Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан
Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру.
Балалардың тіл байлығын, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Қазақстан картасы, рәміздер, суреттер, отан туралы мақал-мәтелдер.
- Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз
Біз бақытты баламыз,-дей отырып, « Менің Отаным –Қазақстан » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Қазақстан Респуликасының мемлекеттік әнұраны орындалады.
-Балалар ,сендер қандай ән орындадыңдар?
-Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық.
Дұрыс айтасыңдар,балалар.Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны,туы,елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атаймыз. Осы рәміздер туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейін.
-Мынау - біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.Көк аспандай көгілдір,ортасында күн,астында бүркіт ұшып келе жатыр.
- мынау - елтаңбамыз. Елтаңбада шаңырақ,күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу бар.
- Балалар, біздің Отанымыздың астанасы қай қала ?
- Астана қаласы
- Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз,
Астанамыз Астана –бас қаламыз.
- балалар, үлкен мерекелерде туымыз көтеріліп,әнұранымыз орындалады.Рәміздерімізді үлкен де,кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс.Ал әнұранды біз білеміз.Сендер елтаңба мен туды әрқашан қастерлеуге тиіссіңдер.Қазақстан республкасының рәміздері туралы кім тақпақ біледі?
Әділет:
Көк туымыз бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Біз өсеміз талапты.
Айжан.
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
Яна:
Елтаңбасы елімнің,
Қандай әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі
Нұржол:
Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
-Жарайсыңдар, балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз,демек, Отанымыз -Қазақстан.халқымызда « Отан отбасынан басталады» деген мақал бар.Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар.Отан деген не?Қалай түсінесіңдер?
Айзат: Отан деген менің үйім,туған жерім.
Айшат: Менің жүрегім Отан деп соғады.
Рүстем:
Азаматқа лайық,
Отанымның ұлымын.
Отанымды қорғайтын,
Азаматтың бірімін.
Отан деген –Атамекен,
Отан деген-туған жер.
Отан –ана,отан –үлкен,
Қазақстан - туған ел.
- Балалар,Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?
- Нұрсұлтан Назарбаев атамыз
Елбасымыз туралы кім тақпақ біледі ?
Дильяра :
Шықты тарап ой данадан,
Бер қарады жұлдыз беті,
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар президенті.
- Балалар,өте жақсы.Егеменді елдің басты белгісі-тіл.қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады. Қазақ тілі –біздің ана тіліміз.
Армат:
Тілім барда мақтанам,
Тілім менің аппақ ән
Бірлігім бүгінгі,
Ана тілім сақтаған.
Досымжан:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
- Балалар,сендер отан туралы жан-жақты білетіндеріңді көрсеттіңдер.Енді сендер Отан туралы мақал-мәтел айтайық.
Отан –оттанда ыстық.
Отан –елдің анасы,
Ел-ердің анасы.
Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
- Міне, балалар, өміріміздің жалғасы,еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.
Құрметті ұстаздар! Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тапта,бар қалан»деп,бүгінгі бүлдіршін балаларымыз қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.