kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Төрле, төрле жаңа жыл!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортаңғы тобына арналған жаңа жылдық ертеңгілік.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Төрле, төрле жаңа жыл!"»

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар,ата-аналар! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыстар тілейміз! Жаңа жыл қарсаңына орай өткізгелі отырған бүгінгі тобымыздың «Төрле, төрле Жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Құтты болсын ағайын,

Жаңа жылым тағы да.

Қол соғып қарсы алайық,

Шақырайық ортаға,

Ертеңгілік бастасын,

№8 ортаңғы тобы да!

(Мерекелік музыка ойнап, ортаға екі бала шығады).

Асылжан:

Армысыңдар, халайық!

Бармысыңдар, халайық!

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Аружан:

Ертегі әлемі

Қандай өзі әдемі,

Жасыл шырша жанында,

Барлық достар жиналды.

Кәне балақай, байқашы,

Мән беріп қарашы!

Достардың барлығы,

Үлгерді ме, санашы.

(Екі бала қалған балаларды алып, ортаға билеп шығып, орындықтарына отырады).

Ән: «Жаңа жыл»

Амирали:

Сәлем бізден баршаға

Құттықтаймыз жар сала.

Бүгін бізде жаңа жыл,

Қош келіпсіз шыршаға.

Нұршат:

Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын жаңа жыл,

Құттықтаймыз сіздерді!

Ильяс:

"Елочка, елочка,
Яркие огни,
Синими бусами,
Елочка, звени,

Аружан:

A happy New Year!
The day is so clear,
The snow is so white,
The sky is so bright,
We shout with all our might:
«A happy New Year!»

Асылжан:

New Year Day!

New Year Day!

Let us sing.

And let us play!

Father Frost Bring many toys

For little girls And little boys!

Асхат:

Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз баріміз.

Жұлдызай:

Аспан жерге төгеді.

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Көрсін біздей балғынды

Шырқатайық ән-жырды.

(Музыка ойнап залға Фея майшам ұстап кіреді).

Фея: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің Жаңа жылда ертегі күтіп отырғандарыңды естідім, өзімнің сүйікті ертегілерімнің бірін ала келдім. Сонымен тыңдаңдар. Бір кішкентай қалашықта Кай деген ұл (Кай жүгіріп шығады), Герда деген қыз (қыз жүгіріп қасына келеді) болыпты. Әжелері өзінің сүйікті немерелерін өте жақсы көріпті. Бір күні оларды Жаңа жылды тойлауға шыршаға жібереді. (Фея балалардың қолынан ұстап шыршаның артына кетеді). (Кай мен Герда шыршаның артынан қол ұстасып ортаға келіп тұрады).

Герда: Кай, Қар Ханшайымы балалардың мерекесіне келеді ме?

Кай: Келіп көрсін, мен оны пешке отырғызып қояйын. Ол сосын еріп кетеді (күледі).

(Залға Қар Ханшайымы кіреді)

Қар ханшайымы:–Ах, сен мұнда екенсің ғой. Жүр менімен! (Кайды алып кетеді)

(Артынан Герда жүгіріп)

Герда: Кай, Кай тоқта! (Шыршаның алдына келіп) Қар Ханшайымы Кайды алып кетті, енді не істеймін? (Тізесіне отыра қалып жылайды).

Фея: Жылама, Герда! Сенің жақсы шыдамды қыз екеніңді білеміз. Сен Кайды міндетті түрде табасың, жол ұзақ. Жылы киіміңді киіп ал да, жолға аттан. (Тон, пима кигізеді) Шоқ Жұлдыз қайдасың?!

Шоқ жұлдыз: Мен мұндамын, қандай тапсырма бересіз?

Фея: Түсе ғой бері. Мына Гердаға жол көрсетіп жібер.

Герда: Кай, мен сені іздеп табамын!

(Залға Қар Ханшайымы кіреді)

Қар ханшайымы: Балалардың көңілді болғанын ұнатпаймын. Не ән! Не күлкі! Мен сендерге көрсетемін.

Асылжан: Біз сеннен қорықпаймыз. Сенің суығыңнан да қорықпаймыз. Біз көңілдіміз, өйткені қар атысып ойнаймыз.

Шапағат: Сенің дауысың қорқынышты емес! Суық желден де қорықпаймыз.

Ойын: «Қар атысу» (Орындықтардың астынан қар алып, лақтыру).

Қар ханшайымы: Ах солай ма, жаман қыздар мен ұлдар! Күлесіңдер, көңілдісіңдер, ендеше қорғаңдар. Әй менің сенімді көмекшілерім, мұздар! Қайдасыңдар? Алыңдар мына қарларды, ұшыңдар, ұшыңдар, барлығын мұз қылып қатырыңдар.

Би: «Ұлпақарлар»

(Би болып жатқанда шыршаның шамын сөндіру, барлық балалар қатып қалады)

Қар ханшайымы: Жарайсыңдар, менің көмекшілерім. Жақсы еңбектендіңдер. (мұздардың басынан сипап, таққа барып отырады)

Фея: Ой, сұмдық, Мынау не болды өзі? Аналардың жүрегі ғана бұл мұзды еріте алады. Кәне аналар, жылдам балалардың аттарын қаттырақ айтып оятыңыздар. (Аналар балалардың атын атап тірілтеді) балалар бастарын көтеріп отырады.

Фея: Кәне бұл жерден кетіңіз. Біз Аяз Атаны шақырамыз. Сізге жаман болады.

Қар ханшайымы: Ха-ха-ха! Оны әлі көреміз, кімге жаман болатынын. Аяз Ата келмейді. Герда Кайды таба алмайды.

Фея: Бізді қорқытпа. Жаңа Жыл кешінде не күтіп тұрғанын білмейсің

Қар ханшайымы: Мен көрейін не күтіп тұрғанын. Ол үшін сыған қыздарын шақырамын (Шыршаның артынан сыған қыздары биге шығады)

Би: «Сығанша»

Сыған қызы Рада: балалардың қолдарын кезек-кезек алып, ой сен үлкен ғалым боласың. Ал сен ғарышкер болады екенсің, т.с.с.

Сыған қызы Рада: Неге шақырдың Қар Ханшайымы а-а?

Қар ханшайымы: Жетер билегенің, енді мені Жаңа жыл кешінде не тосып тұр, соны айтып бер.

Сыған қызы Рада: Қазір, қазір менің маржаным! (Картасын жайып) О, сұлуым, бүгін сен Аяз атаның қолынан пеште ерисің. Карта өтірік айтпайды, алдамайды.

Қар ханшайымы: Сен не деп кеттің өзі? Оңбаған мыстан сыған, кәне жоғал! (Рада шығып кетеді, қыздар орындарына отырады)

Қар ханшайымы: (ойланып) Аяз атаның қолынан пеште еримін бе? Мүмкін емес. Карта алдайды. Бірақ мен ойланып көрейін (Кетеді).

(Герда залға кіреді).

Герда: Қалай ұзақ жүрдім, шаршадым, жатып дем алайын (Шыршаның астына жатып ұйықтайды).

Фея: Герда сен не істеп жатырсын? Тоңып қалған жоқсың ба?

Герда: Мен әлі Қайды іздеп жүрмін.

Фея: Саған тек Ақшақар көмектесе алады. Кәне балалар, Ақшақарды шақырайық!

Балалар: Ақшақар, Ақшақар!

Ақшақар: Міне, менде келдім. Сәлеметсіңдер ме, достарым. Сәлеметсің бе Герда. Сен неге жылап тұрсың?

Герда: Қалай жыламаймын. Мен үйге де айта алмаймын, інімді де таба алмаймын. Сен маған көмектесші.

Ақшақар: Жылама, Герда. Менің бір сиқырлы айнам бар. Соған қарап Кайдың қайда екенін көрейік. Кәне, Сиқырлы айна, бізге көмектесші. Кай қайда екенін көрсетші. Міне, Қар Ханшайымының ат шанасы көрінді. Бізге қарай келе жатыр. Кәне, тығылайық (Шыршаның артына тығылады).

(Залға Қар Ханшайымы мен Кай кіреді. Қар Ханшайымы таққа отырады, Кай оның аяқ жағына отырады).

Кай: Жан-жағымыз тып-тыныш. Көңілсіз бәрі (мұз пішіндермен ойнап отырады).

Қар ханшайымы: Шудан гөрі тыныштық жақсы ғой.

Кай: Бүгін барлық жерде Жаңа жыл ғой.

Қар ханшайымы: Бізге ешкім керек емес. Ешкім келмейді де.

Кай: Достарымсыз маған көңілсіз. Мен ән айтып, би билегенді ұнатамын.

Қар ханшайымы: Кәне, жап аузыңды. Ыңырсымай қойшы! (Осы кезде шыршаның артынан Герда шығады)

Герда: Кай! Сен мені таныдың ба?

Кай: Иә, таныдым, бірақ айқайлап мазамды алмашы.

Герда: Сенің есіңде ме, біз қандай көңілді болдық?!

Қар ханшайымы: Енді ол көңілді болғанды ұнатпайды.

Герда: Өтірік! (Аяғымен тарсылдатып) ол мені ұмытқан жоқ! (Кайға жақындап, құшақтап, бетінен сүйеді) Мен сені таптым, Кай!

Кай: Сәлеметсің бе, Герда! (Қолдарын шапалақтап, айналады, күледі, қуанады орнына барып отырады).

(Шыршаның артынан Фея шығады)

Фея: Герда Кайды тапты да, біздің мейрамға келді. Біз енді мейрамды жалғастырайық, ән салып, би билейік.

Қар ханшайымы: Мен ән, күлкі, мейрамды ұнатпаймын! Мерекелеріңді бұзамын! Ха-ха-ха!

Фея: Балалар, жылдамырақ Аяз атаны көмекке шақырайық

Балалар: Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

Аяз ата: Келе жатырмын (есіктің артынан айқайлап) келе жатырмын! Сәлеметсіңдер ме, балалар! Амансыздар ма, қонақтар! – Ақшақар, не болып жатыр? Көңіл-күйлерің жоқ қой?

Ақшақар: Қар Ханшайымы біздің мерекемізді бұзбақшы. Сиқырлы таяғыңда алып, оны пешке ерітіп жіберші.

Аяз ата: Бір, екі, үш. Бері кел пеш! Бір, екі, үш. Қар Ханшайымын ерітіп жібер. (Үрлегенде, Қар Ханшайымы айналып, айналып пешке барып құлайды).

Қар ханшайымы: Көмектесіңдер, еріп барамын!

Аяз ата: Міне, Қар Ханшайымынан құтылдық. Мерекемізді жалғастырайық.

Кәне, балалар шеңбер құрып тұрайық.

Шыршаның шамын жағайық!

Барлығы:

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат! (Шыршаның шамын жағу).

Ән: «Шырша жыры»

Аяз ата: Әнді жақсы айтады екенсіңдер. Ойын ойнағыларың келе ме?

Балалар: Иә.

Ойын: «Кім жылдам»

Шарты: балалар екі топқа бөлінеді. (әр топта5 баладан) Екі топқа дорба беріледі. Дорбаны киіп шыршаны айналып жүгіріп келеді. Келесі бала әрі қарай жалғастырады. Бұрын келген топ жеңіске жетеді.

Ақшақар: Аяз ата, балалар сіздерге тақпақтар дайындапты. Тыңдап көрейік.

Инабат:

Келді,келді жаңа жыл,

Қуанып қарсы ала біл.

Аяз ата сыйлығын

Алайық айтып жаңа жыр.

Мейірім:

Жаңа жылда жаңаша,

Тақпақ біздер айтамыз,

Болсын риза балаша,

Аппақ аяз атамыз.

Мағжан:

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Гүлнұр:

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.

Айзанат:

Кто в нарядной теплой шубе,

С длинной белой бородой,

В Новый год приходит в гости,

И румяный, и седой?

Денис:

Он играет с нами, пляшет,

С ним и праздник веселей!

- Дед Мороз на елке нашей

Самый главный из гостей!

Диас:

Жаңа жылда балалар,

Тек жақсылық көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болу өзіңнен.

Айдина:

Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.


Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Мен де сендерге өзіммен бірге кішкентай Аяз аталарымды ала келдім. Кәне, менің достарым. Шығыңдар, билеріңді көрсетіңдер!

Би: «Санта Клаус»

Фея: Аяз ата, сізбен ойын да ойнадық, би де биледік. Балалар тақпақ, әндерін айтты, осы сіздің сыйлығыңыз қайда?

Аяз ата: А-а-а! Сыйлық па? Сыйлық бар, қазір табамыз (Шыршаның астынан кішкентай мешінді алып шығады). Міне, сыйлық сендерге. Келе жатқан мешін жылы ғой.

Фея: Жоқ, ондай емес. Ол тым кішкентай ғой. Бізге үлкен мешін келіп сыйлық берсін

Аяз ата: Жарайды, (Таяғымен сыйқырлайды) Үлкен мешін кіріп, балаларға сыйлық әкелсін! Бір, екі, үш! (Залға үлкен мешін кіреді. Қоржынында сыйлықтар болады).

Мешін: Сәлеметсіздер ме, балалар! Қандай өнерлі, жақсы балаларсыңдар. Сіздерді көріп, сіздермен бір жыл бойы ойнап күлуге, барлық жақсы күндерде бірге болуға ұзаққа келдім. Аяз атаның өздеріңе дайындаған сыйлықтарын ала келдім.

Аяз ата: Бәрекелді!

Мешін: Сыйлықтарды таратпас бұрын менде мына сүйкімді балапандардың тақпақтарын тыңдағым келіп тұр.

Даниял:

Шеберін-ай аяздың

Әйнектерді қағаз ғып,

Әшекейлеп қойыпты,

Бірнеше ою ойыпты.

Мухамеджан:

Суреттерді әр үйге

Әйнектерге әрине

Түнде салып береді,

Көзі қалай көреді.

Ақжол:

Тақпақтарды жаттадық

Биде үйрендік көрсін деп,

Аяз ата шаттанып,

Бізге риза болсын деп.

Абилмансур:

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Жадырап жүр бар бала.

Шапағат:

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.


Әділбек:

Мұздан моншақ тағынып,

Күміс қырау жамылып.

Ортада тұр ақшақар,

Көптен күтіп сағынып.

Б.Абилмансур:

Тілеймін бар әлемге

Дос көп болсын Жаңа жыл!

Ата-әже, әке-шеше

Құтты болсын Жаңа жыл!

Мешін: Енді міне , кәне, сыйлықтарыңды ала қойыңдар. Келе жатқан Жаңа жылдарың құтты болсын! Әрқашан осылай жүздеріңнен күлкі кетпесін!

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар! 2016 жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет! Келе жатқан Жаңа жыл отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!









































Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№35 «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны









«Бекітемін»

№35 «Балдырған» бөбекжайы директоры:

________________ Кабдрахманова М.М

«__» __________2015жыл





«Төрле, төрле Жаңа жыл!»

Жаңа жылдық ертеңгілік

(Ортаңғы тобы)











Дайындаған: №8 ортаңғы топ тәрбиеші А.У.Карабасова



















Ақтау қаласы

2015-2016 оқу жылы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Төрле, төрле жаңа жыл!"

Автор: Карабасова Айгерим Умирбековна

Дата: 04.11.2016

Номер свидетельства: 355412

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Т?рле, т?рле жа?а жыл!"
    ["seo_title"] => string(25) "torlie-torlie-zhan-a-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "210249"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431407921"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) ""Т?рле,т?рле,Жа?а жыл!""
    ["seo_title"] => string(27) "torlie-torlie-zhan-a-zhyl-1"
    ["file_id"] => string(6) "273170"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452164568"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "К?не аспаптар сыр шертеді - ?обыз бен скрипка."
    ["seo_title"] => string(42) "konieaspaptarsyrshiertiedikobyzbienskripka"
    ["file_id"] => string(6) "298143"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456298616"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "К?не аспаптар сыр шертеді - ?обыз бен скрипка.Музыка саба?ы"
    ["seo_title"] => string(54) "konieaspaptarsyrshiertiedikobyzbienskripkamuzykasabagy"
    ["file_id"] => string(6) "298145"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456298970"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Халы?ты? ма?танышына айнал?ан домбыра "
    ["seo_title"] => string(42) "khalyk-tyn-mak-tanyshyna-ainalg-an-dombyra"
    ["file_id"] => string(6) "158107"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421686426"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства