kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Алтын к?з мерекесі" - ерте?гілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

~~                            К?з – мерекем, к?з – берекем
Зал ?демі безендірілген,  іші к?зді? жапыра?тарымен к?ркемделген.

 Армысыздар, бармысыздар!
К?птен к?ткен мереке,
Алтын к?зді ?арсы алы?ыздар!
Жарыс?а т?скен ?р сынып?а
С?ттілік тіле?іздер!

 И?, міне жыл сайын тойлап ?тетін ?лкен мерекені? бірі. «Алтын к?з» мерекесі де келіп жетті.

 Б?л мереке мектеп ?міріндегі д?ст?рлі мерекелерді? бірі. К?зде жеміс жидектер пісіп, алтын асты? ?амба?а ??йылатын, т?лдер ?сіп сана??а ?осылатын кезе?.

 К?з - береке, с?н - салтанат мереке айы, жиын - терім ая?тал?ан кезде Е?бекшілер «Сабан тойын» ?ткізсе, мектепте «Алтын к?з» мерекесі мерекеленеді.

Сыр беріп алтын к?з келіп жетті,
Жылы жа??а ??стар да ?шып кетті.
К?з болып жерді? беті жай?алды - деп келе б?гінгі Алтын к?з мерекесін бастау?а р??сат еті?із.

Дала сары секілді
Самал со?ты сал?ындау.
?ырман?а д?н ?йілді,
Алтын асты?, алтын тау.

 ?амба толы асты??а
Ал?ыс са?ан, Алтын к?з!
Бір уыс д?н шашты? та,
?ап – ?ап ?ауын алды? біз.

 Берекесін сыйлау?а
?лкемізге к?з келді.
Алма пісіп албырап,
К?зді тарт?ан ?о?ыр к?з.
 М?уе пісіп балбырап,
Маужыра?ан ?о?ыр к?з.
Алма пісіп албырап,
К?зді тарт?ан ?о?ыр к?з.

Шие: Мен монша?ты шиемін,
??марсы?дар білемін.
Кетіп ?алып ж?рмесін,
Тама?ы?а с?йегім.

 Алма: Пісіп т?р?ан алмамын,
Тамсандырар бал д?мім.
Жерге сілкіп т?сірме,
Ісіп кетер ма?дайы?.

Алм?рт: Тіл ?йірген алм?ртпын
Та?сы?ымын бар ж?ртты?.
Жа?сы ?сіре алмайды,
?араса егер сал?ырт кім.

??гелек: Сары алтындай ??гелек,
?андай т?тті ??гелек.
Д?мі аузы?нан кетпейді,
Барлы?ы о?ан жетпейді.

?арбыз: Те?біл – те?біл ?арбызды
Тентек Серік жар?ызды.
Сонан со? оны жеді,
Жеді де былай деді:
- С?йек болмаса, еті
Неткен т?тті - деді.

??лпынай: Піскен кезде ??лпынай,
?андай т?тті шіркін – ай.
?арай бергі? келеді,
Д?ркін, д?ркін, д?ркін – ай.

-  Алтын к?з, жеміс – жидектермен бірге к?к?ністер де келіпті енді соларды ты?дап к?рейік.

О?ушы : Бізді? елге келіпті ?ой Алтын к?з,
Жомартты?ын ба?ылады? б?ріміз.
Кім табады, кім табады келі?дер.
К?к?ністер ?нерін бір к?рі?дер.

?ызына?: Ба?шамыз?а к?птеген,
?ызына?ты ?сірдік.
К?з бол?анда шырынын
Дайындады? мол етіп.
Д?м таты?ыз ?ып – ?ызыл,
?ызына? деген мен болам.

?ияр: ?ияр деген мен болам,
Ерте пістім ба?шада.
Салат жасап ?зімнен,
?уантамын б?рі?ді.


?ыры??абат: ?абат-?абат тоным бар,
Капуста?ыз мен болам.
Аспаз т?тей д?мді ?ып,
Дайындайды ?рдайым.

С?біз: Ба?тан атам ба?ша?а
?келді с?біз ?аншама?
Сол с?бізден д?м татып,
Бойым ?сті соншама.

Бидай: Нан атасы бидаймын,
Нанды елге сыйлаймын.
Піскенімде мен ?ырда,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Алтын к?з мерекесі" - ерте?гілік »

Күз – мерекем, күз – берекем

Зал әдемі безендірілген, іші күздің жапырақтарымен көркемделген.


Армысыздар, бармысыздар!
Көптен күткен мереке,
Алтын күзді қарсы алыңыздар!
Жарысқа түскен әр сыныпқа
Сәттілік тілеңіздер!


Иә, міне жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі. «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті.


Бұл мереке мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелердің бірі. Күзде жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең.


Күз - береке, сән - салтанат мереке айы, жиын - терім аяқталған кезде Еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі мерекеленеді.

Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - деп келе бүгінгі Алтын күз мерекесін бастауға рұқсат етіңіз.


Дала сары секілді
Самал соқты салқындау.
Қырманға дән үйілді,
Алтын астық, алтын тау.


Қамба толы астыққа
Алғыс саған, Алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Қап – қап қауын алдық біз.


Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Алма пісіп албырап,
Көзді тартқан қоңыр күз.
Мәуе пісіп балбырап,
Маужыраған қоңыр күз.
Алма пісіп албырап,
Көзді тартқан қоңыр күз.

Шие: Мен моншақты шиемін,
Құмарсыңдар білемін.
Кетіп қалып жүрмесін,
Тамағыңа сүйегім.


Алма: Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайың.


Алмұрт: Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың.
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.

Әңгелек: Сары алтындай әңгелек,
Қандай тәтті әңгелек.
Дәмі аузыңнан кетпейді,
Барлығы оған жетпейді.


Қарбыз: Теңбіл – теңбіл қарбызды
Тентек Серік жарғызды.
Сонан соң оны жеді,
Жеді де былай деді:
- Сүйек болмаса, еті
Неткен тәтті - деді.


Құлпынай: Піскен кезде құлпынай,
Қандай тәтті шіркін – ай.
Қарай бергің келеді,
Дүркін, дүркін, дүркін – ай.


- Алтын күз, жеміс – жидектермен бірге көкөністер де келіпті енді соларды тыңдап көрейік.

Оқушы : Біздің елге келіпті ғой Алтын күз,
Жомарттығын бақыладық бәріміз.
Кім табады, кім табады келіңдер.
Көкөністер өнерін бір көріңдер.

Қызынақ: Бақшамызға көптеген,
Қызынақты өсірдік.
Күз болғанда шырынын
Дайындадық мол етіп.
Дәм татыңыз қып – қызыл,
Қызынақ деген мен болам.

Қияр: Қияр деген мен болам,
Ерте пістім бақшада.
Салат жасап өзімнен,
Қуантамын бәріңді.


Қырыққабат: Қабат-қабат тоным бар,
Капустаңыз мен болам.
Аспаз тәтей дәмді ғып,
Дайындайды әрдайым.

Сәбіз: Бақтан атам бақшаға
Әкелді сәбіз қаншама?
Сол сәбізден дәм татып,
Бойым өсті соншама.

Бидай: Нан атасы бидаймын,
Нанды елге сыйлаймын.
Піскенімде мен қырда,
Қауызыма сыймаймың.

Тары: Ақ, қарамын, сарымын,
Мен атақты тарымын.
Еңбегімнің жаз бойғы
Қайтарамын қарымын.

Сұлы: Мен сұлымын шырағым,
Барлық малға ұнадым.
Ауырлаған басымды,
Көтере алмай тұрамын.

Арпа: Қызыл мұртты арпамын,
Ырыс – құтты арнамын.
Машинаға мініп ап,
Малды ауылға тартамын.


Бүгінгі мерекеміздің бағдарламасымен таныстырып өтейік:
1. Таныстыру
2. Викториналық сұрақтар
3. Сән үлгісі
4. Күзгі дастархан
5. Көкөністерден, жемістерден бейне жасау (плакат)

6. Полиглот
7. Өз өнерін көрсету. (вальс, ән орындау )



Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем.

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл … дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!


- Ал енді осымен сайысымызды бастаймыз.
- Ол үшін әр топтың басшысы шығып қоржыннан асық алуы тиіс. Сол алған асықтағы белгіленген нөмір бойынша сайысқа түседі. Сонымен таныстыру кезеңі: 3 топ қатысады: 1 топ «Жас қырандар», 2 топ: «Сұңқарлар», 3 топ: «Білгіштер».
Жарқын дауыспен айқайлап,
Танысып өтсек әр жұппен. (1. Таныстыру: топтың аты, ұраны, эмблема)


2. Викториналық сұрақтар: Келесі сайысымыз викториналық сұрақтар. Сайысымыздың шарты бойынша әр топтың басшысы ортаға келіп, үстелдегі конверттерді таңдайды. Сұрақтарға жауап береді.


- Адам көркі шүберек,
Ағаш көркі жапырақ – демекші күз белгісін бейнелеген сәнді сән үлгілерін тамашалайық. 3. Сән үлгісі:

Сайыскерлеріміз дайындалғанша ортаға --------------------- әнімен шақырамыз.


4. Күзгі дастархан сайысына кезек береміз. Қолынан бал тамған сайыскерлеріміздің өнерін тамашалап, дәмін татайық.
Күзгі жеміс – жидектен
Жасаған тамақ тұр міне
Мұрныңды жара есіктен
Неткен дәмді тағам ең!



5. «Плакаттар» байқауы. «Күз » тақырыбындағы плакаттар байқауы.

6. Өз өнерін көрсету.

Шешендік еліміздің данасы,
Ән мен күй қаламыздың ағасы
Би билеп шырқайтұғын қыз бен жігіт,
Өнерін көрсетпейді деп айта алмайсың – дей келе келесі сайысымыз өнер сайысын бастайық. Ортаға 1 номерлі топты шақырамыз.

7. «Полиглот» ойыны
Мен жасырған жұмбақтардың жауаптарын үш тілде айту керек:

1. Тал басында
Тундіксіз отау (құс ұясы – … – …)

2. Күндіз тіпті ұшпайды
Түнде тышқан ұстайды (жапалақ – … – …)

3. Жаурағанда күлдірер,
Өз еркіне жіберсең –
Дүниені бүлдірер (от – … – …)

4. Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар (пияз – … – …)

5. Сақалы жоқ, шашы бар, бет-аузы жоқ, басы бар.
Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған (сыпыртқы – … – …)

6. Қол созсаң, ақ күміс, алақанға толады

Ашып-жұмсаң, із-түссіз лезде жоқ болады. ( қар - ......, .......)



Бәрекелді, балалар, енді біз «Жұмбақтар әлеміне» аттанайық

1. Ұшқанда тізіліп жұбын бөлмейді,
Қонса көл суы тізеден келмейді (тырна)

2. Құрлықта жүрсе – маймаңдап,
Суда жүзсе – еседі қайықтап. (үйрек)

3. Ұя сап, балапан баспайды,
Өз атын атап қақсайды. (көкек)

4. Дамылсыз барабан қағады,
Сол жерден тамағын табады. (тоқылдақ)

5. Қарағайдың, шыршаның
Бүрін шағып уатты.
Бұл қандай құс, айтшы, дос,
Тұмсығы қайшы сияқты. (қайшы ауыз)

6. Бұдыр-бұдыр балшықты,

Жинады да талшықты.

Ұқсатып қамытқа,

Үй салды жабыққа.   (Қарлығаш)




Әділ қазы алқасы берсін әділ бағасын – деп сөзді әділ қазылар алқасына береміз.

(Жеңімпаз топты марапаттау, құттықтау)


Қосымша тапсырма: Ойын «Кім тапқыр?» деп аталады.

Мен қойған 9 сұраққа кім жылдам әрі дұрыс жауап береді, сол жеңіске жетеді. Қатысушыларға арнайы сыйлықтарымыз бар.
1. Ең үлкен, ұшатын құс? (африкалық дуадақ)
2. Ең ұзақ жұмыртқа басатын құс? (кезеген альбатрос, 75-85 күн)
3. Африкалық түйеқұс қалай аталады? (страус)
4. Қанатсыз түйеқұс қалай аталады? (киви)
5. Алдыңғы аяғы ескекке айналған жүзетін құс?(пингвин)
6. Ең үлкен пингвин қалай аталады? (император)
7. Қыран құстар мекені қалай аталады? (ұябасар)
8. Аққудың балапаны қалай аталады? (көгілдір)
9. Жыл санауына кірген құс?(тауық)

Мақал-мәтелдер:

«Білімді мыңды жығар,білекті бірді жығар»демекші,келесі кезеңіміз мақал – мәтел жалғастыру. Мақал-мәтелдерді кезегімен алып, жалғасын айтады.

1. Жүзігің алтын болғанша… (жүзің жарқын болсын)

2. Ұлға отыз үйден тию… (қызға қырық үйден тыйым)

3. Атаңның баласы болма… (адамның баласы бол)

4 .Білекті бірді жығар…. (білімді мыңды жығар)

5. Шешен сөз бастар… (батыр қол бастар)

6. Әке көрген оқ жонар… (шеше көрген тон пішер)

7. Жақсы байқап сөйлейді… (жаман шайқап сөйлейді)

8. Әдепті бала – арлы бала… (әдепсіз бала – сорлы бала)

9. Жақсыдан үйрен… (жаманнан жирен)

10.Балапан ұяда не көрсе,.. ( ұшқанда онны алады)

11. Қына тасқа бітеді,.. (ақыл басқа бітеді)

12.Ата – бәйтерек,.. ( бала – жапырақ)


Қымбатты көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз.











































Қабанбай батыр ауылы № 41 орта мектеп



 

 

«Күз – мерекем,

күз- берекем»

( тәрбие сағаты)







Дусенбаева Р.А.

2014-2015 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Алтын к?з мерекесі" - ерте?гілік

Автор: Дусенбаева Рауза Ареновна

Дата: 04.11.2014

Номер свидетельства: 126062

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) ""Алтын балық" ертегісі желісімен алынған жаңа жылдық сценарий"
    ["seo_title"] => string(71) "altyn_balyk_iertieghisi_zhielisimien_alyng_an_zhan_a_zhyldyk_stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "447592"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1514901046"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(19) ""Алтын к?з" "
    ["seo_title"] => string(11) "altyn-kuz-1"
    ["file_id"] => string(6) "151980"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420794735"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(18) "Алтын   к?з"
    ["seo_title"] => string(9) "altynkuz4"
    ["file_id"] => string(6) "285384"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454158724"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Ашық сабақ "Алтын жұмыртқа""
    ["seo_title"] => string(31) "ashyk_sabak_altyn_zhu_myrtk_a_1"
    ["file_id"] => string(6) "388411"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486373428"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Алтын к?зге арнал?ан ерте?гілік"
    ["seo_title"] => string(38) "altyn-kuzghie-arnalg-an-iertien-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "286404"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454336750"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства