kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?стаздар-?лы т?л?алар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данышпан да, дана да о?ып сенен,

Ата?-да??ын асырды бар ?лемнен.

“?стаз” деген аяулы, асыл жанды,

Жа?сы к?рем, арнаймын жа?сы ?ле?!

Аружан, Б?гін бізде ?лкен мереке. Б?гін ?стаздар ?ауымыны? т?л мерекесі. Олай болса б?гінгі к?н ?стаздар?а арналма?. ?стаз -?ла?атты есім. К?н с?улесі ?мірге ?андай жары? берсе, ?стаз есімі де ш?кірттерге к?ндей жары? береді. А?ырын ж?ріп аны? бас. Е?бегі? кетпес дала?а ?стазды? еткен жалы?пас, ?йретуден бала?а, – деп Абай атамыз айт?андай, ш?кірттеріні? ?зінен оз?анын кала?ан ?стаздар ?ауымы, мерекелері?із ??тты болсын!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?стаздар-?лы т?л?алар»



Тақырыбы: « Ұстаздар-ұлы тұлғалар »  

  1. Сахна сыртынан Ұстаз  туралы өлең оқылады

Мерей: Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Жүргізушілер шығады.

Бекарыс: Армысыздар, бармысыздар,   Қош келдіңіздер,  Құрметті де аяулы  ұстаздар!

Аружан: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
Бекарыс: Аружан, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

Аружан: Денсаулықтарыңыз  мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа  толсын, біздей  шәкірттеріңіз көп болсын!

БІРГЕ:  Мерекелеріңіз құтты болсын!

Бекарыс: Сұлу жан көз тартады сәніменен

Өнердің дәмін татар нәріменен.

Мерей мен Аружанды қошеметтеп шақырайық

Сахнаға «Ұстаз» әніменен.

Бекарыс: Сен қалай ойлайсың, Аружан? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

Аружан: Бекарыс, мен  осы сөзің дәлелді бола түсу  үшін мына жыр шумақтарын қосайын.                            

 Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Нұрбек: Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мың бұралған бишілерімізді ортаға шақырамыз.

Қазақ биі: Аружан мен Мерей

Бекарыс:   Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

                  Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

                  Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

                  Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Бекарыс: Аружан, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

Аружан: Ал ендеше баста.

Бекарыс:  «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

Аружан: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

Бекарыс:  «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

Аружан: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

Бекарыс:  «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

Аружан: Бекарыс, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

Мерей: 

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,

Жыр оқисың нөсер болып құйылып

Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,

Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп

Диас:

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,

Білім беріп, содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

Әсемай:

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар.

Нұрбек:

Ұстаздарға мың алғыс

Алғыстарым көп менің,

Асыл анам, мектебім!

Үйреткені адалдық,

Ұсынғаны адамдық,

Текті мінез, даналық

Бар ұстазға тілейміз:

Бақыт, табыс, амандық!

Әсемай:

Мұғалім-ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың

Мейіржан:

Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

Бойына құйдың ақыл , ой мен сана

Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,

Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға

Меңсұлу:

Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,

Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.

Ақмаржан:

Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,

Ұстаздың алып жүрген атын еркін

Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,

Жүректің алғысы мен рахметін.

Аружан: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Бекарыс: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ұстаздарымыз ортамызда отыр. 

Аружан: Құрметті қонақтар,  сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.

Бекарыс: Алдажаров Алданыш ағай...Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?

Аружан: Мейірман Гүлмира апай...«Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

Нұрбек: Кенжебекова Күлімжан апай...Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?

Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар.

Аружан:

Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Ән: Алтын анам Орындайтындар: Еркебұлан мен Диас

Нұрбек:   Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем би, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда сыныбымыздың мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.

ӨЗБЕК   БИІ  орындайтын………………………………………………………………………………….

                              ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК

Каникул – жылдың ең қысқа күндері.

Күнделік – үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.

Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.

Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.

Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.

Спорт секциясы – әжеме айтатын басты сылтауым.

Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы.

Аружан:                 Жақсы жандар жанымызда әрқашан

                                       Ұлағатты сөзін биік ұстаған

                                        Ардақты ұстаз асыл анаң секілді                                                   

                                        Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

Ендігі кезекте вальс биі

БекарысҰстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар

Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,

Айналайын білім берген ұстаздар.

Аружан:  Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол -аяулы ана. Ана туралы ән сіздерге арналады, аяулы  ұстаз-аналар! 

Ана туралы ән. Орындайтындар: Диас Бекарыс Еркебұлан

Бекарыс: Әзілдің күйін аспандап,

Кернеп кетеді көңілді

Күлкі деген-аспан бақ,

Мәнді ететін өмірді демекші-КВН: «Жас қыран» командасы


Алдарыңызда Диас тиктоник биімен

Бекарыс: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.

Аружан: Мұғалім, ғазиз мұғалім-

Төгілген арай, шуағым

Арманым қонса, қолыма,

Сенің деп арқаның деп ұғамын

ХОР:Ұстазым


Бекарыс: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Хорда тұрған оқушылар бас иеді бірдей

Аружан: Мерекелерініз құтты болсын!

Бекарыс:Осымен Ұлағатты-ұстазым атты мерекелік іс шарамыз аяқталды.Қош сау болыңыздар









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
?стаздар-?лы т?л?алар

Автор: ?білдина ?йгерім Бисенбі?ызы

Дата: 30.03.2016

Номер свидетельства: 312151


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства