Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Жаңа жыл»
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті бүлдіршіндер, ата-аналар, қонақтар! Біз сіздерді келе жатқан 2016 «Мешін» жылымен құттықтаймыз! Сіздерге жаңа жылда жаңа табыс, бақыт тілейміз. Енді «Қошақан» тобының Жаңа жылға арналған ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Ән «Жаңа жыл»
Жүргізуші: Балалар бүгінгі мерекемізде шыршамыз көңілсіз тұр ғой, шамдарын жағайықшы. Бір, екі, үш.
Балалар:
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат.
Ән «Шырша»
Жүргізуші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар.
Ертегімде сан қилы
Қызық – қызық сырлар бар.
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
Ертеде бір Ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті. Бірде Ешкі орманға жиналыпты.
Ешкі: Есікті ешкімге ашпаңдар! Мен қайтып оралғанда есікті қағып: «Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге қырыққабат әкелді! – деп ән саламын. (Ешкі кетеді)
Лақтар: Мерекеде асыр салып билейік.
«Лақтар» биі. (Лақтар отырады)
Ешкі мен қасқыр кездеседі.
Қасқыр: Сәлем, көрші! Жалғыз қайда барасын?
Ешкі: Балаларыма қырыққабат әкелейін деп барамын.
Қасқыр: Лақтарын қайда?
Ешкі: Үйде, сен оларды алдама. Мен сенің мінезінді білемін. Алдасан сүзіп аламын.
Қасқыр: Мен ет жегенді қойдым, қазір мен қырыққабат жеймін.
(Ешкі кетеді)
Қасқыр: Сәттілік менің қолымда. Жаңа жыл кезінде лақтарға тоятын болдым. (Ешкінің үйіне келеді) Лақтарым менің алтындарым, аналарын келді есік ашыңдар. (Лақтар есікті ашпайды.) Қалай алдап есік ашқызсам болады? Дауысымды өзгертуім керек.
(Қарға келеді.)
Қарға: Қақ-қақ ешкінің лақтарына тиіспе. Оларды аясаншы.
Қасқыр: Кет маған бөгет жасамай.
Қарға: Ешкінің лақтарына көмектескім келеді. (Ұшып кетеді)
Қасқыр: Мүмкін сүт ішсембе екен дауысымды өзгерту үшін. Бөтелкем қайда? Мен оны қайда қойдым?
Ойын «Кім жылдам?» (Ақырында бөтелкені алып, сүтін ішеді.)
Ән «Жаңа жыл»
(Қарға ұшып келеді)
Қарға:
Ұшамын мен ұшамын,
Қасқырды мен қорқытамын!
Аңшылар, келіндер көмекке, қасқырды ұстандар!
Би «Аңшылар»
(Аңшылар қасқырды ұстай алмады, бірақ, қорқаны соншалық дауысы жіңішкеріп шығатын болды.
(Қасқыр ешкінің үйіне барады)
Қасқыр: Лақтарым менің алтындарым, аналарын келді есік ашыңдар. (Лақтар есік ашып, қасқыр оларды алып кетеді )
(Ешкі келеді)
Ешкі: менің лақтарым қайда? Қасқыр оларды жеп қойғанба? (Ешкі жылайды)
Қарға: Уайымдама Аяз атаны шақыр, ол саған көмектеседі.
Жүргізуші: Балалар ешкіге көмектесеміз бе?
Балалар: Иә
Жүргізуші: Аяз атаны шақырайық.
Бірге: Аяз ата ау-ау-ау.
Аяз ата:
Уа, жұртым, жиналған,
Көңілдерін бүр жарған.
Айналайын ұлдардан,
Айналайын қыздардан!
Аяз ата, Ақшақар
Жетті жолдан қиналған.
Ештеңе емес барлығы,
Алдымызда күллі арман.
Мықтылығым мәлім ғой
Өтіп кеткен жылдардан.
Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, қонақтар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты, табысты, берекеге, мерекеге толы жыл болсын!
Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын!
Ән «Аяз ата»
Ешкі: Аяз ата маған көмектес, қасқыр менің лақтарымды алып кетті.
Аяз ата: Жауыз қасқыр, бәр мерекені бұзып жүр ме? Ешкі мен саған көмектесемін. Менің сиқырлы таяғым қасқырдан балаларынды алып береді. Суф-суф қасқыр мен лақтар осында келсін!
(Лақтар қасқырды байлап ортаға әкеледі)
Қасқыр: Кешіріңдер мені, мен енді қастық жасамаймын. Мен мейірімді боламын.
Аяз ата: балалар қасқырды кешіреміз бе? Сен енді бізді алдамайсын ба?
Қасқыр: Жоқ
Аяз ата: Жаңа жылдық мерекеге қаншама бала келген! Кім тақпақ, өлең айтса, билеп берсеңдер сендерге сыйлығым бар.
Жүргізуші: Аяз ата мен Ақшақар, алыс жолдан шаршап келген шығарсыңдар. Отырып кішкене деміңізді алып, балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар! Бүлдіршіндеріміз тақпақ айтып берсін.
Балалар тақпақ айтады.
Аяз ата: Мен сендерге сыйлықтар бергім келеді. Менің көмекшім сыйқыршы қыздарымен көмектеседі.
Би «Шығыс биі»
Сыйқыршы: Маған тұз, қант, мишура керек. (Барлығын салып араластырып, ішінен сыйлықтар алып шығады.)
Аяз ата: Осы сыйлықтарды топтарынада аласыңдар.
Жүргізуші: Балалар Аяз атаға рахметімізді айтып, бір ән орындап берейік.
Ән «Ақша қар»
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар, асығып тұрған секілдісіздер?
Аяз ата: Біздің баратын жерлеріміз көп. Сендер сияқты балалар тосып отыр бізді. Біз қайтайық.
Аяз ата мен Ақшақар: Сауболыныздар!
Балалар : Сауболыңыздар!
Жүргізуші: Құрметті бүлдіршіндер, ата-анлар, қонақтар! Біздің жаңа 2016 «Мешін» жылына арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Сауболыңыздар!