Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік тұғырым»
Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан
Мақсаты:Ертеңгі ел болашағы болып табылатын жас бүлдіршін балғындарға өз елі, Отаны, рәміздері, тарихы туралы түсінік бере отырып, оларды отан сүйгіштікке патриоттық сезімге тәрбиелеу, ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту. Болашақ ұрпақты Отан сүйгіштікке баулып, туған жерін, елін сүюге, табиғат әсемдігінтанып оны қорғай білуге тәрбиелеу.
(Музыкамен балалар шығады, қолдарында жалаушалар)
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар.
Бала: Әже, біз балабақшада Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатырмыз. Ән ұран орындадық.
-Әже” Тәуелсіздік” деген не?
Әже :Е......құлыным-ау, “Тәуелсіздік” деген бұл үлкен әнгіме. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді. Қайсар батыр аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болдық. Тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл болды. Өзіміздің Туымыз, Әнұранымыз, Елтаңбамыз бар. Аллаға шүкір.
Бала: Әже, мен ұйықтап алайыншы, шаршадым.
Әже: Ұйықтай ғой құлыным.
(музыка әуенімен бала ұйықтайды, әже орнынан тұрып кетеді)
(музыка әуенімен қолына шырақ ұстаған Алтын адам кіреді, баламен кездесіп, амандасады)
Бала: Ата, сіз кім боласыз?
Алтын адам:
Мен сендердін бабаларын болам......
Аман қалған шабуылдан жүздеген
Батыр халық екенбіз ғой біздеген
Аямаған жұрттан нанын тұзбенен
Жомарт халық екенбіз ғой біз деген
-Ей , балақай қазақ халқының болашағы сендерсіндер. “Қазақ” деп соққан жүректерің осы алаудай мәңгі өшпесін. (әуенмен шығып кетеді, бала ұйқысынан оянады)
Бала: Әже, әже қайдасын?
Әже:Оу, құлыным, не болып қалды?
Бала: Мен түс көрдім.
Әже: Айналайын қандай түс көрдің?
Бала: Мен түсімде Алтын адамды көрдім. Ол маған жанып тұрған шырақ берді.
Әже: Оу, құлыным жақсы түс көрген екенсің. “Шырақ” деген-бұл біздің еліміздің биіктен көрінуі. Әне-әне жарқырап күнде шықты, Тәуелсіздіктің таңы атып келеді, Туымызда биікте желбіреп тұр.
Жүргізуші: Балалар, біздің Республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің-тәуелсіз мемлекет. Яғни, біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік Туы бар.
-Балалар, тудан ненің бейнесін көріп тұрсындар?
-Күн, құс пен оюдың.
-Ия, өте жақсы, дұрыс айтасындар.
-Ал, енді, балалар МемлекеттікТуымыздың түсі қандай?
-Туымыздын түсі көк, аспанға ұқсайды.
-Я, балалар, біздің Мемлекеттік Туымыз аспан түстес көк екен.
Біздің ұлттық тіліміз- Қазақ тілі.
Республикамыздың президенті Н.Ә. Назарбаев.
-Балалар, мынау біздің еліміз Қазақстан Республикамыздың Мемлекеттік Туы көгілдір түсті. Тудың ортасында күннің 32 шұғыласы, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Сабында бекілілген тұста ұлттық оюлар өрнектелген.
-Балалар, біз осы тәелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі-Қайрат Рысқұлов.
Ерлігіне қуанам да сүйінем
Қайрат аға рухына мен иілем
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам
Әділ жанның қазасына күйінем.
Би: “Туған жер”
Жүргізуші: Міне, құрметті қонақтар, балалар!
Мындаған жылдық тарихы бар Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, бүгінде әлемге танылды. Қазақстан Республикасы кәзіргі кезде бай да бақытты, болашағы зор тәуелсіз, егеменді ел. Олай болса, осындай Мемлекетте тұратын біз бақыттымыз. Елімізде әрдайым тыныштық болып, аспанымыз ашық, деніміз сау болсын! Қазақстанымыз көркейіп, жайнай берсін!
Осымен “ Жұлдыз” шағын орталығынын тәуелсіздік мерекесіне арналған ертенгілігі аяқталды.