kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіл мерекесі ертеңгілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                  Ана  тілі.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, құрметті балалар! Мерекемізге қош келдіңіздер.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып – ақ алдыңдар.- дей отырып   бүгінгі  ертеңгілік кешіміздің тақырыбы  «Ана  тілі» -  деп   аталады.

Ертеңгілігімізді  Мемлекеттік Әнұранмен бастайық. Оң қолды жүрекке қойып орындаймыз.

Балалар мен сендердің білімдеріңді сынағым келіп тұр:Мен сұрақ қоямын сендер жауап беріңдер.

         -Біздің  ұлтымыз  қалай  аталады?

Қазақ  деп  аталады.

-Біз  қай  тілде  сөйлесеміз?

-Қазақ  тілінде  сөйлесеміз.

               -Ендеше балалар  бүгін  қандай  мереке?

-  «Тіл»  мерекесі.

-Дұрыс  айтасыңдар, бүгін «Тіл» мерекесі.

-Жарайсыңдар  балалар,

Жүргізуші:Балалар   Ана тіліне  деген сезімдеріңді білдіріп дайындаған тақпақтарын тамашалайық.Ортаға тақпақтарымен

К.Айзере:            Жаса мәнгі ана тілім, жан тілім,

                             Жаса  мәңгі дана тілім, жарқыным.

Айнара:              Ана тілің-арың бұл.

                            Ұятың боп тұр бетке!

Алдайыр:

                            Өзге тілдің бәрін біл

                            Өз тіліңді құрметте!

Кәрімжан:         Асқар  тауым – Қазақстан,

       Әсем  әнім – Астанам.

Зариф:              Ана тілін сүймеген,

                           Халқын сүйіп жарытпас!

Айсауле:           Туған тілім-баба тілім-өз тілім!

                           Туған тілім-анам тілі-өз тілім!

Раяна:               Ана тілін білмеген,

                           Ақылы жоқ желікбас.

Жүргізуші : Қонаққа келген Үш ұлттың өкілдері өздерімен бірге ұлттық тағамдарын ала келіпті. Тағамдармен таныстырып өтейін: Мына тағамды Өзбек халқы ала келіпті

Орыс халқының  тағамымен таныстыру

Қазақ халқыныңтағамымен таныстыру

Жүргізуші :

Келесі тамашалап тыңдайтындарыңыз балалардың орындауында «Жаса мәңгі- Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.

 (Әжесі немересін ертіп келеді)

Әжесі: Жүр деймін саған, жүр,жүр,жүр деймін.

Немересі:Нехочу, әжека, нехочу не пойду я туда.

Әжесі:Нехочу нет ! Жүр енді сені балабақша балаларына апарайын, қазақ тілін үйрен.Қалада жүріп өзің әбден орысшаны үйреніп, қазақшаны ұмытайын депті.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе әже,Не болды? Немереңізге неге бақырып келесіз?

Әжесі:Амансыңдарма шырақтарым? Мынау менің немерем қаладан келгенЖарты сөзі қазақша, жарты сөзі орызша сөйлейді.Осы немеремді жөнге салып, қазақша үйретсеңдер деген едім.

 Жүргізуші:Жақсы  әже, келіңіздер, бізде де бүгін дәл осы мәселедегідей тілдер мерекесін тойланып отыр.Мерекеміздің қонағы болып,  біздің балаларымыздың қазақ  тіліндегі тақпақтарымен әндерін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:Балалардың  дайындаған тақпақтарына берейік. Ортаға тақпақтарымен

М.Айзере:       Сүйемін туған тілді- анам тілді,

                         Бесікте жатқанда-ақ берген білім.

Богдан:        Қазақстан – Отаным  деп,

Әрқашан да  мақтанам.

Айдар:        Қазақстан  жері – сәніміз,

Мәуесі мол  бағымыз.

Айлана    :        Ана тілін білмеген,

                           Өмірден құр қалады.

 Алмат:              Ана тілім- жүрегісің анамның,

                           Жүрек-ана, мен өзіңнен жаралдым.

Жанназар

                           Өссе тілім, мен де бірге өсемін

                           Өшсе тілім, мен де бірге өшемін

Жүргізуші:Әже өзге ұлттың өкілдерінен өзбек халқы келіп, мерекемізге  өзбек биін ала келіпті.Олай болса қыздардың орындауында  « Өзбек »биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:

Тағы тамашалайтын тақпақтарымыз бар. Соны тыңдайық Тақпақтарымен ортаға:

Рамазан:          Ана тілім- бал тілім,

                           Өзің барда шалқыдым.

Даулет:           Өз тілімде ән шырқап,

                           Теркеметіп балқыдым.

Рома:                Тіліме кім тағар мін,

                           Осы барда ерке санаймын.                

Арнур:             Туған тілім- тірлігімнің айғағы

                           Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Айда                 Саясында  жетілер.

     Балдай  бала  шағымыз.

Валерия:             Осы тілде сөйлеген,

                           Бабам менің атам да.

Мансур:           Осы тілді дарыған,

                           Әлдейі де анамның.

   Ахмет:           Жеті жұрттың тілін біл,

                          Жеті түрлі ілім біл

Жүргізуші: Көп ұлттардың ішінен қонаққа орыс ұлты да келіп, өздерінің билерін ала келіпті. Ендеше ұлдардың орындауында Орыс ұлтының биін тамашалайық.

Жүргізуші: Әже, көрдіңіз бе? біздің балалар мерекеге арнап тақпақтар жаттаған екен, Енді біздің балалардың «Отан ана»әнін қабыл алыңыздар.. Сіздің немереңіз де біздің балаларға қосылып  әнді орындауына болады.

Немересі:Ой, әжека өте интересна екен, мен можна мында қалайыншы. Менің де қазақшаны біраз үйренгім келеді.

Әжесі:Балам-ау мен сені мында қуана қалдырамын, сенің қазақ тілінде үйренгенің мен үшін де үлкен мәртебе емес пе?Мен онда үйге барайын.

Жүргізуші:Жақсы балалар осымен бізде ертеңгілігіміз аяқталды Келген қонақтармен қоштасайық.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіл мерекесі ертеңгілік»

Ана тілі.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар , құрметті балалар! Мерекемізге қош келдіңіздер.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып – ақ алдыңдар.- дей отырып бүгінгі ертеңгілік кешіміздің тақырыбы «Ана тілі» - деп аталады.

Ертеңгілігімізді Мемлекеттік Әнұранмен бастайық. Оң қолды жүрекке қойып орындаймыз.

Балалар мен сендердің білімдеріңді сынағым келіп тұр:Мен сұрақ қоямын сендер жауап беріңдер.

-Біздің ұлтымыз қалай аталады?

Қазақ деп аталады.

-Біз қай тілде сөйлесеміз?

-Қазақ тілінде сөйлесеміз.

-Ендеше балалар бүгін қандай мереке?

- «Тіл» мерекесі.

-Дұрыс айтасыңдар, бүгін «Тіл» мерекесі.

-Жарайсыңдар балалар,


Жүргізуші:Балалар Ана тіліне деген сезімдеріңді білдіріп дайындаған тақпақтарын тамашалайық.Ортаға тақпақтарымен

К.Айзере: Жаса мәнгі ана тілім, жан тілім,

Жаса мәңгі дана тілім, жарқыным.


Айнара: Ана тілің-арың бұл.

Ұятың боп тұр бетке!

Алдайыр:

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!

Кәрімжан: Асқар тауым – Қазақстан,

Әсем әнім – Астанам.



Зариф: Ана тілін сүймеген,

Халқын сүйіп жарытпас!


Айсауле: Туған тілім-баба тілім-өз тілім!

Туған тілім-анам тілі-өз тілім!

Раяна: Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желікбас.

Жүргізуші : Қонаққа келген Үш ұлттың өкілдері өздерімен бірге ұлттық тағамдарын ала келіпті. Тағамдармен таныстырып өтейін: Мына тағамды Өзбек халқы ала келіпті

Орыс халқының тағамымен таныстыру

Қазақ халқыныңтағамымен таныстыру

Жүргізуші :

Келесі тамашалап тыңдайтындарыңыз балалардың орындауында «Жаса мәңгі- Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.



(Әжесі немересін ертіп келеді)

Әжесі: Жүр деймін саған, жүр,жүр,жүр деймін....

Немересі:Нехочу, әжека, нехочу не пойду я туда...

Әжесі:Нехочу нет ! Жүр енді сені балабақша балаларына апарайын, қазақ тілін үйрен.Қалада жүріп өзің әбден орысшаны үйреніп, қазақшаны ұмытайын депті.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе әже,Не болды? Немереңізге неге бақырып келесіз?

Әжесі:Амансыңдарма шырақтарым? Мынау менің немерем қаладан келгенЖарты сөзі қазақша, жарты сөзі орызша сөйлейді.Осы немеремді жөнге салып, қазақша үйретсеңдер деген едім.

Жүргізуші:Жақсы әже, келіңіздер, бізде де бүгін дәл осы мәселедегідей тілдер мерекесін тойланып отыр.Мерекеміздің қонағы болып, біздің балаларымыздың қазақ тіліндегі тақпақтарымен әндерін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:Балалардың дайындаған тақпақтарына берейік. Ортаға тақпақтарымен


М.Айзере: Сүйемін туған тілді- анам тілді,

Бесікте жатқанда-ақ берген білім.


Богдан: Қазақстан – Отаным деп,

Әрқашан да мақтанам.


Айдар: Қазақстан жері – сәніміз,

Мәуесі мол бағымыз.

Айлана : Ана тілін білмеген ,

Өмірден құр қалады.

Алмат: Ана тілім- жүрегісің анамның,

Жүрек-ана, мен өзіңнен жаралдым.

Жанназар

Өссе тілім, мен де бірге өсемін

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін


Жүргізуші:Әже өзге ұлттың өкілдерінен өзбек халқы келіп , мерекемізге өзбек биін ала келіпті .Олай болса қыздардың орындауында « Өзбек »биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:

Тағы тамашалайтын тақпақтарымыз бар. Соны тыңдайық Тақпақтарымен ортаға:

Рамазан: Ана тілім- бал тілім ,

Өзің барда шалқыдым.


Даулет: Өз тілімде ән шырқап,

Теркеметіп балқыдым.


Рома: Тіліме кім тағар мін,

Осы барда ерке санаймын.

Арнур: Туған тілім- тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Айда Саясында жетілер.

Балдай бала шағымыз.



Валерия: Осы тілде сөйлеген,

Бабам менің атам да.

Мансур: Осы тілді дарыған,

Әлдейі де анамның.


Ахмет: Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі ілім біл


Жүргізуші: Көп ұлттардың ішінен қонаққа орыс ұлты да келіп , өздерінің билерін ала келіпті. Ендеше ұлдардың орындауында Орыс ұлтының биін тамашалайық.


Жүргізуші: Әже , көрдіңіз бе? біздің балалар мерекеге арнап тақпақтар жаттаған екен, Енді біздің балалардың «Отан ана»әнін қабыл алыңыздар. . Сіздің немереңіз де біздің балаларға қосылып әнді орындауына болады.


Немересі:Ой, әжека өте интересна екен, мен можна мында қалайыншы. Менің де қазақшаны біраз үйренгім келеді.

Әжесі:Балам-ау мен сені мында қуана қалдырамын, сенің қазақ тілінде үйренгенің мен үшін де үлкен мәртебе емес пе?Мен онда үйге барайын.


Жүргізуші:Жақсы балалар осымен бізде ертеңгілігіміз аяқталды Келген қонақтармен қоштасайық.


















































































К.Айзере: Жаса мәнгі ана тілім, жан тілім,

Жаса мәңгі дана тілім, жарқыным.


Аинара: Ана тілің-арың бұл.

Ұятың боп тұр бетке!

Алдайыр:

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!


Раяна: Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желікбас.

Зариф:

Ана тілін сүймеген,

Халқын сүйіп жарытпас!


Айсауле: Туған тілім-баба тілім-өз тілім!

Туған тілім-анам тілі-өз тілім!


Кәрімжан: Асқар тауым – Қазақстан,

Әсем әнім – Астанам.



М.Айзере: Сүйемін туған тілді- анам тілді,

Бесікте жатқанда-ақ берген білім.


Богдан: Қазақстан – Отаным деп,

Әрқашан да мақтанам.


Айдар: Қазақстан жері – сәніміз,

Мәуесі мол бағымыз.

Айлана : Ана тілін білмеген ,

Өмірден құр қалады.


Алмат: Ана тілім- жүрегісің анамның,

Жүрек-ана, мен өзіңнен жаралдым.



Рамазан: Ана тілім- бал тілім ,

Өзің барда шалқыдым.


Даулет:

Өз тілімде ән шырқап,

Теркеметіп балқыдым.


Валерия: Осы тілде сөйлеген,

Бабам менің атам да.



Рома: Тіліме кім тағар мін,

Осы барда ерке санаймын.



Мансур: Осы тілді дарыған,

Әлдейі де анамның.


Ахмет: Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі ілім біл


Арнур: Туған тілім- тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.


Жанназар

Өссе тілім, мен де бірге өсемін

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін


Айда

Саясында жетілер.

Балдай бала шағымыз.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тіл мерекесі ертеңгілік

Автор: Тишбекова Кенжегуль Махметовна

Дата: 21.05.2017

Номер свидетельства: 417385

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""Алтын к?з мерекесі" - ерте?гілік "
    ["seo_title"] => string(36) "altyn-kuz-mieriekiesi-iertien-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "126062"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1415110852"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Күз мерекесі -ертеңгілік"
    ["seo_title"] => string(23) "kuz_merekesi_ertengilik"
    ["file_id"] => string(6) "527343"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1573999670"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "«Аналар» мерекесі (ерте?гілік)"
    ["seo_title"] => string(30) "analarmieriekiesiiertienghilik"
    ["file_id"] => string(6) "325160"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462873362"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Досты? мерекесі"
    ["seo_title"] => string(17) "dostykmieriekiesi"
    ["file_id"] => string(6) "291345"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455105435"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "тіл мерекесіне арнал?ан ерте?гілік "
    ["seo_title"] => string(43) "til-mieriekiesinie-arnalg-an-iertien-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "136403"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1417100995"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства