kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - тұғырлы туымыз» атты концерттік бағдарламасының сценарийі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - тұғырлы туымыз» атты концерттік бағдарламасының

сценарийі

Өтетін орны:                                                           Жайық ауылдық Мәдениет үйі.

Өтетін уақыты:                                                       15.12.2016ж.    сағ.11.00

/Сахна безендірілген. Сахнада Ту, Елтаңба ілінген./

І жүргізуші: Ассалаумағалейкум ардақты ағайын, құрметті өнер сүйер қауым!

ІІ жүргізуші: Армысыздар Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

 І жүргізуші:

Тәуелсіздік – қазақтығы қазақтың,

Тәуелсіздік – жойылуы азаптың!

Биіктей бер, асқақтап жомарт халқым,

Өркендей түс, аяқталды тозақ күн!

ІІ жүргізуші:

Мен қазақпын, ұланымын елімнің,

Мен қазақпын,тірегімін жерімнің

Ұланымның туын көкке көтерген,

Ертеңімін Егеменді елімнің

Түсініп терең өмірдің мәнін,

Жалынды жастар,сендерсің сәнім

Беретін бойға күш-қуат, жігер

Шырқалсын шаттық әнұран әнім!

/Әнұран орындалады/

І жүргізуші:

Қазақстан туған Отан,алтын бақ
Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап
Қазақстан көпті көрген қария
Қазақстан мейірбанды жерім қымбат
Тауымыз бар тәңір татқан шынымен
Ұл қызым бар даламыз бар кенінен
Алдарыңа басымды иіп өр халқым
Құттықтаймын Тәуелсіздік күнімен!

ІІ жүргізуші:

Құттықтау сөз Чапаев ауылдық округінің әкімі Набиденов Нұртаза Нұрхатұлына беріледі.

І жүргізуші:

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мереке қарсаңында ауылымыздың көркеюіне, қоғамдық  - саяси өмірге белсене араласып, келешек ұрпаққа отансүйгіштік пен рухани  мәдениетін қалыптастыруда және жоғары нәтижемен жыл бойына үлкен жетістіктерге жетіп, өз еңбегінің үздік қорытындысын көрсеткен ауыл азаматтары марапатталады. / тізім бойынша/

/Ауыл әкіміне ұлттық киімдегі қыз Алғыс хатты беріп тұрады. Жүргізуші тізім бойынша шақырады./

ІІ жүргізуші:

1. "Әжелер" фольклорлық ансамблі

2.Күнбатыров Жаслан Амангелдіұлы

І жүргізуші:

3.Сағызбаева Назгул Қожасқызы

4.Утегенова Асылғаным Қойшығұлқызы

ІІ жүргізуші:

5.Тотанова  Рысты Уахитқызы

6.Уалиев Асылбек

 І жүргізуші:    Қымбатты марапат иегерлері! Сіздерді ауыл жұртшылығы атынан егеменді еліміздің даму жолындағы адал еңбектеріңіз үшін шын жүректен құттықтаймыз.

 ІІ жүргізуші:  Келесі құттықтау сөз кезегі Жайық негізгі жалпы білім беретін мектебінің

директоры Ерментаева Мерует Сатқанқызына беріледі.

Әдеби монтаж: 1-класс оқушылары,  Ұлпан, Есен

Хабарлаусыз  « Қазақ биі»     «Еркеназ» бишілер тобы

І жүргізуші:    Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз.1991жылы 16 желтоқсан-тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды.Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік,бірлік,тұрақтылық,гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасты.

ІІ жүргізуші: Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді.Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді.Бірақ,ешқашан да мойымады,күресе білді.Тәуелсіздік.Қандай қасиетті,ұғым.Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай-талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіздігіміздің бірте-бірте еңсесін тіктеп,тұғырын биіктеп,тамаша табыстарымен жігіт жасына жетіп отыр.Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз,әліде берері тіпті мол.

ӘН:  «Егемен ел Қазақстан» орынд. А.Закария, Ш.Өтепқали

Хабарлаусыз ән: «Туған жер» орынд. С.Сансызбаева

І жүргізуші:

Тәуелсіздік бізге оңай келмейді,

Бұны ешкім аяп ешкім бермейді.

Тәуелсіздік-Қайрат,Ләззат,Ерболдың,

Тас көшеде тас -талқан боп өлгені.

Ақталды бодақтардың ақ талабы,

Әділ іс әрқашанда ақталады.

Елі үшін жанын қиған асыл жандар.

Ел есінде мәңгілік сақталады.

Ән: «Қазақстаным Ұлы Отаным» орынд. Е.Мұратжанов

Хабарлаусыз  ән: «Қазағым» орынд. А.Уалиев.

ІІ жүргізуші:

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдым.

Желтоқсанда егеменді ел болсың деп талпындым.

Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның.

Айналайын,айналайын, қасиетті халқымның

Ән: «Бейбітшілік сақталады» орынд. З.Талап

І  жүргізуші: «Тәуелсіздік тәтті ұғым бе едің сен.» Оқитын:Аудандық «Жұбан оқулары»

байқауының жүлдегері, «Муза» шығармашылық отауының мүшесі Мағзом Назерке

Хабарлаусыз ән: «Ұландар» орынд. Е.Дошатов

Хабарлаусыз  «Достық блогі»

І  жүргізуші:

Елімнің атын айтсам - Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан.

Қойнауы қазынаңа толған мекен,

Байлығымның атын айтсам – Қазақстан.

ІІ  жүргізуші:

Қазақстан – ұлт атын ұлықты еткен,

Ұлылардың арманын биік еткен.

Өзге де ұлт, ұлысқа қоңыс болып,

Оларға да жақсылық үйіп төккен.

Сұлтанғалиев Талғаттың орындауында Нұрым жыраудың термесі: "Мен қашанғы жүйрігің"

І жүргізуші: Жүздеген ұлт мекен қылған саяңды,

                     Азат Елге алдағы күн оянды

                     Ғұмырлы бол, Қазақстан байтағым,

                     Тәуелсіздік болсын мәңгі баянды!

Әжелер ансамблі: Халық әні: "Су самыр елдің жайлауы"

Хабарлаусыз ән: «Жаным қазақ» орынд. «Дос» дуэті

Хабарлаусыз ән: «Қазақтың баласы» орынд. А.Уалиев, Ә. Өтепқали

Хабарлаусыз  ән: «Атамекен» орынд. А. Қоныспаева

Жүргізуші: Сахнада Жайық негізгі жалпы білім беретін мектебінің хор ұжымы

                      Е.Хасанғалиев ән «Атамекен» жеке дауыста Ж. Күнбатыров

Жүргізуші: Жариялап жас қауымның ерлігін

                      Көк байрағым көкке іледі ел бүгін

                     Жасай берсін, Тәуелсіздік тұғырлы

                     Жасай берсін, Еркіндігің Теңдігің!

Жүргізуші:  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік -  тұғырлы туымыз»

                      атты  концертіміз аяқталды. Тәуелсіздігіміздің  тұғыры  биік болсын! Келесі

                      жүздескенше   аман- сау болыңыздар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - тұғырлы туымыз» атты концерттік бағдарламасының сценарийі»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - тұғырлы туымыз» атты концерттік бағдарламасының

сценарийі

Өтетін орны: Жайық ауылдық Мәдениет үйі.

Өтетін уақыты: 15.12.2016ж. сағ.11.00

/Сахна безендірілген. Сахнада Ту, Елтаңба ілінген./

І жүргізуші: Ассалаумағалейкум ардақты ағайын, құрметті өнер сүйер қауым!

ІІ жүргізуші: Армысыздар Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

І жүргізуші:

Тәуелсіздік – қазақтығы қазақтың,

Тәуелсіздік – жойылуы азаптың!

Биіктей бер, асқақтап жомарт халқым,

Өркендей түс, аяқталды тозақ күн!

ІІ жүргізуші:

Мен қазақпын, ұланымын елімнің,

Мен қазақпын,тірегімін жерімнің

Ұланымның туын көкке көтерген,

Ертеңімін Егеменді елімнің

Түсініп терең өмірдің мәнін,

Жалынды жастар,сендерсің сәнім

Беретін бойға күш-қуат, жігер

Шырқалсын шаттық әнұран әнім!

/Әнұран орындалады/

І жүргізуші:

Қазақстан туған Отан,алтын бақ
Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап
Қазақстан көпті көрген қария
Қазақстан мейірбанды жерім қымбат
Тауымыз бар тәңір татқан шынымен
Ұл қызым бар даламыз бар кенінен
Алдарыңа басымды иіп өр халқым
Құттықтаймын Тәуелсіздік күнімен!

ІІ жүргізуші:

Құттықтау сөз Чапаев ауылдық округінің әкімі Набиденов Нұртаза Нұрхатұлына беріледі.

І жүргізуші:

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мереке қарсаңында ауылымыздың көркеюіне, қоғамдық - саяси өмірге белсене араласып, келешек ұрпаққа отансүйгіштік пен рухани мәдениетін қалыптастыруда және жоғары нәтижемен жыл бойына үлкен жетістіктерге жетіп, өз еңбегінің үздік қорытындысын көрсеткен ауыл азаматтары марапатталады. / тізім бойынша/

/Ауыл әкіміне ұлттық киімдегі қыз Алғыс хатты беріп тұрады. Жүргізуші тізім бойынша шақырады./

ІІ жүргізуші:

1. "Әжелер" фольклорлық ансамблі

2.Күнбатыров Жаслан Амангелдіұлы

І жүргізуші:

3.Сағызбаева Назгул Қожасқызы

4.Утегенова Асылғаным Қойшығұлқызы

ІІ жүргізуші:

5.Тотанова Рысты Уахитқызы

6.Уалиев Асылбек

І жүргізуші: Қымбатты марапат иегерлері! Сіздерді ауыл жұртшылығы атынан егеменді еліміздің даму жолындағы адал еңбектеріңіз үшін шын жүректен құттықтаймыз.

ІІ жүргізуші: Келесі құттықтау сөз кезегі Жайық негізгі жалпы білім беретін мектебінің

директоры Ерментаева Мерует Сатқанқызына беріледі.

Әдеби монтаж: 1-класс оқушылары, Ұлпан, Есен

Хабарлаусыз « Қазақ биі» «Еркеназ» бишілер тобы

І жүргізуші: Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз.1991жылы 16 желтоқсан-тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды.Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік,бірлік,тұрақтылық,гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасты.

ІІ жүргізуші: Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді.Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді.Бірақ,ешқашан да мойымады,күресе білді.Тәуелсіздік.Қандай қасиетті,ұғым.Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай-талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіздігіміздің бірте-бірте еңсесін тіктеп,тұғырын биіктеп,тамаша табыстарымен жігіт жасына жетіп отыр.Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз,әліде берері тіпті мол.

ӘН: «Егемен ел Қазақстан» орынд. А.Закария, Ш.Өтепқали

Хабарлаусыз ән: «Туған жер» орынд. С.Сансызбаева

І жүргізуші:

Тәуелсіздік бізге оңай келмейді,

Бұны ешкім аяп ешкім бермейді.

Тәуелсіздік-Қайрат,Ләззат,Ерболдың,

Тас көшеде тас -талқан боп өлгені.

Ақталды бодақтардың ақ талабы,

Әділ іс әрқашанда ақталады.

Елі үшін жанын қиған асыл жандар.

Ел есінде мәңгілік сақталады.

Ән: «Қазақстаным Ұлы Отаным» орынд. Е.Мұратжанов

Хабарлаусыз ән: «Қазағым» орынд. А.Уалиев.

ІІ жүргізуші:

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдым.

Желтоқсанда егеменді ел болсың деп талпындым.

Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның.

Айналайын,айналайын, қасиетті халқымның

Ән: «Бейбітшілік сақталады» орынд. З.Талап

І жүргізуші: «Тәуелсіздік тәтті ұғым бе едің сен..» Оқитын:Аудандық «Жұбан оқулары»

байқауының жүлдегері, «Муза» шығармашылық отауының мүшесі Мағзом Назерке

Хабарлаусыз ән: «Ұландар» орынд. Е.Дошатов

Хабарлаусыз «Достық блогі»

І жүргізуші:

Елімнің атын айтсам - Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан.

Қойнауы қазынаңа толған мекен,

Байлығымның атын айтсам – Қазақстан.

ІІ жүргізуші:

Қазақстан – ұлт атын ұлықты еткен,

Ұлылардың арманын биік еткен.

Өзге де ұлт, ұлысқа қоңыс болып,

Оларға да жақсылық үйіп төккен.

Сұлтанғалиев Талғаттың орындауында Нұрым жыраудың термесі: "Мен қашанғы жүйрігің"

І жүргізуші: Жүздеген ұлт мекен қылған саяңды,

Азат Елге алдағы күн оянды

Ғұмырлы бол, Қазақстан байтағым,

Тәуелсіздік болсын мәңгі баянды!

Әжелер ансамблі: Халық әні: "Су самыр елдің жайлауы"

Хабарлаусыз ән: «Жаным қазақ» орынд. «Дос» дуэті

Хабарлаусыз ән: «Қазақтың баласы» орынд. А.Уалиев, Ә. Өтепқали

Хабарлаусыз ән: «Атамекен» орынд. А. Қоныспаева

Жүргізуші: Сахнада Жайық негізгі жалпы білім беретін мектебінің хор ұжымы

Е.Хасанғалиев ән «Атамекен» жеке дауыста Ж. Күнбатыров

Жүргізуші: Жариялап жас қауымның ерлігін

Көк байрағым көкке іледі ел бүгін

Жасай берсін, Тәуелсіздік тұғырлы

Жасай берсін, Еркіндігің Теңдігің!

Жүргізуші: ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - тұғырлы туымыз»

атты концертіміз аяқталды. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын! Келесі

жүздескенше аман- сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Дюсенова Айнур Ержановна

Дата: 11.02.2017

Номер свидетельства: 390522


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства