Ертеңгілік шеңбер.
(№11 «Гүлдер» екінші сәбилер тобы мен №10 «Жұлдыз» ересек тобы)
(Балалар сендер саяхатқа барғыларын келеме? Ендеше біз пойызбен орманға саяхатка барайық. Ал кеттік.)
Пойыз
Қане кімнің бойы ұзын
Паравозы пойыздың (музыкамен)
Қатар қатар тұрайық
Пойызды біз құрайық
Ал паравоз баста алға
Бәрімізді басқар да
Пыш пыш пыш біз кеттік
Жүрісті біз үдеттік (ал балалар енді шеңберге тұрып амандасып алайық)
Терезені ашайық
Таза ауа жұтайық
Керілейік, созылайық
Көңілді бір жымияйық
Дөңгеленіп тұрайық
Қолды белге қояйық
Жоғары, төмен қарайық
Жаттығуды бастайық
1,2,3 біз жинаймыз күш
4,5,6,7 мынау ауыл шеті
8,9,10 ал қанекей қон
Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір
Сағаттың тіліндей иіліп солға бір
Оңға бір солға бір
Сағатқа қарап ап
Жаттығу оңай ақ
(Қоян жүгіріп өтеді) (балалар не жүгіріп өтті? Қоян. Ендеше қоян туралы қандай жаттығу білеміз?)
Қоян шықты далаға
Жан жағына қарады
Жүгірді,секірді
Орнына кеп тұрды
(Аю жүріп өтеді) (балалар не өтіп бара жатыр? Аю. Ендеше аю туралы қандай жаттығу білеміз?)
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Аяқпенен топ топ топ
Алақанмен хлоп хлоп хлоп
Бір оңға бір солға (Музыкамен)
Билейікші кел мұнда
Қолымызды бір сілтеп
Басмызды шайқаймыз
Бір оңға бір солға
Айналамыз кел мұнда.
Өзімді өзім жақтаймын
Денсаулықты сақтаймын
Жүректен шыққан соншама
Тілеймін саулық баршаға
«Достық» әні
(Балалар тобымызға қайтуымыз керек, пойызымызға мінейік.) (музыкамен)