kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Менің анам сүйкімді,бәрінен де жақсы адам!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепалды даярлық топқа арналған ертеңгілік.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Менің анам сүйкімді,бәрінен де жақсы адам!»»

ОҚО, Сайрам ауданы Ақсукент ауылы

«Болашақ-Күн» бөбекжайы

ән жетекшісі: Нуртазаева Елена Алтаевна

«Менің анам сүйкімді,бәрінен де жақсы адам!»

Мектепалды даярлық топқа арналған ертеңгілік.

Мақсаты:Мерекелік көңіл күйлерін жақсарту. Балалардың музыкалық сезімдерін арттыру,әндер мен билер арқылы эстетикалық тәрбиеге баулу.

(музыкамен залға балалар кіріп,жартылай шеңберге тұрады.)

Жүргізуші: Наурыз айының басында,әлемде қар жатады,

Бір ақ көңілімізді көктемнің алғашкы мерекесі жылындырады

Бүгін «8 Наурыз халықаралық әйелдер күні»

Біздің ана әжелеріміздің мейрамы.

1 Бала: Ана...Бүл сөз әр бір халықтың тілінде бар.

Барлық тілде бұл қасиетті сөз нәзік,мейрімді жылы естіледі.

Қазақша-ана,орысша-мама,украинше-ненька,осетинше-нана...

2 Бала: Қымбатты ана,әжелер,сіздерге арналған концертімізді бастаймыз!

3 Бала: Айтсаң болды тіл алам

Әйбат анам,ай анам!

Сені көрсем қуанам

Сен керексін қайда да!

4 Бала: Жүре берсем қасыңда

Әйбат анам, ай анам

Ботам деген дауысыңнан

Мен мәз болып оянам.

5 Бала: Мамам менің ақ мамам,

Гүлді маған баптаған

Жырды маған жаттаған,

Жұрттың бәрі мақтаған!

Ән: «Ақ мамам»

Жүргізуші: Балалар,сендерге бір хиқая айтып берейін.Бұл хиқая ертеде ма,жоқ жақында болды ма? Оны білмеймін.Бір ақ,бұл өте қызықты оқиға.Бұл хиқаяны бүгін емес,басқа кезде айтармын?

Балалар: Жоқ,жоқ...

Дәл қазір тыңдаймыз!

Жоқ,жоқ...

Естімей тыңбаймыз!

Жүргізуші: Ондай болса тыңдаңдар!Бір қалада «Алдияр» деген бала тұрған екен.Оның «Асия» мамасы, «Асет»әкесі, «Нұрғиса» ағасы болған екен.

(Әкесі креслода газет оқып отыр,мамасы телефонның қасында,ағасы сабақ оқып отыр. «Алдияр» еденде ойыншықтармен ойнап отыр.)

(телефон шырылдайды.)

Мама: (трубканы алып) Сәлем,Жанна,подружка!Біраз болды ғой маған звондамағанына,мүмкін бүгін келіп кетерсін?Жұмысым көп дейсің бе?Иә,үйдің тірлігі аз емес:тамақ істеу керек,кір жуу,үйді жинау керек.

Бала: Ойнаудан шаршап кеттім! Кітап оқып бересің ба?

Мама: Ыңылдамай,тоқтай тұршы! Оданда әкеңе бар!

Бала күрсініп тұрады

Мама: Не дейді?Көйлек алдым дейсің ба?Фасоны әдемі ма?Бантик,валаны бар ма? Сөзсіз ол тамаша! Солай ма? Туфли алдым дейсің бе?Өкшесі шпильки? Сен биік өкше киіп жүре аласың ба?Ах...шіркін! Мен де сондай туфли алсам ғой!..

(трубканы қояды.)

Бала: Мама жүрші,екеуміз ойнаймыз!

Мама: Балам,менің қолым бос емес,анау әкең отыр ғой,бар да әкең мен ойна.

(бала әкесіне кетеді.)

Бала: Әке,газетіңді қоя тұршы,оданда доппен ойнайық,немесе киноға барайық,біраз болды ғой айтып жүргеніме!

Әке: Жаным,оның бәрі кейін.Бүгін футбол болады! Киноға болса ертең барамыз!Ал,кітапты...анау Нұрғиса ағаң оқып береді.

(ағасына барады,ағасы сабақ оқып отыр.)

Бала: Аға,жүрші екеуіміз самолет саламыз,немесе кітап оқып берші!

Ағасы: Айтқаның қара! Мен университетіме баруым керек,лекция басталатын уақыт болды!Бір де бір бос уақытым жоқ!

(ағасы шығып кетеді.)

Бала: (иығын көтеріп..) Бір өзім не істеймін?

Жүргізуші: Бұл бала не отырғысы келмей,не жатқысы келмей,не істерін білмейді.Осындай кішкентай балалар жалғыз ойнағаннан жалығады,сондықтан құрметті ата-аналар,әпке-ағалар,бұларды аяп,суретін салысып,кітабін оқып,ойын ойнаңдар.Бұл балалар бүгін кішкентай,ал ертең тез арада ер жетіп,сіздерге көмектесетін болады!

(жүргізуші балаға қарап айтады.)

Жүргізуші: Ал,енді не істейсің?

Бала: не істейтінімді білмеймін?..

Жүргізуші: Маған бір ой пайда болды! Мүмкін сен басқа маманы іздеп көресін?

Бала: Жаңа маманы іздеуге дайынмын! Бір ақ,ол мен сияқты күні бойы ойнауды жақсы көру керек!

Жүргізуші: Онда сен «Мейірімді істер мекемесіне» баруың керек.Ол жерге көп аналар келеді,мүмкін тауып қаларсың!

(бала шығып кетеді.)

Жүргізуші: Бұл балақай өзіне лайықты ана іздеп жұргенде,біз би билей тұрайық.

Би «Гүлдер биі»

(ортаға «Мейірімді істер мекемесі» шығарылады.)

1 әкімші: Тыңдаңыздар!тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

Көргенде арман да,көрмеген де арман да!

Бүгін Мейірімді істер мекемесі ашылды!

2 әкімші: Иә!Ұялмаңыздар!Келіңіздер,көріңіздер!

Біз сіздерді қуанышпен қарсы аламыз!

Бала: Мен үйде ешкімге керек емеспін.Маған жаңа мама тауып беріңіздер!

1 әкімші: (тәрбиешіге қарап.. )Қыздарды шақырыңдаршы!

(ортаға 4 қыз шығады.)

1 қыз: Егер сіздерге тығыз шаруамен кету керек болса,онда бізді шақырыңыздар!

2 қыз: Біз балаларыңызға кітап оқып,ойын ойнатамыз!

3 қыз: Серуенге шығып,киноға барамыз!

4 қыз: Ән айтып береміз!

Ән «Сыйлық»

Бала: Маған тәрбиеші емес,маған мама керек!

Жүргізуші: Онда біз саған «Модель» болып істейтін маманы ұсынамыз.Ол үй шаруасымен айналыспайды,ол күні бойы жаңа көйлектерін ауыстырып жүреді!

Дефиле «Мода»

Бала: Анам «топ модель» болып шетелде жүрсе,мен анамсыз бұл жақта қалай өмір сүремін?Жоқ керек емес!

Жүргізуші: Ал мамаң мұғалім болса?

1 әкімші: Тақпақтарды үйретіп

Ән салғызып,билетіп.

Еңбегіне мақтанам,

Мұғалім мама жақсы адам!

Бала: Жоқ! Мұғалім болса, «сабақ істе!»деп қинап жібереді.Тағы басқасын қарастырыңыздар!

Жүргізуші: Ендеше асыл қазына,ылғида еркелететін әже,немере сүйіп, қыдырса қонаққа ерте кететін әже!

Нұры көпке жетеді,

Бала көрсе басынан

Бір-бір сипап өтеді!

6 бала: Әжемді мейраммен құттықтаймын!

Айтатын ән,беретін гүлім дайын!

Әжетай сені жақсы көремін деп!

Ақырын құлағына сыбырлаймын!

7 бала; Өскенде мен ал енді

Аралаймын әлемді

Сыйлық әкеп әжеме

Таң қалдырам бар елді!

Ән «Әже»

Бала: Әже әрине жақсы ғой,бір ақ тез шаршап қалады.

1 әкімші: Маманы сығандардан алсақ ше? Саған пал ашуды үйретеді.

Би «Сыған биі»

Бала: Жоқ! Сығаннан алмаңдар! Ары бері көшіп жүргім келмейді! Мен өз үйіме барғым келеді!

(бала кетеді.)

(ортаға Мама креслоға отырады.)

Бала: Мама,мама!

Мама: Біреудің дауысын естідім ғой!

(бала жүгіріп кіреді.)

Мама: Сен ба,жаным менің! Балам қайда болдың? Сағынып кеттім ғой! Әкең де,ағаң да сені іздеп жоғалтып алдық деп уайымдадық!

Бала: Мен қазір мам!...

....Бір құпия айтайын

Керегі жоқ басқаның

Қымбат мамам өзіме

Мен мамамның баласы

Сеніңіздер сөзіме!

(музыкамен барлық кейіпкер орындарына барып отырады.)

Жеке ән «Анаға сәлем»

Жүргізуші: Біздің жігіттеріміз, « қыздарды қашан құттықтаймыз?» деп отыр. Ортаға жігіттерді шақырамыз!

(ортаға 2 бала шығады.)

8 бала: Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды құттықтаймыз!

Мерекесін тойлаймыз!

9 бала: Қыздар біздің жердің қыр гүлі,

Қыздар біздің елдің бұл бұлы

Әсемдіктің,сұлұлықтың белгісі,

Әжесінің,анасының еркесі!

Ойын Анамызды сәндеу

Жүргізуші: Арнадық біз жырымызды аналарға,

Анадан бізге артық адам бар ма?

Түн үйқысын төрт бөлген бөбек үшін,

Бұл белгілі әр балаға сана бар да!

Би «Наурыз биі»

Жүргізуші: Міне осымен бүгінгі мерекелік ертеңгіліміз аяқталуға айналды.Қанеки балалар,орнымыздан тұрып құрметті аналарымызды,әжелерімізді,келген қонақтарымызды және бір құттықтап жіберейік!

10 бала: Аялаған,баптаған

Асыраған,сақтаған

Сақтандырып күнде

Айтып бәрін үйреткен

Балалар: Анамызға мың алғыс!

11 бала: Адам бол деп балдырған

Әділдікке баулаған

Жүрегінде махаббат!

Тілегінде мархабат!

Балалар: Анамызға мың алғыс!

(әсем әуенмен залдан шығып кетеді.)






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Менің анам сүйкімді,бәрінен де жақсы адам!»

Автор: Нуртазаева Елена Алтаевна

Дата: 18.01.2017

Номер свидетельства: 380930

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Жа?сы деген немене, жаман деген немене? "
    ["seo_title"] => string(52) "zhak-sy-dieghien-niemienie-zhaman-dieghien-niemienie"
    ["file_id"] => string(6) "134049"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1416657971"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Мен бақытты баламын"
    ["seo_title"] => string(23) "mien_bak_ytty_balamyn_4"
    ["file_id"] => string(6) "453450"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1517245518"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Ана - бізді? г?ліміз "
    ["seo_title"] => string(21) "ana-bizdin-ghulimiz-1"
    ["file_id"] => string(6) "214682"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432400692"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Ана-өмірдің гүлі"
    ["seo_title"] => string(17) "ana_omirdin_ghuli"
    ["file_id"] => string(6) "396627"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1488295249"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Ертеңгілік Тақырыбы: "Ана гүл,ана жыр,ана өмір шырағы""
    ["seo_title"] => string(53) "ertengilik_takyryby_ana_gul_ana_zhyr_ana_omir_shyragy"
    ["file_id"] => string(6) "537206"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1579845954"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства