Д?рыс айтасы?дар, балалар, Отан дегеніміз – адамны? туып ?скен жері, ту?ан – туыс?андарымен, жа?ындарымен бірге т?ратын ата мекені. ?аза? елінде т?ратын адамдарды? отаны - ?аза?стан Республикасы.
?аза?стан хал?ы Ассамблеясы — 1995 жыл?ы 1 наурызда ?аза?стан Республикасыны? Президентіні? Жарлы?ымен Мемлекет басшысы жанында?ы консультативті-ке?есші орган. Ел Президенті Н.?. Назарбаев ?аза?стан хал?ы Ассамблеясын ??ру идеясын ал?аш рет 1992 жылы Т?уелсіздікті? бірінші жылына арнал?ан ?аза?стан хал?ыны? бірінші форумында жариялады. М?ндай институтты ??ру ?ажеттілігі саяси т?р?ыдан, сондай-а? жа?адан ??рыл?ан, т?уелсіз, полиэтносты, поликонфессиялы? мемлекетті? т?ра?ты дамуы т?р?ысынан туында?ан еді. Атал?ан бастама м?дениет аралы? диалогты ны?айтуды? жа?а кезе?іні? негізін ?алап, этносаралы? ?атынастарды дамыту м?селелерін жо?ары де?гейде шешуге м?мкіндік жасайтын ?лемдік т?жірибедегі ты? ба?ыт болып табылды. Жиырма жылды? тарихында Ассамблея ?ар?ынды дамып, елеулі ?згерістерді бастан кешірді. Оны? дамуы барысында Н.Назарбаевты? этносаралы? толеранттылы? ж?не ?о?амды? келісімні? ?аза?станды? ?лгісі ?алыптасты. Осы жылдар ішінде ?аза?стан хал?ы Ассамблеясыны? институционалды? ??рылымы ны?айып, ?о?амды ?йыстырушы ?леуеті толысты, ол халы? дипломатиясыны? ма?ызды к?ретамырына айналды. Б?гінде Ассамблея ел Президенті Т?ра?алы? ететін конституциялы? орган болып табылады. Б?л оны? ерекше м?ртебесін ай?ындайды.
Просмотр содержимого документа
«Ашы? т?рбие са?аты Мені? Отаным - ?аза?стан»
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: жас ұрпақты Отанын сүюге , еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту. 2. Тәрбиелік: Отанынын ,туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіпқалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа , ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге , патриоттық сезімге тәрбиелеу; 3. Дамытушылық: ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылық-пен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті,Казақстан Республикасының картасы, рәміздер, Ассамблея жайлы суреттер.
Әдістері: сұрақ – жауап , әңгімелеу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды дөңгеленте тұрғызып, қонақтарды қарсы алып ,тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырамын.
Біз бүгін « Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз.
Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның құдіретті үнін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем.
М. Мақатаев
Ой қозғау
- Бұл өлең не туралы?
- Туған жер, Отан туралы.
- Отан деген не?
- Отан деген адамдардың туып-өскен жері
- Сендер қай мемлекетте туып өстіңдер?
- Қазақстанда
- Сонда, сендердің Отандарың қай мемлекет?
- Біздің Отанымыз – Қазақстан!
Мұғалімнің сөзі:
Дұрыс айтасыңдар, балалар, Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері , туған – туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың отаны - Қазақстан Республикасы.
Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
Постер қорғау
1-топ Қазақстан қандай мемлекет?
2-топ. Елімнің жеткен жетістіктері
3-топ. Туған жер, Отан жайлы мақал – мәтел айту.
4-топ. Туған елі жайлы әндерді орындау.
Түйін сөз
Білесің бе?
Отанның сен не екенін.
Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.
Екі Отан жоқ.
Жалғыз Отан – мекенің!
Біздің Отанымыз біреу- ақ,
Ол – Қазақстан!
Оқушыларды бағалау. «Екі жұлдыз,бір тілек» спикер арқылы бағалау.