Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік балабақшада
Тақырыбы: Тәуелсіздік туым менің!
Мақсаты: Жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, апайлар және кішкентай бүлдіршіндеріміз! І кіші «Құлпынай» тобында өткізіліп отырған «Тәуелсіздік туым менің» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер! Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!