kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыптық сабақ "Отан қорғаушылар күні"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыптық сабақ "Отан қорғаушылар күні"»

«Отан қорғаушылар күні»

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Ән: Ән ұран.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, батырлар суреттері.
Тәрбиеші: Соғыста Кеңес Одағының бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында млн қазақстандықтар болған. Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мамбетова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. Бауыржан Момышұлы екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы қазақтың көрнекі жазушысы.
- Балалар Отан - туған жер туралы тақпақтар.
З. Нұрхан.
Отан үшін жанымызды береміз,
Отан үшін барлығына көнеміз.
Отаның да, ананың да алдында,
Осы өмірде парызды өтеп кетеміз.
Айзере.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен Отан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің сен Отан.
Ислам.
Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Диас
Отан - сенің, ата - анаң,
Отан - досың бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.

Жарқынай.
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқан, Ұлы Отан.
Елім менің - тірегім,
Құшағынды гүл атам.
Дияр.
Асыр салған таласып,
Біз туған ел - баласы.
Қандай байтақ - Отаным,
Жан - жағына қарашы.
Ажар.
Отаным - кең көсілген,
Төсінде ырыс өсірген.
Қаптаған шал, алып дән,
Бәрі менім несібем.
Тәрбиеші:- Иә сұралып соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте бер.
Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.
Арылтып жаудан жеріңді,
Табанға жаншып өлімді.
Жеңіспен желпіп өмірді,
Оралды ерлер көңілді,
Десеңдер бұл қай күні.
Тоғызыншы мамыр күні!
- Балалар жеңіс туралы кім тақпақ айтады.
Адия.
Жеңіс, жеңіс естіледі жалынды,
Жеңіс, жеңіс қоңыраулар қағылды.
Күн парақтар қып - қызыл боп ашылды.
Жеңіс келген тоғызыншы мамырды.
Самғат.
Домбырада саусақтары жаралы,
Жеңіс, жеңіс атам әнге салады.
Шаршағанда аңсағанда жас шағым,
Жеңіс деген сөзден ләззат алады.
Әлішер.
Ағайлардан, апайлардан, інімнен,
Жеңіс сөзін көп естідім мен бүгін.
Сәл күбірлеп жеңіс, жеңіс деп едім,
Жазылғандай әжем белі бүгілген.
Жамиля.
Жадыраңқы бүгін қабақ ашылған,
Жаса жеңіс мұң қайғыны қашырған.
Мен жеңістің көріп тұрмын алауын,
Жаңарладан алтын шуақ шашылған.
Тәрбиеші: Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәмбетова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов.
Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын, қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақ өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз бәрі де сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі. Әрине соғыс болмасын!
Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім, өз жеріміздің, патриоттары болайық.
Тәрбиеші: Балалар, біздің шекараны кім қорғайды?
Балалар: Солдаттар.
Шекарада солдат тұр,
Ел бақытын қорғап тұр.
Көңілденсін ағалар,
Амандық хат жолдап тұр.
Ән: Бұл шақта.
Тәрбиеші: Осымен «Ұлы жеңіс - жасасын» атты тәрбие сағаты аяқталды.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: ҚР - ның президенті Н. Ә. Назарбаевтың портреті, мақалдар, үлестірме қағаздар, интерактивті тақта, т. б

Сабақтың барысы:
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ. Себебі, бүгін бізге сабағымызды тамашалауға қонақтар келіп отыр. Қане, қонақтарымызбен сәлемдесейік. Олай болса, балалар, қонақтарға сыныбымызда білімді, үлгілі, тәртіпті, алғыр балалар бар екенін бүгінгі сабағымызда көрсетейік. Ендеше сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын сұрау.
«Менің Қазақстаным» тақырыбында үйден жазып келген эсселерін оқыту, тексеру.
Сұрақ – жауап
1. Қазақстанның астанасы қай қала?
2. Қазақстанның тұңғыш президенті кім?
3. Қазақстанның рәміздерін атаңдар?
4. Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?
5. Біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл?
- Ендеше, балалар, мына тақтадағы әріптерге көз салыңдаршы. Мұндағы әріптер орындарын ауыстырып, адасып қалыпты. Енді осы әріптерді өз орындарына тұруына көмектесейік.
«Адасқан әріптер» ойынын ойнау.
росы, тарат, раба, іенмс.

- Балалар, әріптерді орнына қойғанда қызыл шаршының ішінде қандай сөз шықты?
- Әрине, ОТАН
- Олай болса, балалар, біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы да Отан туралы, яғни «Отан – рухы биік, асқақ ұғым!»
(Дәптерлерімізді ашып, күннің реті мен жаңа сабақтың тақырыбын жазып қояйық)
- Балалар, қаламсабымызды өз орнына қойып, жаңа сабақты мұқият тыңдайық.
Мұғалім сөзі:
- Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Біздің еліміз тәуелсіз, егеменді мемлекет. Біз тәуелсіздігімізді 1991 жылы 16 желтоқсанда алдық. Қазақстан Республикасының бас қаласы, астанасы – Астана. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Кең байтақ Отанымыздың қалалары, байлықтары өте көп. Қазақстанда алтын, мұнай, көмір, түрлі - түсті металдар өндіріледі. Алматы, Астана, Шымкент, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Семей сынды үлкен қалалары бар. Туған жеріміздің табиғаты өте керемет. Өзен - көлдеріміз де бар. Бірақ Қазақстанның көп бөлігін далалы жер алып жатқандықтан оны далалы өлке деп атайды. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда 16 млн халық тұрады. Сонымен қатар, өзіміздің президентіміз, әнұранымыз, туымыз, валютамыз, елтаңбамыз бар. Біздің Отанымыздан ұлы адамдар да шыққан. Мысалы: А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ж. Жабаев, т. б. Осы ақындар өз өлеңдерінде Отан туралы көп жырлаған.
- Қане, сендердің араларыңда Отан туралы өлең білетіндерің бар ма?
(оқушылар монтажы)

1 - оқушы Арайлым
Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан – ана,
Отан үлкен
Қазақстан – туған ел!

2 - оқушы Мақсат
Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның –
Мақтанышым Астанам.

3 - оқушы Ақсаят
Көк байрағы бабамның –
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі әке, баланың – Қазақстан жалауы.

4 - оқушы Ақерке
Гүлзар баққа оранған,
Күннен киген бөрікті.
Аққудайын таранған,
Алматы әсем көрікті.

5 - оқушы Ерқанат
Қазақстан – елім,
Ұлан - байтақ жерім.
Тәрбиелеп өсірер
Өр тұлғалы ерін.

6 - оқушы Эльмира
Алтай,
Арқа,
Атырау
Жетісудай өңірді
Жайлап жатқан осынау
Қазақ елі көңілді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Тақырыптық сабақ "Отан қорғаушылар күні"

Автор: Жакипова Газиза Сейтжановна

Дата: 10.05.2017

Номер свидетельства: 414012

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "Баяндама: "Бастап?ы ?скери дайынды? саба?ы барысында сапты? дайынды?ты? ма?ыздылы?ы" "
    ["seo_title"] => string(87) "baiandama-bastapk-y-skieri-daiyndyk-sabag-y-barysynda-saptyk-daiyndyk-tyn-man-yzdylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "143209"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1418476845"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(159) "Сабақтың тақырыбы: Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қатысуы"
    ["seo_title"] => string(80) "sabak_tyn_tak_yryby_k_azak_standyk_tardyn_u_ly_otan_sog_ysynyn_shieshushi_shaik_"
    ["file_id"] => string(6) "389742"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486622130"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(19) ""Object pronouns." "
    ["seo_title"] => string(17) "object-pronouns-2"
    ["file_id"] => string(6) "215159"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432583059"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) ""Аталар ерлігі-?рпа??а ?лгі" "
    ["seo_title"] => string(32) "atalar-ierlighi-u-rpak-k-a-ulghi"
    ["file_id"] => string(6) "182635"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425565554"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства