето изобилием красок-цветов. Вот так, наверное, и в жизни человека. Юность всегда полна надежд и любви. Зрелые годы — пора расцвета творческих сил, пора свершений, забот о детях и внуках.
Жүгізуші:
Қастерлеймін әке даңқын, ана салтын,
Ұмытпайды ұрпағың дархан халқың.
Қабыл ал, ұрпағыңнын аманатын
Жыр боп келді, саған деген махаббатым!
Ведущая:
Пусть морщинки вас не старят,
Не коснётся вас беда.
Пусть природа вам подарит
Жизнь на долгие года!
Сөз кезегі:
Ведущая:
С почтеньем головы склоняем перед вами.
Мы вам стихи слагать еще могли бы.
За то, что вы живете рядом с нами,
От всей души вам говорим «Спасибо!»
Завершающая песня «Атамекен»
Жүгізуші:
Арқасына нардың жүгін артқандай,
Батырлығы-арғы атаға тартқандай.
Мойымаған қиындыққа төзімді
Бұрынғының қыран қабақ қарттары-ай.
Осымен, асыл қариялар, бүгінгі сіздерге арналған бағдарламамыз аяқталды. Сіздерге ең бірінші денсаулық, бала- шағаларыңыздың қызықтарына тоймай ортасында өмір кешулеріңізге тілектеспіз. Сау болыңыздар!
Ведущая: Спасибо всем участникам нашей встречи. Не теряйте своего задора, оптимизма оставайтесь всегда такими же молодыми и жизн Данышпан да,