kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қош бол, даярлығым!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ертеңгіліктің  мақсаты:Мектепалды  даярлық  сыныбында   жыл  бойы  алған білімдерің,  үйренген  жұмыстарының  нәтижесін көрсетіп,  балалардың  сөздік  қорын,  тілін,  ой-өрісін  кеңейту,  ойын  дамыту  мен олардың  бауырмалдыққа,  ұымшылдыққа,  отан сүйгіштікке  тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қош бол, даярлығым!"»

Тақырыбы:Қош бол, даярлығым!

Ертеңгіліктің мақсаты:Мектепалды даярлық сыныбында жыл бойы алған білімдерің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсетіп, балалардың сөздік қорын, тілін, ой-өрісін кеңейту, ойын дамыту мен олардың бауырмалдыққа, ұымшылдыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.


Кіріспе:-Құрметті ата-аналар. ұстаздар! бүгін бүлдіршіндеріміз аз уақыт ішінде мектепалды даярлықтан тәлім-тәрбие алып. Өнер үйреніп, жыл бойы білімге жол ашқан даярлықпен қоштасып, 1-сыныпқа қадам басқалы отыр.Қадамдары құтты болсын деп ертеңгілімізде бастаймыз.

Хан.Шынтас.

Уа, халайық! Армысың,
Ағайын туған, бармысың
Жарлығымды тыңдаңдар, 
Босқа қарап қалмаңдар
Мен сендерге сенемін
Қызымды мектепке апарғанға
Ат басындай алтын беремін

Нұрдана.

Қызы:Жоқ, әке
Бұлне дегенің?
Оқымай-ақмен бәрінбілемін
Сабақ, оқу, әріп, жазу
Дәптер, кітап – олне керек?
Ол не береді?
Мен сұлумын, ханшамын
Тәттіқыздыңбірімін
Оқуыңаөзің бар,
 Керекемесбілімің

Бекнұр.

Тазша бала: Уа, тақсыр, армысыз, 
Ханшайымда бармысыз,
Жақсы хабарым бар, 0 «А» сыныптың оқушылары, даярлықпен қоштастым, Мектебіммен достастым.. тойын тойлап жатыр, соны көріп ханшаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.


Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға!
Ханша: барсақ, баралық, көрсек, көрелік! 
Нұржігіт.

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Жандос.

Құтты болсын құрбыжан,

Алға аттаған қадамың.

Білім деп соқсын жүрегің,

Жолыңда бестік шашылсың.










































Еңлік.

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келдіңіз мейірбан ұстаздар

Даярлықпен қоштасу тойымызға

Аяулым.

Жайнаса бал – бұл бүлдіршін

1 –сыныпқа өрлесін.

Жайқалып тұрған көктемгі

Өмірің сенің гүл болсын

Ән: «Біз мектеапке барамыз»

Ойын:Білім еліне саяхат:

1.Қ.Р.М. Рәміздері.

2.-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

3.-0-10 тур және кері сана?

4.10 асықтың 3-еуін досың сұрап алды,

айтшы сонда нешеуі өзіңде қалды?(7)


5.Жаңа ғана шалғында

Алты бұзау жүр еді.

Әлде шаршап қалды ма,

Жатып қалды біреуі.

Нешеу енді жайылып

Жүргенін айт айырып. (5)


6.Шаршадық, қарнымыз да ашты, енді асханаға барып, тамақтанамыз.Есеп шығару. 1 тілім нан 5 тг. 1ст.шай 4тг Барлығы қанша тұрады?

( 9 тг)

7. 6 алманы, екі балаға тең бөліп берсек,

Тиеді әркімге неше алма?.

8.Көліктер неше топқа бөлінеді?

9. Адамның қандай сезім мүшелері бар?

10. Табиғат нешеге бөлінеді







Көрініс: Дос іздеген Бота.

Рөльдерде ойнайтыңдар: Түйе, Күшік, Бота, Мысық, Қозы, Әтеш, Лақ, Ара.

Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты.

Томирис:Аманжан.

Түйе, түйе, түйемін

Жануармын киелі.

Жан- жағыма қараймын,

Күн мен түнді санаймын.


Түйе өзінің жібек жүнді, сүйкімді баласына мейрімділікті, адалдықты үйретіпті.

Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.


Бір күні анасы:

Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүнін үлбіреп,

Қарасам көз тоймайды.


-Боташым, мен саған жақсы достан басқасының бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қиын, әрі қызық емес.(бота басын изеп тұрады)


Бота өзіңе ұқсайтын жалт-жұлт еткен жүні бар, жағымды үні бар дос іздеп шығады.

Еркежан:

-Бота, бота, ботамын,

Ақылды боп атандым.

Тостағандай, көзім,

Әдемімін өзім.



Жайлып жүрген қозы мен лаққа келеді. (қозы мен лақ гүл жинап жүреді)

Бота: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Райхан:

Аяулым:- Мә-ә, Мен қошақан қозымын.

Момақанның өзімін.

Сымбат:

Лақ: Мен лақпын, қандаймын,

Аппақ болған таңдаймын.

Кел, бәріміз дос болайық.

Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

К.Алишер:

Күшік:(үреді) Га ф-гаф, мен күшікпін Саққұлақ,

Үй күзетем шапқылап.

Дыбыс шықса маңайдан,

Гаф-гаф деймін қаттырақ.

Кел, екеуміз дос болайық.

Бота: Жо-жоқ, сен сияқты дос емес.

Күшік: Мүмкін мысық болар.

(бота мыссыққа келеді)

Бота: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Нұрдана:

Мысық: Мяу-мяу. Мен кәдімгі мысықпын,

Өзім тым пысықпын.

Бәріменен дос болып,

Пырылдаған пысықпын, пыр-р, пыр-р.

Кел, екуміз дос болайық.

Бота: Жо-жоқ, сен сияқты дос емес.

Мысық: Мүмкін әтеш болар.

(Бота әтешке келеді)

Бота: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Аслан:

Әтеш:Ку-ка-ре-ку! Бұрап қойған сағаттай

Айқайлаймын таң атпай

Таңмен ерте тұрамын,

Бәріңді оятамын. Ку-ка-ре-ку!

-Кел, екеуміз дос болайық.

Бота: Жо-жоқ, сен сияқты дос емес.

Әтеш: Мүмкін балапан болар. Ку-ка-ре-ку!

Бекнұр:

Балапан: Мен әдемі балапан,

Біліп қой сен, ботақан.

Достарым бар менің көп,

Кел екеуміз дос болайық.

Жем шоқиық, бір ойнайық.

Бота: Жо-жоқ, сен сияқты дос емес.

Балапан: -Мүмкін ара болар.

(Бота араға келеді. Ара ызылдап гүлге қоныр жүреді)

Бота: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.





Шынтас:

Ара: -З-з-з, Ұшып келсем қасыңа,

Менен, сен шошыма.

Сен тимесең тимеймін,

Қастығым жоқ, досыма, з-з-з.

Кел, еккуміз дос болайық,

Гүл терейік, бал жинайық.

Бота: Жо-жоқ. Сен сияқты дос емес.

Ара ызылдап қуа жөнеледі. Бота арадан зорға қашып құтылады. Басы салбырап, дос таба алмай, өз анасына келеді.

Түйе:- Дос таптың ба, ботам?

Бота: -Жоқ. Анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Тура мен сияқты, ешкім

жоқ екен.

Түйе: - Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, боташым. Досты жан тазалығымен таңдау керек.

Бота қуанып, адал достары қозыны, күшікті, мысықты, әтешті, балапанды, араны

ертіп келеді.


Ән. «Дос болайық бәріміз» - барлығы бірге орындайды.


Оқушы деген атаққа

Жету үшін күш салдық.

Бір жыл бойы партада

Тәрбиеленуші атандық.


Есептеуді үйрендік

Әріппен таныстық.

Біздерге мұны үйреткен

Мектепалды даярлық.


.

Мектепте тәтті нәрсе білім дейді,

Білім оңай уысқа ілінбейді.

«Оқы, жаз» дегенін ұғып алсаң,

Ұстазың да жайраңдап күлімдейді

Ойын: «Кім мектепке тез жиналады».

.









Бүгін міне қоштасады.

Даярлықпен бал бұлақ.

Әнімен, өнеріне, біліміне үйренген

Барлығыңыз сал құлақ

Лаулап жансын болашағын, шамшырақ.

.

Таудай болсын талабың,

Құтты болсын қадамың.

Деп құттықтап ағайын,

Силады өз кітабын.

.

Бой алдырар селтеңге,

Мен емеспін еркең де.

Оқушы болам зейінді,

Өнерге іске бейімді.


Менде кітап аламын,

Менде оқуға барамын.

Жаман бала дегізбей,

Жақсы оқитын боламын.



Бар байлықты басқарып

Оқу білім тұрады

Кітапты қөп оқыған

Білімді боп шығады.


Би: «Қош бол ойыншықтарым»


.

Мектеп қамқор анамыз,

Оқып білім аламыз,

Өнерпаз боп өсетін,

Біріншіге бармыз.


Қуантып әрі қинайды,

Даярлықпен қоштасқаным.

Қажет қой бірақ білімнің,

Теңізінен өткенім.



.



Алты жасқа толамыз

Әдепті бала боламыз,

Ата-ананы қуантып,

Кілең бестік алмыз!

Вальс


Айтамыз апай сізге көп-көп алғыс,

Қашанда қасыңыздан табылармыз.

«Даярлық – бар білімнің негізі» деп,

Біз сізді әрқашанда сағынамыз.


.

Жақсылыққа құмармыз

Жақсы адам болып шығамыз,

Таза сәби жүрекпен

Айтамыз сізге мың алғыс!

Қортынды:Міне, бүгін кешегі сәби бүлдіршіндеріміз оқушы қатарында.Еліміздің саналы да білімді азамааттары болады деп сенемін.Ақ жол!



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Қош бол, даярлығым!"

Автор: Габдуллина Гульжан Сергалиевна

Дата: 30.09.2018

Номер свидетельства: 479313

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "?ош бол, даярлы?ым! "
    ["seo_title"] => string(21) "k-osh-bol-daiarlyg-ym"
    ["file_id"] => string(6) "215516"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432717729"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "кош бол даярлы?ым"
    ["seo_title"] => string(20) "kosh-bol-daiarlyg-ym"
    ["file_id"] => string(6) "252961"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447496551"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Кош бол,даярлы?ым!"
    ["seo_title"] => string(17) "koshboldaiarlygym"
    ["file_id"] => string(6) "275993"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452669172"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "?ош бол , даярлы?!"
    ["seo_title"] => string(20) "k-osh-bol-daiarlyk-2"
    ["file_id"] => string(6) "314839"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459780898"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Та?ырыбы: «?ош бол,  дайынды? сыныбым!» "
    ["seo_title"] => string(36) "tak-yryby-k-osh-bol-daiyndyk-synybym"
    ["file_id"] => string(6) "159496"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421914753"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства