Жүргізуші:Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан,ананың сүтіненжаралған,сондықтан аналар қызғалдақтай қыздар бүгінгі көктемгі қандай жарқырап,гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!Ендеше Ата мен бала көрінісін тамашалаңыздар.Көрініс: «Ата мен бала»
Автор;Ерте,ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде,көненің көгерген жасыл кезінде,жерден қар кетіп,жердің түрі түрленіп тұрған кезінде,күннің сәулесі көктен қыздырып,жер ананың денесі бусанған шақта көңілді «көктем» атты патшалық болыпты. Осы патшалықты ақылды хан басқарыпты.Ол ханның 7ұл,7қызы болыпты.Сол патшалықты басқарған хан өз ұлдарының ішінен мұрагерін іздейді.Сөйтіп оларды сынамаққа бел буды.
Хан;Ұлдарым мен қыздарым!Мен қартайдым,сендерге қояр талабым бар.Соны орындағандарың менің мұрагерім боласыңдар.Кімнің өнері мен ақылы,көркіне сай болса,сол менің мұрагерім болып, осы патшалықты басқарады.
Автор;Хан ұлдарын қасына жинады.
Хан;Балам үйдегі алтын қазық кім?
Баласы;Үйдегі алтын қазық-бала.Ол мен.
Хан;Жоқ балам үйдегі алтын қазық сен емес,ол-ана.Ана ақылды болса, бала дана болады.Ана тәрбиесі-қызға үлгі.Ананың мейірімі-көзінде,ақылы сөзінде.Ханға қария келеді.
Қария;Тақсыр.
Хан;Датың болса айт.
Қария;Менің айтпағым балаларыңда.Балам жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Бала;Ата ашты тоқ, жоқты бар ететін мейірімді әке.
Қария;Жоқ балам!Әке қанша мейірімді болсада ананың жөні бөлек.Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол-ана.Анасыз бала ұйықтамайды,қатықсыз айран ұйымайды.
Хан;Жоқ сенің жауаптарыңа менің көңілім толмады.Ханзаданы шақырыңдар.
Ханзада әке не бұйырасыз?
Хан; Өнеріңді көрсет.
Ханзада;Ана!Ана! Не деген қастерлі, қасиетті сөз едің!Осынау 3 әріптен тұратын ұлы сөздің түбірінде қаншама ұлы сезім, ұлы құдірет жатыр десеңізші.Ананың ыстық алақаны жүрекке жылы тиіп, әр сөзі адамзат баласына өшпес нәр береді.Дүниеде ана қадірлі.
Автор;Осы патшалықтағы аяулы ана алыста тұратын бауырының үйінде болатын.Үйге 1аптадан кейін оралды.Үйге кірісімен қыздар бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады.
1қыз;Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көк нәр гүліндей сағындым.(іңкәр)
2қыз;Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөп даладай күттім.
3қыз;Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым.(Асылжан
4қыз;Мен сенсіз гүл таппағандай ара сияқтымын.(Інжу)
5қыз;Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің.(Тахмина)
6-қыз;Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым.(Жанель)
Автор;Сол кезде 7 қызы үндеген жоқ.Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп берді.
Ана;Қыз-қызғалдақтарым менің!Бәріненде менің ең кіші қызым қатты сағыныпты.
Кіп-кішкентай қыз;Бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім?
Бәрі;Ана.
Кіп-кішкентай қыз: (Данеля)- Төрт ұйқысын төрт бөліп бөбегін бөлеген кім?
Бәрі;Ол мейірімді ана.
Кіп-кішкентай қыз: (Данеля)Ардақты аналар!Адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі сіздер!Біз міңгілік сіздердің алдарыңызда борыштармыз.Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін, құрметін қабыл алыңыздар.Бүгінгі ән, би бәріде сіздер үшін.
Мирас:Ана дейміз бәрімізде аңқылдапМансур: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап Аналардан туған небір даналар
Ана деген-бәйтерегі өмірдің Ана деген тіршіліктің тірегі
Ана деген алтын қазық,алтын бақ! Армысыздар қасиетті аналар
Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын.
Кіп-кішкентай қыз;Адамзат ең алдымен ана алдында парыздар.Ана қарызы алтынға бөлеуді,ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды.
Бала;Ана баласының ғана қамқоршысы емес, ол адамзат атаулының амандығын тілеп,сол үшін қажырлы күреске шығады. Сондықтанда дүние жүзінің озық ойшыл жандары 8наурызды Халқаралық әйелдер күні етіп белгіледі.Ол күн жыл сайын үлкен мереке ретінде аталып өтіледі.
Ойын: « »
Тахмина орындауында әнді қабыл алыңыздар. Ән: « Туған жер »
Би: «Просто-просто»
Жүргізуші: Құрметті ата аналар бүгінгі «аналар» мерекесіне арнаған «Балауса» тобының ертеңгілігін тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!