Мотивациялық-қозғаушы лық | Тосын сәт.(жылаған дауыс естіледі) -Балалар, мынау не дыбыс? -Біреу жылап жатқан сияқты иә? Кәне, кім болды екен? Іздеп көрейікші. -Ой, мынау не? -Ара, сен неге жылап отырсың? Ара: (Ара сурет арқылы көрсетіп айтып тұрады) Далада көктем болды. Күн түсіп, қардың бәрін ерітіп жіберді. Жерлерде жасыл шөптер шықты. Шөптермен қатар әртүрлі гүлдер шықты. Қыс бойы ұйықтап жатқан табиғат оянды. Мен жақсы көретін гүлім бақбақты жоғалтып алдым. Ал мен, оны тез тауып алғым келеді. Тәрбиеші: -Жылама ара, біз балаларымызбен саған міндетті түрде көмектесеміз. | Шыққан дауысқа елеңдейді. -Біреу жылап жатыр. Балалар жылаған дыбысқа қарай жүреді. -Ара. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Балалар, араға жақсы көретін бақбақ гүлін тауып беруге көмектесейікші. Ол үшін, бәріміз егістікке саяхатқа шығайық. Ара бізге жол көрсетіп отырады. (Араның артынан еріп отырайық(музыка әуені) Ара: Ж-ж-ж. Балалар, мына жерде су ағып жатыр, сендер көпір арқылы біріңді-бірің итермей, өтіңдер. (Балалар көпірден өтеді) Ара қайтадан ызылдай бастайды. Тәрбиеші: Ара, саған не болды? Ара: Мен достарымды көріп тұрмын. Оларда бақбақ гүлін іздеп жүр екен. Достарымды бірге ала кетейік. Тәрбиеші: Балалар, ұшып жүрген араларды бір-бірден ұстап алайық. Оларды жақсы көретін гүлдеріне апарып қондырайық. Балалар, ара қалай дыбыстайды? Кәне, бәріміз ара құсап дыбыстап көрейікші. -Рахмет, балалар! Балалар, мына жерде өсіп тұрған не? Дұрыс, гүлдер. Ал, бұл гүлдер қалай аталады білесіңдер ме? -Бұл гүл бақбақ деп аталады. -Балалар, бақбақ гүліне қараңдаршы. Бақбақ гүлінің сабағы, жапырағы және гүлі болады. Бақбақ неге ұқсайды? -Бақбақтың түсі қандай? -Жапырағы мен сабағының түсі қандай? -Қазір бәріміз бірге араға жақсы көретін бақбақ гүлін салып берейік.Қолымыздағы араларды бақбақ гүлімен бірге үстелге орналастырамыз. Кәне, қолымызға қылқаламды алып, қолымызды шынықтырып алайық. Қылқаламды гуашьқа батырмай тұрып, тоқылдату әдісі арқылы салып көрейік. Енді біз сурет салуға дайынбыз. Қылқаламды сары түсті гуашқа батырып алып, қылқаламмен батырып гүлді саламыз, гүлдің шетін саусақ арқылы тоқылдатып шығамыз. Тербеледі ағаштар, Жел бетіме еседі . Кіп- кішкетай ағаштар, Үлкен болып өседі. -Балалар, осы құралдар арқылы гүлдің сабағы мен жапырағын бояймыз.(Балалар мақта таяқшасы арқылы бояйды) -Міне, біздің бақбақтар дайын. Ара қарашы, біздің бақбақтар саған ұнай ма? Ара: -Әрине, енді мен және достарым жақсы көретін бақбақ гүліне қарап, қызықтайтын боламыз. Енді, біздің көңіліміз көтерілді.Мен енді сендерді шығарып салайын. Достарым гүлдерінде қала берсін. (Балалар, тәрбиеші, ара көпірдің қасына келеді) Ара: Достар, мен осы жерден қалайын. Сау болыңдар. | - -Кішкентай күнге ұқсайды. -Сары түсті. -Ұзын түтікке. -тегіс Балалардың жауаптары. -Гүлдер Балалар өз жауаптарын айтады. -Дөңгелекке, күнге ұқсайды. -Сары. -Жасыл. Балалар педагогтің айтуы және көрсетуі бойынша егістіктегі бақбақ гүлінің суретін салады. Қимылдар арқылы орындайды. Балалар мақта таяқшасы арқылы бояйды Балалар арамен қоштасып, көпірден өтіп клемнің үстіне келеді. |