Просмотр содержимого документа
«"Мен елімнің тірегі"»
Мен - елімнің тірегі
Мақсаты: Қазақстан республикасы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру
2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу.
3. Туған халқына Отанына, оның тарихы тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: «Атажұрт» «Мен-елімнің тірегі» жазуы бар плакат, глобус Қазақстан Республикасының картасы, безендіру құралдары Қазақстан Республикасы ән ұранын орындау.
«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы»
Эпиграфы: «... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде –бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...»
Нұрсұлтан Назарбаев
Олай болса бізде «Болмасаң да ұқсап бақ» деп болашақ еліміздің, тіректері, сіздер боласыздар!
Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым. – деген жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу-әрбір ұрпақтың азаматтық борышы.
Қатысушы: 7-сынып оқушылар еқі топтың аты (Ортаға шақыру)
І-топ басшысы ІІ-топ басшысы
(топтың аты, ұраны өзін-өзі таныстыру өлең жолдарымен)
(Әрбір топ өздерін таныстырып шығады)
Р.Н. «Ал іске сәт» дей отырып ойынымызды бастайық
1 тур «Қанатқақты» - Капитандар сайысы 1 минутта 10 сұраққа жауап
береді (әділ қазылар ұрайды санап отырады)
Р.Н. 1. Қазақстанның ең биік шыңы (Хан тәңірі)
2. Қазақстанның 1920 жылғы астанасы (Орынбор)
3. Кенесары көтерлісі қай жылдары болды. (1837-1847)
4. Қазақстан Республикасының халық саны (16 млн астам)