развитие у детей антикоррупционного мировоззрения. Дать понятие коррупции-уточнить знания детей о честности, добропорядочности. Учить правильно оценивать положительные и отрицательные поступки литературных героев. Воспитание детей в справедливости.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сыбайлас жемқорлыққа байланысты тәрбие сағаты»
«Не жақсы не жаман?
Мақсаты: балаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын дамыту. Сыбайлас жемқорлық ұғымын беру - балалардың адалдық, парасаттылық туралы білімдерін нақтылау.
Әдеби кейіпкерлердің оң және теріс әрекеттерін дұрыс бағалауға үйрету . Балаларды әділдікке тәрбиелеу.
Балалар, біз бүгін сыбайлас жемқорлық туралы сөйлесеміз. Неліктен барлық ересектер: «Сыбайлас жемқорлық өте жаман!» «Ол үшін жазаланады», «Бұл заңсыз»- дейді?
- Мүмкін сендер бұл сөзді естіген шығарсыңдар?
Ендеше мен сендерге ертегі айтып берейін, сонда не жаман, не жақсы екенін білетін боласыңдар.
Бір күні ата мен әже болыпты. Олардың бір ешкісі болыпты. Ол күнде қырда жайылып, ата мен әжеге сүт әкеледі екен. Бір күні ешкі орманда жайылғысы келеді. Ол орманға қарай жүреді. Орманда жайылып жүріп адасып кетеді.
Ешкі үйін таба алмай қалады. Бір кезде бір үйшікке кезігеді.
Қандай жақсы. Мына үйшікке кіріп дем алып алайыншы деп, есікті қағады.
Терезеден тышқан қарап айтады:
Сен кімсің?- дейді.
Ешкі :- Мені үйшікке жіберші, дем алып алайын, шаршадым-дейді.
Тышқан: Үйшікке кіру үшін маған 100 теңге төле -дейді.
Ешкі: Менде ақша жоқ, мен орманда адасып кеттім, үйімді таба алмай жүрмін-дейді.
Тышқан: -Ендеше мен сені үйшікке кіргізбеймін. Ақша төле немесе кет -дейді.
Ешкі жылап кетіп қалады.
Балалар тышқан дұрыс жасады ма?
Егер дұрыс жасаса көңілді смайликті көрсетіңдер, егер дұрыс емес жасаса көңілсіз смайликті көрсетіңдер.
Енді ертегіні ары қарай тыңдаңыз ...
Ешкі жылап орманда келе жатып, аяғына тікен кіріп кетеді. Ешкінің аяғы ауырып қалады.
Енді қараса алдында тағы бір үйшік тұр екен. Ол үйшікте «Орман ауруханасы» деп жазылып тұр екен. Ешкі аурухананы көріп қуанып кетеді. Ауруханаға кірсе, медбике болып түлкі отыр екен. Ол түлкіден аяғын байлап беруін сұрайды.
Ал түлкі болса былай дейді: «Маған екі тауық әкеліп берсең ғана көмектесемін дейді.
Ешкі: Мен саған орманда тауықты қайдан табамын, мен ауылға жолды білмеймін, аяғым да ауырып тұр-дейді.
Түлкі: Ендеше кет бұл жерден, мен саған көмектеспеймын-дейді түлкі.
Балалар , түлкі дұрыс жасады ма?
Қане қандай смайликті көтереміз?
(балалардың жауаптары).
Балалар , ары қарай не болды екен, тыңдайық.
Ешкі ары қарай орманда келе жатса, алдынан қоян шығады.
Ешкі қоянға болған жағдайды айтып береді.
Қоян ешкіге көмектесіп, аяғын емдеп, байлап береді. Ол үшін ақысын сұрамайды.
Қоян дұрыс жасады ма?
/Балалар жауаптары./
Ешкі қоянға рахметін айтып, орман ішінде ары қарай келе жатады. Бір кезде алдынан кірпі шығады.
Ешкі: кірпі, кірпі менің үйіме баратын жолды білесіңбе –дейді.
Кірпі: -Әрине білемін. Менің соңымнан жүр, мен саған жол көрсетемін дейді.
Балалар кірпі дұрыс жасады ма?
Қандай смайликті көрсетесіңдер?
/Балалар жауаптары/
Осылайша ешкі ауылға ата мен әжеге жетеді. Олар қуанып, ешкіге көмектескен жануарларға сыйлықтарын беріп жібереді.
Балалар айтыңдаршы жасаған жақсылық үшін ақысын сұрауға болады ма?
Мінекей балалар, әрқашан бір-бірімізге жақсылық жасап жүрейік!
Осымен ертегі аяқталды.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің» Құсмұрын «Қарлығаш» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны