kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мен елімді сүйемін!» «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған»

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Балабақшада ересек топтар арасында өткізілген мәнерлеп өлең оқу сайысы,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мен елімді сүйемін!» «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған»»







«Мен елімді сүйемін!»

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған»

(Мәнерлеп өлең оқу сайысы)

















Құрметті балалар бүгінгі мерекеміз еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толу мерекесіне арналып отыр. Әнұран орындалады. 


Сонда-дағы қасиетті қазағым,
Төл байрағын дұшпанына бермеген.
Бабалардың ғасыр бойы арманы,
Өткенімен келешегін жалғады.
Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың, 
Егеменді – тәуелсіздік алғалы. 


Азаттық, тәуелсіздік қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың қаншама бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Соңына мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып, жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 1986 жылдың желтоқсаны қай қазақтың жүрегін сыздатпады, кімнің көңіліне жара салмады? 1991 жыл – Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй- тәй басқан республикамызбен оның халқы үшін ерекше жыл. Сол күні республикамыздың аспанында қазақ елінің өз Жалауы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды. 
Еліміздің рәміздерін, соның ішінде қасиетті Көкбайрағымыз бен Елтаңбамызды, Әнұранымызды өз жанындай қастерлеу, оған зор құрметпен қарап, тұмардай сақтау – бәріміздің абыройлы міндетіміз. 

-Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.

Осылай деп кім айтқан еді?

-Қаз дауысты Қазбек би

Ия осылай деп тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын. Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толғалы отыр.

16 желтоқсан 1991 жылы республикамыз егемендік алды.

Отан - әр адамның жүрегіне жақын, жылы, қасиетті сөз. Отан дегеніміз - адамның туып-өскен жері, туған-туысқандарымен бірге тұратын атамекені. Сондықтан әрбір адам үшін дүниедегі қасиетті, киелі ұғым –Отан. 



Отан

Бақытты боп жүргенім Танат

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің –тірегім,

Құшағында гүл атам.

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

Сенен бақыт тарайды

Баршамызға Ұлы Отан.

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!


Ту

Күнді құшқан қас қыран, Диляра

Аясында қалқыған

Аспан түсті туым бар

Көк теңіздей шалқыған.

Көкірек жауар шымқай өң,

Көрген жерден елітер,

Көркем өрнек, кең көңіл

Көл пейілге кенелтер.

Тәжім етіп бас иер,

Туы елімнің егемен.

Тұтастығым куәсі

Туғандай бір енеден.

Елдігімді әлемге

Паш ететін байрағым,

Тұнық менің көгімдей

Әуемде мәңгі жайнаған!


Елтаңба

Дүние әлем көзіндей, Райхан

Дөңгеленген жамалы.

Еге елімнің қорғаны-

Кереге қанат қамалы.

Көгілдір көктің жүзінде

Шаңырақ-күн, уық-нұр.

Мәңгі сенбес күйінде,

Маңдайдан жұлдыз туып тұр.

Қуат отын қоздырған

Қос қанатты пырағым.

Хас тұғырға қондырған

«Қазақстан» -Ұраным.

Тұлғасында түзілген

Ыстық қаным, діл, арым.

Төріме іліп,

Төсіме

Тағып жүрер Тұмарым!



Әнұран

Қаһарман қажыр, қайратым, Мирас

Шайлықпас текті айбатым.

Арман, абырой, толғаныс-

Айтылатын ар, затым.

Жұртымның мұң, мұратын

Құлқыма құйып тұратын

Сіңірген тұла бойыма,

Тәңірлік күштің қуатын.

Жан дауысы халқымның

Шабыттана шырқалар.

Киелі сөз, сазды әуен

Шырқағанда, нұр тамар.

Беріле тыңдап,

Егіле

Жанып тұрар мың жанар.

Қазақ елі

Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген. Бекхан

Намысын ешкімге қолынан бермеген.

Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан

Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.

Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,

Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.

Қазақтың тілері ата жол салтымен

Достасу, туысу әр елдің халқымен.

Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,

Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.

Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,

Қазақтың елі мен даңқты даласын.






ҮШ БАҚЫТЫМ

Ең бірінші бақытым – Халқым менің, Медина

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Түтін түтет,

Өс, өрбі, көгере бер,

Немерелер көбейсін, шөберелер.

Жадыңда ұста :

Жақсылық күтпегейсің!

От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!



ЖАН ДАЛА – ЖӘННАТ ДАЛА

Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да, Н. Айкөркем

Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.

Бір нәрсе жетпейді деу қате болар

Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.

Гүл дала – Қазақстаным.

Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,

Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.

Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан

Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.

Ән дала – Қазақстаным.

Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,

Түсінем өзендердің саз ағыстарын.

Қалай ақын болмайын, мен түгілі

Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың.

Қырандар қанатында даңқы кеткен,

Дән дала – Қазақстаным.

Сен менің шұғылаға толған даламсың, Д.Айкөркем

Жасампазым, сан асу жолдарды аларсың.

Бабамның көздерінің қарашығы ең,

Баламның бақытына да қорған боларсың.

Жан дала – Қазақстаным.

Керемет өріледі гүл өңірде өлең,

Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген.

Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді,

Қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен.

Кең дала – Қазақстаным.

Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің,

Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім.

Халқым маған сенеді әлсіз демей,

Үйткені мен, туған жер, саған сенемін.

Жасай бер , Қазақстаным.


ТУҒАН ЕЛІМ

Менде сөйлер сөз болса – Бауыржан

Өзің берген сөзің ғой!

Менде көрер көз болса –

Өзің берген көзің ғой!

Шаттық құшқан шеруде,

Күйді өтерген өзің ғой!

Қиындықты жеңуге

Үйреткен де өзің ғой!

Толқығанда сезім –ой,

Әппақ арым, тілегім.

Туған елім өзің ғой –

Арқа сүйер тірегім!

Туған елім, өзіңнің,

Жазираңды кездірдің.

Жайма –шуақ кезімнің,

Рахатын сездірдің!

Туған елім – гүл елім, Нұралжан

Қасиетіңді білемін.

Өзіңе деп жүремін –

Лүпілдеген жүрегім!

Отаным-жүрегім сен,
Күш алам өзіңнен мен.
Жаралғам топырағыңнан
Нәр алғам бұлағыңнан
Сен үшін күресемін,
Аялап құшақтасып
Өтермін өзіңменен


Әнұраным-айбыным, Айшат
Қымбатсың маған
Бар шыным.
Естігенде жүрегім
Тебіренер бұлқынып.
Шырқалшы әнім
Мәңгілік !

Тәуелсіздік текке бізге келмеген, Бекзат
Талай бабам қанын төгіп терлеген.
Атты бүгін азаттықтың ақ таңы,
25 жыл Тәуелсіздіктің таңы атқалы.
Елі текті, киелі, қасиетті жерімнің,
Құтты болсын еркіндігі, ата- баба арманы.  

Ақ күмістей қаласы бар.
Алтын дәнді даласы бар,  

Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Мен жас ұланмын,                                                         Диляра
Мемлекеттің қорғанымын ертеңгі.


Нұрға, гүлге толтырамын
Өзім туған өлкемді.
Тәуелсіз елім ұлы есім,                                                  Никита
Сен десе соғар жүрегім.
Өзіңдей елім барына
Шаттанып мәңгі жүремін.


Отан, отан,                                                                      Айгерім
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем,
Қадамың бар баспаған.                                                
Халқым жетсін мұратқа.


Ей, бас қалам Астанам,
Жас Астана, жас ғалам                                                  Нұрдина.
Тарихың бар ашпаған.
Ордасы бол ойшылдың,
Ей, бас қалам Астанам.
Шырқап көкке аспан ән.                                              
Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қалам Астанам.


Ардақталды Астанам.      Даниял
Мәртебелі бас қалам.
Көркейе бер күн сайын,
Алға қарай бас қадам.


Өзіңдікі елім де.                                       Ерасыл
Өзіңдікі жерім де.
Өзіңді-өзің еткен бақ
Тәуелсіздік төрінде.


Барым да сенсің, бағым да.                                           Мөлдір
Жалында елім жалында.
Бақытымыз бар қазақ,
Тәуелсіз елім барына.
Әсем қалам Астанам,                                                    
Әлемдегі жас қалам. 
Әр күн сайын өзгеріп, 
Бой көтерді бас қалам.


Отан дейміз от жаққан жерімізді.                                      Фарида
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер атамекен.                                      

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.


Отан дейміз кең байтақ Астананы.                                    Аңсат
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ.
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.


Отанымның төрінде,                                                 Малика
Сарыарқаның өрінде,
Ту ұстаған астанам,
Әсем қалам, бас қалам.


Отанды жас, кәріміз де    Асылжан
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәрімізде 
Туып өмір сүреміз.


Отан-жерім, отан-суым,                                              Егор
Отан қуат нәр береді.
Отан-ұран, отан- туым,
Отан мәңгі гүлденеді.     

Отан - сенің ата-анаң,

Отан - досың, бауырың.

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

Отан - тарих, Отан – тіл Кәусар

Жасаған елің, ер халқың.

Отан - өлең, Отан - жыр,

Көтерген көкке ел даңқын...

Отан осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс, жас қауым,

Ардақтап, сүйе біл.

Отан - жерім, Отан - суым, Ямур

Отан - қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Отан үшін жанымызды береміз,

Отан үшін барлығына көнеміз.

Отанның да,ананың да алдында

Осы өмірде парызды өтеп кетеміз.




Міне егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді. Еліміздің экономикасын өркендетуге сендер де ат салысады деп сенемін.

Еліміздің Егемендігі жасай берсін!

Ақтөбе қалалық білім бөлімі №5 «Жұлдыз» санаториялық түрдегі туберкулездік ясли бала бақша мемлекеттік мекемесі.











«Қазақстан менің елім!»

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған»

(Әңгімелесу)













Өткізген: Э.А.Балмагамбетова














Ақтөбе – 2016ж

«Менің елім Қазақстан»


«Пай, пай, пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер!
Ғашықтар бір - бірін өпкен жер,
Сарылып сал – сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!»

- деп М. Мақатаев айтқандай, ең біріншіден, туған жеріміз Қазақстанға тағзым етіп, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын.

Ақиық ұлы ақынымыз:
«Ой - хой, қазақ даласы, не көрмедің?!
Қанша қурап, қаншама көгермедің?!
Қорқыт ата қобызымен боздаттың ғой,
Асанның шерге толы өлеңдерін!
Ой - хой, қазақ даласы, не көрмедің?!»

- деп жырлағандай, халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет - қайым күндерді де, талай қилы замандарды, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткерді.
Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз.

1. Біз қандай республикада тұрамыз? (картадан көрсету)
2. Біз тұратын қала қалай аталады? (картадан көрсету)
3. Республиканың астанасы қай қала? (картадан көрсету)
4. Еліміздің ел басшысы кім?(суретін көрсету)

Балалар мынау не? Ол ту.
Қазақстан Республикасының өзін ерекшелендіретін рәміздері бар. Сол рәміздің бірі ту. Тудың түсі қандай?( көгілдір)
Ол ашық аспан түсі.
Тудың ортасында ненің суреті? Күн
Күн - бейбітшіліктің белгісі. Ал күн астында қыран құс - еркіндіктің, болашаққа самғайтын құс. Тудың шетінде ою
Ол - қазақ халқының өнері мәдениеті.
- Балалар қараңдаршы туда күн, қыран құс, ою алтын түспен салынған ол бақытпен байлықтың белгісі.

Бұл балалар Қазақстан Республикасының рәмізінің бірі - елтаңба
Әр Республиканың өз ел таңбасы болады. Біздің республиканың өз ел таңбасы бар. Қазақстан елтаңбасының көгілдір аясында шаңырақ бейнеленген, (киіз үйдің макетін қарастырады) ол киіз үйдің ең жоғарғысында орналасқан. Ол от басының бақытын сақтайды Ал мынау шаңырақты ұстап тұратын уықтар. Ол күн шуағы ретінде төгіліп тұр. Бұл шаңырақты ел таңбаның жүрегі деп атауға болады. Жоғарыда жұлдыз бейнеленген, ол достықты бейнелейді. Екі жағында ертегідегі қанаты бар тұлпардың суреті
Қанатты тұлпар өмірлік өмірдің арман белгісі, болашаққа самғау деген мағынаны білдіреді.

- Бұл қағазда Қазақстан республикасының гимні жазылған . Бұл гимн жиналыс – жиындарда қойылады. Бұл әнді тұрып, оң қолымызды жүрекке қойып тыңдайды. Гимнді орындау

«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда. 

Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 25 жыл толады.
Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата - анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!»деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін!
Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу - асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі балалар – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу. 
Балалар, сендер елімізге қандай тілек тілейсіңдер


Елімізде тыныштық болсын!
Еліміз бай болсын!
Бейбітшілік болсын!

Аспан ашық болсын!
Ата-анамыз аман болсын!







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Балмагамбетова Эльмира Абдыгазиевна

Дата: 18.02.2017

Номер свидетельства: 393310

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Елін сүйген - Елбасы"
    ["seo_title"] => string(25) "ielin_suighien_ielbasy_11"
    ["file_id"] => string(6) "463957"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1522229411"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "«Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік»"
    ["seo_title"] => string(35) "ielimnin_ierkindighi_t_uielsizdik_2"
    ["file_id"] => string(6) "416870"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1495176268"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік"
    ["seo_title"] => string(45) "ielimnin_bak_ytyn_tierbietkien_t_uielsizdik_2"
    ["file_id"] => string(6) "380348"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484638846"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Ашы?  т?рбие  са?аты   Мені? Отаным - ?аза?стан"
    ["seo_title"] => string(47) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-mienin-otanym-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "253153"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447526110"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Елімні? ба?ытын тербеткен ?аза?стан"
    ["seo_title"] => string(36) "ielimninbakytyntierbietkienkazakstan"
    ["file_id"] => string(6) "284502"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453991413"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства