kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ош бол, даярлы?ым!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «?ош бол, даярлы?ым!»

Ма?саты:
Балаларды? жыл бойы ал?ан білімдерін бекіту. Білгендерін 
орта?а салып ?орытындылау. Берілген міндеттерді ?з 
беттерімен орындап, жауапкершілікті сезінуді т?рбиелеу.

Ж?ргізуші:
 ??рметті ата - аналар, ?она?тар, о?ушылар! Б?гін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел бол?ан, т?уелсіз т?лпардай етек же?іміз ке?ейіп, атымыз алыс?а жетіп жат?ан ша?та б?гінгі к?ні сіздер ?шін тойлары?ыз?а та?ы бір той ?осылма?. Балалары?ыз даярлы? тобын ая?тап, бірінші сынып?а ?адам бас?алы т?р. ?адамдары? ??тты болсын жас б?лдіршіндер. ?азір алдары?ызда т?р?ан б?лдіршіндер даярлы? тобынан  9 ай ішінде ал?ан білімдерін ?н к?ймен, ?ле?дермен, ?рнектеп ?нерлерін орта?а салады. Білімдеріні?  артып, с?з байлы?ыны? молай?анын, саналарыны? ?скенін к?рсетеді

А? тілекті а?ытып бір тастайы?,
?оштасатын кешімізді біз бастайы?.
Ж?здері?де к?ркем шатты? арайы,
?тсін солай ?рбір к?ні?, ?р айы?.
Ал енді балаларды? та?па?ын ты?дайы?.

Алаш:
?уанамыз сыйлаймыз,
?уанышты? мы? г?лін.
Ал?аш?ы топты ?имай біз,
?оштасатын к?н б?гін.

?лібек:
 Алты жас?а толамыз,
?депті бала боламыз.
Ата - ананы ?уантып,
Кіле? бестік аламыз.
 

Наурыз:
О?имыз білім аламыз,
Болаша? жолын саламыз.
Мектепалды тобымен ?оштасып,
Біз мектепке барамыз.

Фариза:
Мектеп ?ам?ор анамыз,
О?у білім аламыз.
?нерпаз боп ?сетін,
Біріншіге барамыз.

Арыстанбек:
?уанбаймыз неге біз,
К?ліп к?нде т?р ас?а?.
О?ы?алы барамыз.
Біз бірінші сынып?а.

?н: «Бала тілегі»
 Балаларды? орындауында.

?асиет:
К?нні? н?ры шуа?ты,
?тті с?би к?ндерім.
??рдастарым сия?ты,
О?ушымын мен енді.

Несібелі:
Бізге т?ртіп ?йреткен,
?н салдырып билеткен.
Таныстыр?ан е? ал?аш,
?ріптермен, суретпен
Апайымыз?а мы? ал?ыс.

Сымбат:
 Жа?сылы??а ??мармыз,
Жа?сы адам болып шы?армыз.
?уантып ата ананы,
Таза с?би ж?рекпен,
Айтамыз сізге мы? ал?ыс!

Алима:
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген даналарды? мекені.
Мектеп деген т?рбиеші адам?а,
Мектеп деген білімні? е? ?лкені.

?сем:
Адамды?ты? бастауын,
?зі?нен алып барамыз.
Даярлы? сынып енді біз,
?оштасамыз сізбенен,
Ашып мектеп есігін.
Мінеміз білім кемеге.

Би: «Хрустальный вальс».
Та?па? айту.

Берік Н?ртас:
Біз балауса баламыз,
Жетілді ой санамыз.
Даярлы?пен ?оштасып,
Біріншіге барамыз.

Н?ртілеу:
Жа?сы о?ушы боламын,
Кіле? бестік аламын.
Т?рбиелі, ?лгілі,
?аза?стан азаматы боламын.

Альбина:
 Биыл алты жастамын,
Кітапты о?и бастадым.
?ріптерді танып мен,
Енді жаза да аламын.
 

Малика:
??ша?ы?да жар?ылдап,
?тті с?би к?ндерім.
Мектепке барам мен енді,
Даярлы? топ ?ош енді.

Н?ржан:
На?ыз білім ырыс ба?,
Д?ниені т?р ?стап.
Енді біздер саба??а,
Кірісеміз д?рыстап.

Басаров Н?ртас:
Биыл к?зде мектепке,
Біріншіге барамын.
Ма?танбаймын мен текке,
Дайын д?птер ?аламым.

Азамат:
?лкендердей тап- таза,
Жазамыз бормен та?та?а.
?лгілі бала боламыз,
?ла?атты ?стаздан,
О?ып білім аламыз.

Ж?ргізуші:
Хал?ымызды? кез келген тойы айтыссыз ?тпеген. Айтыс ар?ылы а?ындар с?зді? д?мдісін, ?нні? саздысын жеткізе білген. Олай болса осы айтыстан ?зінді тамашалайы?. 

Н?тілеу:
Ой, халайы?,халайы?,
?сем ?нге салайы?.
?ыз – ??рбылар, ?айсы? бар?
Меніменен айтысар,
?оладан келсе ?зілді,
?нге салып айты?дар.


Малика:
Айтысу?а ?зі?мен,
Шы?ып т?рмын алды?а
Шешен болса? к?рейін,
Мен айтысып сенімен.

Н?ртілеу:
Келмеймін – деп,мектепке,
Жылауы?ды ?ойды? ба?
К?терші – деп, - ар?а?а,
С?рауы?ды ?ойды? ба?

Малика:
Ерке ?ызбын, білесі?,
Біра? кімге к?лесі??
К?мпит с?рап ?зі?де,
К?нде жылап ж?ресі?.

Н?ртілеу:
Бес н?рседен ?ашы? бол,
Бес н?рсеге асы? бол,
Депті ата?, білді?бе,
?анша н?рсе болды сол.

Малика:
Бес ?осу бес он болар,
Оны б?рі біледі.
Сен дейсі?бе сауса?ын,
Санай алмай ж?ретін.

Н?тілеу:
Тура с?зді жа?таймын,
Ойдан шы?са ма?таймын.
Ла?ындай елікті?,
Сендей ??рбы таппаймын.

Малика:
Менде ?дептен аспайын,
Досты?ы?нан ?ашпаймын.
?андай а?ын болса? да,
Же?ілемін деп саспаймын.

?н: «Аяулы ?нім мектебім» - ?ыздарды? орындауында.
Ж?ргізуші: ?ызы?тырып ?нерге, 
Жетелеймін баланы.
?лтты? ?нер емес пе,
Дамытатын сананы,
?нші, биші баланы
Адам етіп ба?алы
?нерпаз ?ып баулысам,
?нер отын жа?ады.
Би: «Арива», «Жігіттер».

Ж?ргізуші:
 Бір ата, бір ананы? тірегіміз,
Бір болсын ?айда ж?рсек тілегіміз.
Бірлік барда, тірлік бар деген бабам,
Бірлікпенен бірге со?сын ж?регіміз! – дей отырып ??тты?тау с?з ата – аналар?а беріледі.

Ж?ргізуші:
Айналайын г?лдерім,
Айым мені? к?ндерім.
Ма?ан ?ызы? тілдері?,
Естен кетпес к?ндері?.
Сендердікі болаша?,
?тер бал?ын жасты? ша?.
Озат болып о?ы?дар,
Ой?а білім то?ы?дар.
Осымен бізді? «?ош бол, даярлы?ым!» атты ашы? т?рбие са?атымыз ая?талды.Келгендері?ізге рахмет! Сау болы?ыздар!
 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ош бол, даярлы?ым! »

Оналдикова Несібелі.

Тақырыбы: «Қош бол, даярлығым!»

Мақсаты:
Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту. Білгендерін 
ортаға салып қорытындылау. Берілген міндеттерді өз 
беттерімен орындап, жауапкершілікті сезінуді тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Құрметті ата - аналар, қонақтар, оқушылар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Балаларыңыз даярлық тобын аяқтап, бірінші сыныпқа қадам басқалы тұр. Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер. Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер даярлық тобынан 9 ай ішінде алған білімдерін ән күймен, өлеңдермен, өрнектеп өнерлерін ортаға салады. Білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсетеді

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді біз бастайық.
Жүздеріңде көркем шаттық арайы,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
Ал енді балалардың тақпағын тыңдайық.

Алаш:
Қуанамыз сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Алғашқы топты қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.

Әлібек:
Алты жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Ата - ананы қуантып,
Кілең бестік аламыз.




Наурыз:
Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Мектепалды тобымен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.

Фариза:
Мектеп қамқор анамыз,
Оқу білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біріншіге барамыз.

Арыстанбек:
Қуанбаймыз неге біз,
Күліп күнде тұр асқақ.
Оқығалы барамыз.
Біз бірінші сыныпқа.

Ән: «Бала тілегі»
Балалардың орындауында.

Қасиет:
Күннің нұры шуақты,
Өтті сәби күндерім.
Құрдастарым сияқты,
Оқушымын мен енді.

Несібелі:
Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып билеткен.
Таныстырған ең алғаш,
Әріптермен, суретпен
Апайымызға мың алғыс.

Сымбат:
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам болып шығармыз.
Қуантып ата ананы,
Таза сәби жүрекпен,
Айтамыз сізге мың алғыс!

Алима:
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген даналардың мекені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген білімнің ең үлкені.

Әсем:
Адамдықтың бастауын,
Өзіңнен алып барамыз.
Даярлық сынып енді біз,
Қоштасамыз сізбенен,
Ашып мектеп есігін.
Мінеміз білім кемеге.

Би: «Хрустальный вальс» .
Тақпақ айту.

Берік Нұртас:
Біз балауса баламыз,
Жетілді ой санамыз.
Даярлықпен қоштасып,
Біріншіге барамыз.

Нұртілеу:
Жақсы оқушы боламын,
Кілең бестік аламын.
Тәрбиелі, үлгілі,
Қазақстан азаматы боламын.

Альбина:
Биыл алты жастамын,
Кітапты оқи бастадым.
Әріптерді танып мен,
Енді жаза да аламын.


Малика:
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.

Нұржан:
Нағыз білім ырыс бақ,
Дүниені тұр ұстап.
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз дұрыстап.

Басаров Нұртас:
Биыл күзде мектепке,
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер қаламым.

Азамат:
Үлкендердей тап- таза,
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз,
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып білім аламыз.

Жүргізуші:
Халқымыздың кез келген тойы айтыссыз өтпеген. Айтыс арқылы ақындар сөздің дәмдісін, әннің саздысын жеткізе білген. Олай болса осы айтыстан үзінді тамашалайық. 

Нұтілеу:
Ой, халайық,халайық,
Әсем әнге салайық.
Қыз – құрбылар, қайсың бар?
Меніменен айтысар,
Қоладан келсе әзілді,
Әнге салып айтыңдар.


Малика:
Айтысуға өзіңмен,
Шығып тұрмын алдыңа
Шешен болсаң көрейін,
Мен айтысып сенімен.

Нұртілеу:
Келмеймін – деп,мектепке,
Жылауыңды қойдың ба?
Көтерші – деп, - арқаға,
Сұрауыңды қойдың ба?

Малика:
Ерке қызбын, білесің,
Бірақ кімге күлесің?
Кәмпит сұрап өзіңде,
Күнде жылап жүресің.

Нұртілеу:
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Депті атаң, білдіңбе,
Қанша нәрсе болды сол.

Малика:
Бес қосу бес он болар,
Оны бәрі біледі.
Сен дейсіңбе саусағын,
Санай алмай жүретін.

Нұтілеу:
Тура сөзді жақтаймын,
Ойдан шықса мақтаймын.
Лағындай еліктің,
Сендей құрбы таппаймын.

Малика:
Менде әдептен аспайын,
Достығыңнан қашпаймын.
Қандай ақын болсаң да,
Жеңілемін деп саспаймын.

Ән: «Аяулы әнім мектебім» - Қыздардың орындауында.
Жүргізуші: Қызықтырып өнерге, 
Жетелеймін баланы.
Ұлттық өнер емес пе,
Дамытатын сананы,
Әнші, биші баланы
Адам етіп бағалы
Өнерпаз қып баулысам,
Өнер отын жағады.
Би: «Арива», «Жігіттер».

Жүргізуші:
Бір ата, бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
Бірлік барда, тірлік бар деген бабам,
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! – дей отырып құттықтау сөз ата – аналарға беріледі.

Жүргізуші:
Айналайын гүлдерім,
Айым менің күндерім.
Маған қызық тілдерің,
Естен кетпес күндерің.
Сендердікі болашақ,
Өтер балғын жастық шақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
Осымен біздің «Қош бол, даярлығым!» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.Келгендеріңізге рахмет! Сау болыңыздар!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ош бол, даярлы?ым!

Автор: Оналдикова Несибели Сыйдыховна

Дата: 27.05.2015

Номер свидетельства: 215516


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства