Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік -тұғырым»
Бекітемін:
Тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегім»
Мақсаты: Балаларға Тәуелсіздік мерекесі туралы түсінік беру, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу ,сөздік қорын молайту, ой- өрісін дамыту.Егеменді еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақты туған жерімен елін сүюге , оларды қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, рәміздердің суреттері,
Әнұран орындалады.
Тәрбиеші:
- -Балалар ,біз қай Республикада тұрамыз ?
-Еліміздің президенті кім?
- Бас қаламыз қай қала ?
-Астанада қандай көрікті жерлер бар ?
-Біздің ұлтымыз қандай ?
-Туымызда не бейнеленген , түсі қандай ?
-Елтаңбамызда ненің бейнесі бар ?
-Қай тілде сөйлейміз ? (Балалардың жауабы ).
- Өте жақсы. 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні .Тәуелсіздік – біздің бас ұранымыз , көгілдір Туымыз – біздің болашақ бағымыз, нұрлы таңымыз .Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықтарды бастан кешірді . Өз бетімен ешкімге бағынбай өмір сүрген елді тәуелсіз деп атайды . Биыл Тәуелсіздік алғанымызға 28 жыл толады . Еліміз егемендік алғаннан кейін Ата заңын қабылдады, мемлекеттік рәміздерін белгілеп, өзінің ұлттық валютасы – теңгесін шығарды.
Тәрбиеші :
-Ал балалар , осы өзіміздің рәміздерімізді білесіздер ме ? Оларға нелер жатады ?
- Сіздер Тәуелсіздік туралы тақпақ білесіздер ме?
-Ия
Бейбіт:
Тәуелсіз Қазақстан!
Әнұраным-жанұраным,
Айтар әнім-сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады.
Республика әнұраным.
Исатай Інжу:
Жарқырашы Қазақстан!
Жайна сен де Астанам
Әрқашан да гүлдене бер
Тәуелсіз ел Қазақстан!
Айбибі:
Мерекеге шығады
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік –ұлық той.
Абылай:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеге ел тосқан
Шырқатып ән салған күн
Іңкәр:
Тәуелсіздік таңы атты
Барлық әлем жаңарып,
Осы тұрған халқыма
Бейбтшілік орнады.
Нұрай:
Отан деген –атамекен
Отанымды сүйемін мен
Отан жерім, отан елім
Міне, менің Қазақ жерім.
Ән: Егемен-Қазақстан.
Көз жетпес далам, ел жетпес елім
Арнайды әнін жауынгер ұлың
Жау шапса саған, жас жаным құрбан
Отаным менің, О, елім менің.
Қайырмасы 2 рет:
Қазақтың елі, қазақтың жері
Береке қонған ұлы Отан.
Асқар тауларың, өзен көлдерің
Жаныма қымбат Ұлы Отан.
Сұңқары биік самғаған елім,
Қанатын көкке қомдаған елім
Кел достар, қане, шырқайық бірге
Бостандық әнін, азаттық әнін
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, балалар! Еліміздің білімді ұрпақтары-еліміздің болашақ ұрпақтары сіздерсіздер. Бүкіл дүниежүзіне бейбітшілік тілейміз .Тәуелсіздіктің тұғыры биік ,аспанымыз ашық , заманымыз тыныш болсын . Тәуелсіз еліміздің еңсесі биік болсын. Ешқашан елдерде соғыс болмасын. Балалар ешқашан мұңаймасын деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.