Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздікке ертеңгілік жоспары : "Тәуелсіздік-тұғыры биік болсын!"»
«Айналайын» балабақшасы МКҚК
Тақырыбы:
«Тәуелсіздік- тұғыры биік болсын!»
(мәнерлеп оқу сайысы)
Дайындаған: Қожахмет Әсел
Тақырыбы: « Тәуелсіздік – тұғыры биік болсын! » Мақсаты: Балалардың тілдік қорларын байыту. Патриоттық сезімдерін ояту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеу, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру. Білімділік: Тәуелсіздік мерекесі жайлы түсінік беру. Тәрбиелік: Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: Түсініктерін , ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту.
Жүргізуші: Құрметті балабақша бүлдіршіндері, бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік » мерекесіне арналған «Тәуелсіздік- тұғыры биік болсын» атты ересек топ бүлдіршіндері арасындағы мәнерлеп оқу сайысын ашық деп жариялаймыз. Олай болса қатысушыларымызды ортамызға шақырайық:
«Раушан»тобының бүлдіршіні Саурабай Жандос
«Раушан»тобының бүлдіршіні Тәжібай Айзере
«Балдәурен»тобының бүлдіршіні Аллаберді Аяжан
«Жасұлан»тобының бүлдіршіні Айтқалиева Дильназ
«Гүлдәурен»тобының бүлдіршіні Нұрлыбекұлы Бақнұр
(Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Қазақтың ұлттық киімін киген қатысушы балалар қолдарына жалауша ұстап музыка ырғағымен залға кіреді.)
Балалар орындарына орналасқан соң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Жүргізуші:
Отаны бар, елі бар жан әманда, Бақытты ғой мына байтақ ғаламда.
«Отан» деген оттан ыстық жалғыз-ақ
Жалын берген маған-дағы, саған да. – дей отырып, қатысушыларымыздың реттік нөмірлерін анықтау үшін, қоржындағы асықтарды таңдауға шақырамыз.
(Қоржындағы асықтарға байланысты, қатысушылардың реттік нөмірі анықталады).
Сайыс болғандықтан әділ бағасын беретін әділқазы алқасы да болады. Олай болса әділқазы алқасымен танысайық:
Орыс тілі пәні мұғалімі: Абдалова Жұпар Жетібайқызы
Ән-саз жетекшісі: Тоғайбаева Бахыт Елубайқызы
Балалар, кімнің нешінші шығатынын анықтаған болсақ. Қатысушыларымызды кезекпен ортаға шақырайық. Сайысымызда алғашқы болып өнер көрсететін
«Жасұлан»тобының бүлдіршіні Айтқалиева Дильназ
Рахмет өнерің өрге жүзсің! Келесі кезекте
«Гүлдәурен» тобының тәрбиеленушісіНұрлыбекұлы Бақнұр
«Раушан»тобының бүлдіршіні Тәжібай Айзере
«Балдәурен» тобының тәрбиеленушісіАллаберді Аяжан
«Раушан»тобының бүлдіршіні Саурабай Жандос
Рахмет өнерің өрге жүзсің!
Жүргізуші: Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсу біздің міндеттіміз, басқаша болуға құқығымыз жоқ. Бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздер білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуіміз қажет. Олай болса апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым ете отырып, ендігі кезекті _________________ орындауындағы әсем әнге береміз. Біздің көркем сөз шеберлері өз өнерлерін көрсетуді аяқтады, олай болса ендігі сөз тізгіні әділқазы алқаларында.
(әділқазылар өз шешімдерін айтып, балаларға мақтау қағаздарын таратады).
Жүргізуші:
«Болса екен қазақ баласы»
Ертеңі өсіп елімнің Сабырлысы болса екен Ар-ұятты айбатты Азулысы болса екен Батыл, берік орнықты Байсалдысы болса екен Алғыр, зерек, мейрімді Ақылдысы болса екен Тапқыр, шешен талапты Өнерлісі болса екен Ойшыл, өткір, дарынды Білімдісі болса екен Сергек, іскер, сезімтал Саналысы болса екен Парасатты намысты Отаншылы болса екен Болса екен қазақ баласы Ел ішінде өсетін «Қайсарлығы қалтқысыз Махамбет қой» – десетін Ізгілікке леп едім Жақсылыққа сеп едім Тәуелсіз елдің ертеңін Осылай көрсем деп едім – бабаларымыз аңсаған отаншыл бүлдіршіндеріміз аман – есен өсе берсін. Осымен құрметті қонақтар «Тәуелсіздік- тұғыры биік болсын» атты мәнерлеп оқу сайысы аяқталды. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!