Мақсаты: Жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!»»
Қазалы қаласындағы Қ.Нұрмаханов атындағы № 95 орта мектеп жанынан құрылған «Еркетай» шағын орталығында 16 желтоқсан ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған «Тәуелсізбін , егеменмін , дербеспін!» тақырыбында ұйымдастырылған салтанатты ертеңгіліктің сценарийі
Мақсаты: Жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. (Күй әуені күмбірлеп тұр)
Жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Егемендік - ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан, Асыл елім жан - жүректі ұғысқан. Ата бабам аңсап өткен бақытым, Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Армысыздар, құрметті қонақтар, балалар және қадірменді ата - аналар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсізбін ,егеменмін, дербеспін!» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Назар аударыңыз ! Тәуелсіздік төрінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Әнұран орындалады
Жүргізуші: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Ата – бабамыздың қанымен , жанымен келген осынау күн біз үшін Ұлы күн ! Ұлы күнді өскелең ұрпақ санасына сіңіріп , оның мағынасы мен мәнін жас ұрпақ санасына ұялату , ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу, меркенің мәні мен өзектілігін ұғындыру мақсатында өткелі отырған бүгінгі күннің шымылдығын бүлдіршіндеріміз дайындаған меркелік құттықтаумен ашшақ дейміз.
Бүлдіршіндердің әдеби монтажы
Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық
Өзімізді құрсаудан да босаттық
Ақтадық біз ата-баба үмітін
Қолда қазір көк ту менен бостандық
Бабамның да арманы
Осы еді ғой аңсаған
Тәуелсіздік таңдары
Бақ береді баршаға
Көк туымды қасыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолына
Меінң Қазақстаным!
Қазақтың елі – ең кең ел!
Басшысы жайсаң кемелді ер
Зейіні зерек, өзі алғыр
Нұратасы Кемеңгер!
Он алтыншы желтоқсан
Елдің ұлы мейрамы
Жаңа шыққан көктемдей
Жаз күніндей жайдары
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қаалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Арымыздай тап-таза
Жанымыздай шуақты
Көтерілді биікке
Қазақстан байрағы
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі
Тұнығындай көңілді
Ортада аман әлемі
Естісін ел үніңді
Дүние түгел естісін
Тәуелсіздік туыңды
Биік көтер, жас ұлан!
Көк байрақтың бетінде
Қыран бүркіт қанатты
Сол қырандай еркіндеп
Бала өседі талантты
Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл елдің
25 жасың құтты болсын нұр елім
25 жылда шықтың талай белеске
Қазақстан жасай берсін гүл елім
25 жыл , тәуелсізбін , дербеспін
Күмәндала бүніе енді ешкім
Бодандығым ғасырларға жалғасқан
Қазір , міне артты қалды келмес күн .
Жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің Бүгінде бар әлемге даңқың жетті Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Компазициялық би , орындайтын «Еркетай» шағын орталығы сарбаздары
Жүргізуші: Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді.
Жылда той қып өткіземіз,
Тәуелсіздік ұлы күнді.
Ән «Жайна Астана»
Жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық Ұлы достық Нұрлы достық Күн достық ,Достық деген қасиетті ұранға Кең даланың жүрегі де үн қостық.
Көп ұлтты мемлекетке айналып , әр қазаны татулықпен бірлікте қайнаған , бастарынан бақтары таймаған Қазақстан деген елдің туы тұғырлы , тәуелсіздігі ғұмырлы болсын .
Би: «Шаңырақ» биі , орындайтын «Тұмар ханым» би үйірмесінің бүлдіршіндері
Жүргізуші : Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық
Өзімізді құрсаудан да босаттық
Ақтадық біз ата-баба үмітін
Қолда қазір көк ту менен бостандық
Би «Ұйғыр биі» , орындайтын Мамай Аружан
Жүргізуші: Көк байрақтың бетінде
Қыран бүркіт қанатты
Сол қырандай еркіндеп
Бала өседі талантты
Ән «Көк тудың желбірегені » , орындайтын «Ерукетайдың» бір топ бүлдіршіндері
Жүргізуші: Бүгінгі күн қандай керемет! Барлығымыздың көңілдеріміз көтеріліп , қуанышқа кенелдік. Әр қашан жүздеріңіз жарқын болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Тәуелсіз еліміз гүлдене, көркейе берсін. Ел Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған концерттік бағдарламамыз осымен аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар!