kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Күз - мерекем, күз - берекем"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Күз-мерекем, күз-берекем»

Мақсаты:Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету.

Жүргізуші:

Қарсалайық бәріміз

Жасымызбен кәріміз

Қырдан кепті қыдырып

Алтын күзде нұр төгіп
Тілегім аман болсын ел іргесі

Алтын күз қайта келді ел іргесі
Молшылықтың жаршысы бола білді

Алтын күз -ырыс береке ала келді.
Құрметті қонақтар, балалар. Сіздерді «Күз-мерекем, күз-берекем» атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз. Алтын күз мерекесіне қатысушы балаларды қарсалайық. (Балалар музыка ырғағымен залға кіріп, орындарына отырады)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Күз - мерекем, күз - берекем"»

Тақырыбы: «Күз-мерекем, күз-берекем»

Мақсаты:Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету.

Жүргізуші:

Қарсалайық бәріміз

Жасымызбен кәріміз

Қырдан кепті қыдырып

Алтын күзде нұр төгіп
Тілегім аман болсын ел іргесі

Алтын күз қайта келді ел іргесі
Молшылықтың жаршысы бола білді

Алтын күз -ырыс береке ала келді.
Құрметті қонақтар, балалар. Сіздерді «Күз-мерекем, күз-берекем» атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз. Алтын күз мерекесіне қатысушы балаларды қарсалайық. (Балалар музыка ырғағымен залға кіріп, орындарына отырады)

Жүргізуші: Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар, балалар. Табиғат қай кезде болмасын – тамаша дүние. Күз келсе – біз сары-қызыл жапырақтарды, көкеніс пен жеміске толы бақты, құстардың жылы жаққа ұшуы мен жаңбырдың жауғанын елестетеміз. Балалар, тыңдандаршы, бұл не шу? (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді. Қолында жеміске толы себет, үсті толы сары жапырақ, басында жеміс тағылған әдемі бас киім)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысын.
Табиғатым,жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақшы боп бар халқымның алғысын.
Мен –Күз ханшайымымын, сіздерді көргеніме қуаныштымын.

Жүргізуші: Қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балаларда сізді көргеніне қуанышты. Сіз келеді деп күз туралы тақпақтар мен өлеңдер, билер дайындады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән «Күз»

Тақпақтар:

Әсел:

Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.

1:Алтын нұрдай тамшылап, жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді    
Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып,
Жатқан мезгіл күз екен, алдым соны түсініп.

2: Сарғайды тоғай, сап-сары манай
Соңғы әнің айтып, құс кетті қайтып     
Жапырақ ұшты, суық та түсті
Сонда да бізге,қызық көп күзде.

The leaves are falling

One by one

Summer`s over

School`s begun

3: Осень, осень не спеши

И с дождями подожди.

Дай еще нам лета,

Солнышка и свеета.



4: Ой, балалар,балалар,

Қоңырқай күз болыпты,

Құлап жапырақтар солыпты.

Ел егінін орыпты,

Ой,балалар,балалар.

Ойнайық та күлейік,

Мәз боп бірге жүрейік



Ходит осень в нашем парке,

Дарит осень всем подарки:

Фартук розовый-осинке,

Бусы красные-рябинке,

Зонтик желтый-тополям,

Фрукты осень дарит нам.



5:Вот на ветке лист кленовый

Нынче он совсем как новый.

Весь румяный, золотой,

Ты куда, листок? Постой!

6:Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.    
Көзден жасты шығарам.
Тұмаудан бірақ сақтаймын.

7:Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрган ол мен қызанақ    
Күнге қарап ұялып.

8:Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз    
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.

9:Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме    
Ісіп кетер маңдайым.

10:Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды.    
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.

11:Алма баққа барайық
Алма теріп алайық
Ең үлкенін дәмдісін
Анамызға сыйлайық

Би: «Жемістер»

Күз ханшайымы: Рақмет, мен өзіммен бірге ойын алып келдім. Кәне ойын ойнауға қалай қарайсыздар балалар.
Ойын: «Кім жылдам»
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Енді балалар, сендерге жұмбақтар жасырайын, шешуін табыңдар.
1.Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығыннан суырып,
Әкелді әжем бір күні (сәбіз)
2.Жайлы жұмсақ төсегім
Домаланып өсемін
Қабат-қабат тоным бар.
Қалай оны шешемін
Бұл не? ( Орамжапырақ)
3. Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады. ( пияз)
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Жұмбақты шеше алдыңдар.

Жүргізуші: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға.
Шақырады біздерді.
( Осы кезде әуен ойналып Бағбаншы атай келеді.)

-Сәлеметсідерме

Балалар: -Сәлеметсізбе!

Жүргізуші: Сіз кімсіз? Қайдан келдіңіз?

Бағбаншы: Мен бағбаншымын, Балалардың дауыстарын естіп,осы күз мезгілінде басымнан өткен бір хикаяны айтып бермекшімін. ( Осы кезде әуен ойналып «Шалқан» ертегісі басталады.)

Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде. Бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар үй шаруашылығымен айналысыпты. Ата есіктің алдына шалқан егіпті. Күндердің бір күнінде шалқан күнің ыстық сәулесімен үлкен болып өсіпті. Осы кезде Атай шалқанға тамсанып қарайды.
Ата: Ой бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіп қалыпты ғой.
Тәрбиеші: Осылай ата енбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады шалқанды жұла алмайды.Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.
Ата: Ойбай,шаршап кеттім, белім де ауырды. қой көмекке, кемпірмді шақырайын.
Кемпірім, кемпірім,келші қарашы шалқанымыз үлкен болып өсіпті, жалғыз өзім тарта алмай қалдым.Кел екеуміз бірге тартайық.
Кемпір: Ой шынында да, үлкен болып өсіпті ғой, кел тарсақ тартайық.
Тәрбиеші: Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады. Бірақ шалқанды орынан қозғалта алмайды. Кемпір қызың көмекке шақырады.
Кемпір: Қызым, қызым, бізге көмекке келші. Атаң еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Қыз: жарайды апа сізге көмектесейін.
Тәрбиеші: қыз көмекке келіп, шалқанды рет ретімен тартады. Бірақ күштері жетпейді. Сонымен көмекке итін шақырады.
Қыз: Ақтөс, ақтөс, көмекке келші.
Ит: Аф, аф, аф, көмектес, десендер көмектесейін.
Тәрбиеші:Ит қыздың етегінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдаң, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке ит мысықты шақырады.
Ит: мысық, мысық бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Мысық: мияу, мяу, көмектесіп жіберейін.
Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.
Тышқан: әрине көмектесіп жіберемін.
Олар, тарта, тарта шалқанды суырып алады.

Бағбаншы: Міне, осылай жомарт күздің сыйлаған үлкен шалқанын жинап алып, қыс бойы жеп жататын болдым. Сау болыңдар!

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Енді «Күз Ханшайымына» кіші топ бүлдіршіндері өз өнерлерін ала келіпті, кәне тамашалайық.

Ойын: «Дәміне қарай ажырат»

Балалардың өлең жолдары:

1:

Берекелі, мерекелі

Келді жомарт, алтын күз

Қалада да, далада да

Жанның бәрі жарқын күз.

2:Аспанды сұрғылт бұлт, 
Жан-жақтан жабады.

Күнбірте суытып, 
Жауын көп жауады.  

3:
Ағаштардан жамырап, 
Ұшты кенет жапырақ. 
Ой, алақай, тамаша, 
Шашу шашты жапырақ! 

4:Жаздай күткен бәріміз,

 Сары алтын,сары күз,
 Көк аспаның мөлдіреп,

Алтын күнім елжіреп.

5: Әуенге еріп сиқырлы,

Айтылды ән боп сыр қилы.

Күзгі әуен жастардың,

Жүрегіне нұр құйды.



6:Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді.

Ай жапырақ-сары алтын
Айналаның бәрі алтын.

7:Тоңазыпатырап, 
Көп жеміс піседі. 
Сарғайып жапырақ, 
Саудырап түседі. 

8: Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілді.

Ай жапырақ – сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.


9:Тоңазып атырап, 
Көп жеміс піседі. 
Сарғайып жапырақ, 
Саудырап түседі. 

10:Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күзге бізге нұр төгіп.

11:

Қарқынды еңбек

Әр күн өрлеп

Әр ісіне сүйсінді

Ән тасқыны дән тасқыны

Ырыс болып құйылды.

12:

Күзде жауын,бұлт,тұман,
Сары жапырақ жауады!
Сары құйын ұйытқан,
Сапырады ауаны.
Тапталады табанға,
Судыр-судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап.

Би: «Чунга-Чанга»

Күз ханшайымы:Балалар жарайсыңдар өнерлеріңе тәнтімін. Менің қайтатын уақытым да болды. Сендерге құр қол келген жоқпын, сендерге сыйлық ала келдім.

Ән: «Берекелі күз»

Жүргізуші. Жел тұрады жалықпайды

Күн жылытып жарытпайды,

Жапырықтар жерге қарай

Қалықтайды, қалықтайды—дегендей біздің тобымыздың дайындаған мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.

Қош сау болыңыздар!!!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Күз - мерекем, күз - берекем"

Автор: Эргешова Гулчехра Анарматовна

Дата: 11.12.2018

Номер свидетельства: 490270

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "К?з- мереке,к?з-береке."
    ["seo_title"] => string(24) "kuzmieriekiekuzbieriekie"
    ["file_id"] => string(6) "296120"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455908687"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "К?з - мереке,к?з - береке "
    ["seo_title"] => string(29) "kuz-mieriekie-kuz-bieriekie-2"
    ["file_id"] => string(6) "216148"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432883649"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Ерте?гілік:"К?з мерекем-к?з берекем""
    ["seo_title"] => string(39) "iertienghilikkuzmieriekiemkuzbieriekiem"
    ["file_id"] => string(6) "289135"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454743239"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Саба?ты? та?ырыбы: «К?З – МЕРЕКЕ, К?З – БЕРЕКЕ» "
    ["seo_title"] => string(47) "sabak-tyn-tak-yryby-kuz-mieriekie-kuz-bieriekie"
    ["file_id"] => string(6) "141444"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418126302"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Сыныптан тыс ж?мыс. "К?з-мереке,к?з-береке""
    ["seo_title"] => string(41) "synyptantyszhumyskuzmieriekiekuzbieriekie"
    ["file_id"] => string(6) "285097"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454085525"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства