Ұйымдастырушылық-ізденістік | - Сәлеметсіндер ме, балалар! Төрлетіндер, мен өрістен келе жатқан малдарды қарсы алайын деп шығып бара жатырмын, бірге қарсы алайық. Әр жануар өздерін шақырған дыбысты алыстан естіді. - Сендер білесіндер ме? Өрісте өскен жануар, Шөкетайым қайдасың? Шөре — шөре — деп ешкіні шақырады. Қамбар ата өсірген, Құла атым қайдасың ? Ойсыл қара баласы, Ботақаным қайдасың? Қөс-көс — деп түйені шақырады. Маржан апай: Бәрекелді, балалар! Жарайсыңдар! Балалар, - Балалар, сендер жұмбақтарды шешу білесіңдер ме? Жұмбақ шешу. Кезекті бір жануар. Үстінде екі тауы бар. Ботасы сүт емеді. - Ол не? -Ал сендер түйе туралы не білесіңдер? 2. Екі айнасы бар? Екі найзасы бар? Төрт жылтырмағы бар? Бір шыбыртқысы бар? -Ол не? Ал сиыр туралы не білесіңдер? 3. Кішкентай ғана бойы бар. Айналдырып киген тоны бар. -Ол не? - Қой туралы не білесіңдер? 4. Шапқылауға тоймайды, Ғажап жүйрік бұл неткен? Тынып таппай ойнайды, Өзіне кім үйреткен? Ал,балалар жылқы туралы не білесіндер? Дұрыс 5 Басында екі таяғы бар, Төрт аяғы бар, Адам деуге болмайды сақалы бар. -Ол не? Ешкі туралы не білесіңдер? Сергіту сәтті: Қошақандар ұйықтап жатыр, Орындарынан тұрды. Керілді, созылды, Орындарына барып отырды. Жарайсыңдар балалар. Енді біз Маржан апайға сыйлық дайындайық. Қане,бәрің орындарыңа отырып сыйлықтарыңды әзірлеңдер. (Балалар сыйлықтарын дайындайды) 1. Жылқы — малдың патшасы Түйе — малдың қасқасы Қой — мырзалық Сиыр — ақтық Бота ойнақтаса - молшылықта, Тайлақ ойнақтаса — тоқшылыққа. Әжеме де барайын, бұзауымды қарайын. Түлік төлден өседі. Жақсы ат жанға серік. - Рахмет, балалар үй жануарлары туралы мақал-мәтел, тақпақтар біледі екенсіңдер. Осы кезде өрістен келген жануарлар айтыса бастайды. Иеміз қайсымызды жақсы көреді, - деп сұрасты. Ойын Сонда лақ тұрып: Маржан апай: Таласпаңдар, бәрің де керексіңдер. Бәрің де пайдалысыңдар. Адамдар сендерсіз өмір сүре алмайды. Балалар, сендер жануарлар туралы көп біледі екенсіңдер. Малды қадірлеу, оларды күту керек. - Маржан апай біздің балалар, ән де айта алады. Қанекей балалар Маржан апайға арнап «Қошақан» әнін орындап берейік. - Балалар Маржан апайдың бізден басқа тағы баратын жерлері бар екен, қанекей дайындаған сыйлығымызды тарту етейік. Маржан апай: Балалар сендер төрт түлік мал туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Жарайсыңдар ! Өркендерің өссін. - Біз енді жүрейік, балалар бүгінгі саяхатымыз осымен аяқталды, Апа сізге көп рахмет бізді қарсы алғаныңыз үшін. Балалар ал енді біз топқа барайық. | - Сәлеметсіз бе, Маржан апай! -Білеміз. Құрау — құрау — деп жылқыны шақырады. Зеңгі баба өсірген, Әукешім менің қайдасың Аухау — аухау — деп сиырды шақырады. Ол түйе. Түйе төрт түліктің бірі.Мынау түйе,түйенің төлі бар ,түйе тікенек жейді. Су ішеді. Ботасы сүт емеді. Ол сиыр Мынау сиыр ,сиырдың төлі бар,сиыр шөп, жем жейді. Су ішеді. Бұзау сүт емеді. - Қой - Мынау қой, қойдың төлі қозы.Қой шөп, жем жейді. Қозы сүт емеді. Қой мен қозы жайылып жүр. Ол жылқы. Мынау жылқы, жылқының төлі құлын, жылқы сұлы, жем жейді. Құлыны сүт емеді. Ол ешкі Мынау ешкі, ешкінің төлі лақ, ешкі шөп, жем жейді. Лақ сүт емеді . Ешкінің сүтінен құрт, ірімшік жасайды. Балалар,Маржан апай жайғасып отырсын, демалсың. Апа, балалар сізге мақал-мәтел, тақпақтар айтып, ойын ойнап береді. Ме - ме, ме. Әрине мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді, мамықтай түбітімізді пайдаланады. Түбітімізден қолғап тоқиды. Құлын: Ием мені жақсы көреді. Біздің сүтімізді, күшімізді пайдаланады. Қымызды емге қолданады. Бұзау: Жоқ, ием мені жаксы көреді. Біздің етімізді, сүтімізді пайдаланады. Сүтімізден май, құрт жасайды. Бота: Ием мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді, күшімізді пайдаланады. Сүтімізден шұбат жасайды. Қозы: Ием мені жаксы көреді. Адам біздің етімізді, терімізді, жүнімізді пайдаланады. Терімізден тон тігеді. Балалар «Қошақан» әнін орындайды. Сау болыңыз! |
Рефлексиялық-түзетушілік | . Сабақты қорытындылау. Тәрбиеші: Ал балалар біздің саяхатымыз аяқталды. Біз бүгін сендермен не туралы әңгімелестік? Төрт -түлік малдарды атаңдаршы. Олардың төлдерін білеміз бе? Тамаша, балалар сендер бүгін бәрің жақсы жауап бердіңдер, енді дем алыңдар. | Үй жануарлары туралы әңгімелестік. Қой, сиыр, жылқы, түйе, ешкі Құлын, бұзау, бота, қошақан, лақ |