kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Құтты болсын, Жаңа жыл" ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

құтты болсын жаңа жыл мерекесы кіші тобын арналган ертенгілігі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Құтты болсын, Жаңа жыл" ертеңгілігі»

«ЖШС» «Бэйби-Бум»

«Мансур» балабақшасы









«Құтты болсын, Жаңа жыл!» ертеңгілігі

«Балапан» сәбилер тобы.


Тәрбиеші: Исхакова Г.А












Красный Яр- 2018 жыл



Тақырыбы: «Құтты болсын, Жаңа жыл!»

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың кейіпкерлердің карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: Жүргізуші, Аязата, Ақшақар,Сиқыршы, Мыстан кемпір, Аққала Ит, Доңыз, балалар, ата - аналар.
Жаңа жылға сай безендірілген зал ортасында түрлі - түсті жарқыраған ойыншықтары көз тартар жасыл шырша орын алғ ан.


Жанға жайлы әсем музыкамен балалар кіреді.


Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар мен құрметті қонақтар!
Жаңа жыл келді о, міне,
Далама, қалама, жеріме
Шаттыққа бөлеп әр үйді,
Шыға ғой менің төріме.

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы мында жаңа жылғы сыйлықтар өте көп екен. Мынау неткен үлкен сыйлық, ішінде не бар екен? Ашып көрейікші.

(Сиқырлы музыка әуенімен сиқыршы шығады)


Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен орманда келе жатып жолда Ақшақардың аяқ киімін тауып алдым. Оны Ақшақарға әкеліп берейін дегенімде, мені Мыстан кемпір ұстап алып қорапқа салып тастады. Мені құтқарғандарыңа сендерге алғыс айтамын.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе? Сиқыршы біз сізге қуана көмектесеміз. Сиқыршы: Балалар, сендерге қарасам өнерлі балалар сияқтысыңдар?
Жүргізуші: Иә, сиқыршы дұрыс айтасың, расында біздің балалар шетінен өнерлі. Тіпті олардың жаңа жылдық шыршамызға арналған

Тақпақтар:

Бауыржан:

Жаңа жыл,жаңа жыл

Құтты болсын,жаңа жыл.

Іңкәрім:

Тамаша,тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.



Сиқыршы: Жарайсыңдар балалар!

Әуенмен Мыстан кемпір шығады.)

Сиқыршы: Ой бұл кім?
Балалар: Бұл, Мыстан кемпір.
Сиқыршы: Иә, балалар, мені қорапқа салып, Ақшақарға баруыма кедергі жасаған осы Мыстан кемпір.
Мыстан кемпір: Жоқ, мен Мыстан кемпір емеспін. Мен ең, ең әдемі Ақшақармын. Қараңдаршы менің көйлегім қандай әдемі. Мұндай көйлек ешкімде жоқ.
Сиқыршы: Ақшақар сияқты сүйкімді бола алмайсың! Бетіңді де жумапсың, түріңді қарашы.

Мыстан кемпір: Сендер меннен артық Ақшақарды таба алмайсыңдар! Сиқыршы: Мыстан кемпір Ақшақардың кебісін киіп көрші саған келе ме екен?

Мыстан кемпір: Әрине киемін, маған жараспайтын нәрсе жоқ, барлығы да құйып қойғанда болады.

Сиқыршы: Жоқ саған сыймайды ғой, сен Ақшақар бола алмайсың, одан да сен бізге көмектес кебістің иесін табайық.

Мыстан кемпір: Ой жарайды тек сендер маған би билеп көңілімді көтерсеңдер мен келісемін.

«Гномдар» биі .

Сиқыршы: Жарайсыңдар балалар, жақсылап би биледіңдер. Мыстан кемпірдің көңілін көтердіңдер. Бірақ аяқ киімнің иесі табылған жоқ әлі.
Мыстан кемпір: Мен білемін біздерге кім көмектесетінін,орманда ақ қоянды көргем секіріп ойнап жүргенін сол ақ қоян көмектесер мүмкін.

(Сиқыршы сиқырлап, ақ қоянды шақырады)


Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балақайлар!
Мен көңілді Аққоянмын.
Ойын - күлкі әкелдім,
Бақыт, қуаныш сыйлаймын.
Сиқыршы: Қош келдің, Ақ қоян! Біздің басымызға қиындық түсіп, көмек керек. Аяқ киімнің иесін табуымыз керек.
Ақ қоян: Мен сендерге көмектесемін, бірақ менімен бірге би билеп беріңдер

Би «Ұзын құлақ сұр қоян»

Ақ қоян: Жарайсыңдар балалар. Сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме? Олай болса Менімен ойын ойнаңдар.
Ойын: «Қар жинау» ойыны (екі топқа бөлу)
Сиқыршы:

Ой, балалар қараңдар,
Сиқырлы үйді қараңдар.
Жарығы жанып тұр екен,
Терезесін қағайын.
Кім тұратынын сұрайын.
Сиқыршы: Кім мұнда тұрады екен? Мұнда Ақшақар тұрады.


(Үйінен Ақшақар шығады).

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер қандай әдемісіңдер. Сендерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.
Сиқыршы: Құрметті Ақшақар, сізді Жаңа жыл мерекесіне шақырамыз.
Ақшақар: Мен мерекеге барайын деп едім, бірақ орманда серуендеп жүріп аяқ киімімді жоғалтып алдым.
Сиқыршы: Сіздің аяқ киіміңізді тауып алдым, ала қойыңыз.
Ақшақар: Көп рахмет сіздерге балақайлар.
Сиқыршы: Ақшақар, балаларымызбен балабақшаға оралайық мерекемізді қарсы алайық.


(Балалар бір сап болып қатарға тұрып шыршаны айналады. Балалар орындықтарға отырады)


Сиқыршы: Ақшақар балалардың дайындап келген өнері бар тамашалаңыз.

Қыздар биі «Ұлпақарлар»биі.

Аяз ата: Ау- ау қайдасыңдар балақайлар?!

Ақшақар: Балалар Аяз ата келе жатқан секілді, бізді таба алмай жүр. Кәне барлығымыз оны бірге шақырайық.

Балалар: Аяз ата.

(Әуенмен Аяз ата келеді)

Аязата:

Сәлематсыңдер ме, балалар!

Амансыңдар ма қонақтар!
Жаңа жылдарыңмен!

Балаларым, балғыным,

Өмір гүлім, шалғыным.

Тілегенім жыл бойы,

Сендердің денсаулығың.

Амансың ба, ұлдарым,

Аппақ ару қыздарым?

Сиқыршы: Қош келдіңіз Аяз ата, төрлетіңіз.

Ақшақар: Салеметсіз бе, Аяз ата.

Сиқыршы:Аяз ата біздің балалардың сізге арнаған өнерлері бар, отырып тамашалаңыз.

Тақпақ:

Аишанұр:

Арсен:

Аяз ата келгенде

Би билейміз тамаша

Ақшақар: Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой, мүмкін біздің балалардың әні көмектесетін шығар, сән құрып шыршаны айналып ән айтып көрейік. Сонда шыршамыздың шамдары жанар.

Ән «Кішкентай шырша»(Хоровод)

(Балалар орындарына отырады)
(Жаңа жыл мен ескі жыл келеді.)

Сиқыршы: Бізге жаңа жыл мен ескі жыл қонаққа келіпті қош келдіңіздер.

Аяз ата: Амансың ба жаңа жыл төрлет, төрлет.
Жаңа жыл: Кім десендер, мен жаңа жылмын, Доңызбын. Мен әкелген жаңа жылда сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келдім.

Сиқыршы: Жаңа жыл сізге балалар тақпақтарын айтып берсін.

Ит. Балалар, біз Аяз атаның тапсырған сыйлықтарын алып келдік.

Аяз ата: Өте жақсы, жарайсыңдар.

Жаңа жыл: Біз құр қол келген жоқпыз ойын ала келдік. Ата-аналармен ойын:

Ит:Менің сіздермен қоштасатын уақытым келді, сіздерге молшылық, бақыт әкелдім.

Мына келер жылға тілегім. 
Жасампаз заман бұл заман, 
Бүгіннен ертең ғаламат.
Алдыңғы сапта боларсың, 
Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді) 
Аязата: Хош сау бол, келесі кездескенше!

Сөз беру.

Аяз ата:
Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан, мықты болып өсіңдер.

Ақшақар:

Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.

Ақшақар: Аязата балаларға сыйлықтарын беретін кез келген сияқты.

(сыйлықтарды таратады)
Аяз ата: Ал қарақтарым бізді күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рахмет. Өнерлерін өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер! 

Сау болыңдар, балалар.

Сиқыршы: Келесі жылы біз сіздерді сағына күтеміз. Қош болыңыздар!

Осымен шағын жаңа жылдық мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Құтты болсын, Жаңа жыл" ертеңгілігі

Автор: Исхакова Гульджамал Анарбаевна

Дата: 16.02.2020

Номер свидетельства: 539912

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Конспект урока на тему "Құтты болсын Жаңа жыл""
    ["seo_title"] => string(51) "konspiekt_uroka_na_tiemu_k_u_tty_bolsyn_zhan_a_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "452003"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1516724656"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Құтты болсын, Жаңа жыл!"
    ["seo_title"] => string(28) "k_u_tty_bolsyn_zhan_a_zhyl_2"
    ["file_id"] => string(6) "403899"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1490633325"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Ерте?гілік "??тты болсын, Жа?а жыл! "
    ["seo_title"] => string(41) "iertien-ghilik-k-u-tty-bolsyn-zhan-a-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "157848"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421661254"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Ерте?гілік ж?рісі "??тты болсын, Жа?а жыл!" "
    ["seo_title"] => string(49) "iertien-ghilik-zhurisi-k-u-tty-bolsyn-zhan-a-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "218857"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1433935512"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "Сцненарий новогоднего утренника «??тты болсын, Жа?а жыл!»"
    ["seo_title"] => string(55) "stsnienariinovoghodnieghoutriennikakuttybolsynzhanazhyl"
    ["file_id"] => string(6) "270588"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451213765"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства