kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ош бол , даярлы?!

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ош бол, даярлы?!

 Ма?саты: Балаларды? жыл бойы ал?ан білімдерін бекіту. Білгендерін

орта?а салып ?орытындылау. Берілген міндеттерді ?з

беттерімен орындап, жауапкершілікті сезінуді т?рбиелеу.

К?рнекілігі: плакаттар, ойын?а ?ажетті суреттер т.б.

Ж?ргізуші: ??рметті ?стаздар,ата-аналар б?гін міне балаларымыз даярлы? тобын ая?тап, бірінші сынып?а ?адам бас?алы т?р. ?адамдары? ??тты болсын жас б?лдіршіндер. ?азір алдары?ызда т?р?ан б?лдіршіндер даярлы? тобынан 9 ай ішінде ал?ан білімдерін ?н к?ймен, ?ле?дермен, ж?мба?тармен ?рнектеп ?нерлерін орта?а салады.

?тті ?ызы? к?п к?ндер,

Алты жас?а жетті?дер.

Барасы?дар мектепке,

Бір белестен ?тті?дер.

Айналайын балалар

Алда Мектеп –Ана бар,

?здерінен ?седі,

?нерпаздар, даналар-

дей отырып б?гінгі «Мен мектепке барамын» атты ерте?гілігімізді бастау?а р??сат еті?іздер.

??тты болсын ?адамдары? ?она?тар,

Бізді? тойды? к?рермені болы?дар.

Тамашалап балаларды? ?нерін

Мар?айып,ала?анды со?ы?дар.

«Атамекен» ?ні.

Ж?ргізуші: Алды?да?ы балалар,

 Мектепке кетіп барады.

 Та?па? айтып тамсанып,

 ?имай кетіп барады.

Балаларды? та?па?тары

Алинур:

??рметті ?она?тар, армысыздар,

Б?рі?із де есен-сау бармысыздар.

?оштасатын к?н келді даярлы?пен,

Апайлар?а айтатын ал?ысым бар.

Н?рай:

А? тілекті а?ытып біз тастайы?,

?оштасатын кешімізді бастайы?.

?деппенен,?негені ?йреткен,

Даярлы?ты есімізге са?тайы?.

?лтайыр:

?олыма кітап аламын,

Дайын д?птер,?аламым.

Мен мектепке барамын.

Дина:

?уанамыз,сыйлаймыз,

?уанышты? мы? г?лін.

Даярлы?пен ?имай біз

?оштасатын к?н б?гін.

Бота?андай б?бек деп,

Еркелеткен ?л-?ызын.

Анамызды ерекше,

?уантамыз біз б?гін.

Н?ртас:

?лкендердей тап-таза

Жазамыз бормен та?та?а.

?лгілі бала боламыз,

Ж?ретіндей ма?тана.

Еркеназ Г:

Бізде м?нда ?рдайым

Б?рі-б?рі дап-дайын

?амымызды ойла?ан

Б?л директор а?айын

Н?рс?лтан:

1.Ана тілін арда?тап,

Ата салтын біз к?рдік.

Сурет салып,?н жазып

О?ып жазып ?йрендік.

С?йген ?з ?ыз,?з ?лын,

Б?бегім деп аянбай.

Даярлы?ым ?з ?йім,

М??алім болды анамдай.

Еркежан:

?лкендерден тап-таза,

 Жазамыз бормен та?та?а.

 ?лгілі бала боламыз,

 Ж?ретіндей ма?тана

Бестік :С?леметсі?дер ме балалар, мен сендерді? достары?мын, мені? атым бестік. Мен мектепте сендерді? достары? боламын.Сендерді? мектепке дайын екендері?ді білу ?шін келдім.

Т?рбиеші: Ендеше балалар бестікке білімімізді, ?нерлерімізді к?рсетейік.

Бестік бізді? балалар са?ан санама?тар, сандар?а байланысты та?па?тарын айтып берсін.

Балалар санама?тар айтады.

Абдуль?азиз:

Д?йсенбіде доп ойнады? ?орада,

Сейсенбіде серуен ??рды? далада.

С?рсенбіде сурет салды? с?нді етіп,

Бейсенбіде би биледік ?ндетіп.

Ж?ма к?ні жидек тердік ?ыратта,

Сенбі к?ні кино к?рдік клубта.

Жексенбіде ?йде болып дем алды?,

Осылайша ?те шы?ты бір апта.

Еркеназ ?:

Бір дегенім-білім

Екі дегенім-елім

?ш дегенім-?ша?

Т?рт дегенім-т?са?

Бес дегенім-бастау

Алты дегенім-астау

Жеті дегенім -желім

Сегіз дегенім-сенім

То?ыз дегенім-тор?а

Он дегенім-о??а

Дидар:

?олымда с???олым,

Ептейлі мы?ты оным.

Барма?ты? басты тірегі,

?зіні? ісін біледі.

Біреу,2,3,4,5-еу,

?олымда сауса?ым нешеу?

Тол?анай:

Мынау, мынау, басбарма?,

Санама? содан басталма?.

М?йіз ?алпа? басында,

Т?рт серігі ?асында.

Біреу,2,3,4,5-еу,

?олымда сонда сауса?ым нешеу?

Н?рс?лтан:

Ал санайы? санама?,

Сауса?тар?а ?арапап,

?ане-?ане санайы?,

Санын біліп алайы?.

Біреу,2,3,4,5-еу,

?олымда сонда сауса?ым нешеу?

Аида:

Бір дегенім-бесік

Шы?ты? содан ?сіп.

Екі дегенім-Елім

Далам,тауым,к?лім.

Н?р:

?ш дегенім-?міт

?міт артар жігіт.

Т?рт дегенім-т?зім

Т?зе білем ?зім.

Амина:

Бес дегенім-ба?ыт

Ба?алайын уа?ыт

Алты дегенім-А?ыл

Ты?да?аны? ма??л.

Серік:

Жеті дегенім –жалау

Ж?ректегі алау.

Сегіз дегенім-с?зі?

Серт беретін кезі?.

Бегжан Т:

То?ыз дегенім-то?тау,

Елді? жо?ын жо?тау.

Он дегенім- Отан,

?ор?а соны ботам.

Бекжан М:

О? ?олымда бес сауса?,

Сол ?олымда бес сауса?.

?осып едім екеуін,

Болып шы?ты он сауса?.

О? ая?та бес ба?ай,

Сол ая?та бес ба?ай.

?осып едім екеуін

Болып шы?ты он ба?ай.

Сандар?а байланысты та?па?тар.

Амир:4 саны

Арбаларда ж?н б?лек,

Оларда т?рт д??гелек.

Туралап тарт,

Б?лтарма.

Т?рт ая? бар т?лпарда.

Т?рт б?рышты орамал,

Т?рт ?абыр?а ?оралар.

Сымбат:0 саны

Дауыл т?рды,

Жел болды.

??с ?алмады-н?ль болды.

Сержан:2 саны

Жарат?анны? бергені:

Екі к?зім бар мені?.

Екі ??ла? ?ал?иып,

Айт?ан с?зді ал ??йып.

Жо? ешкімні? орта?ы,

Екі б?йрек бар та?ы.

?уанды?: 1 саны

Ай да біреу аспанда,

К?н де біреу аспанда.

Т?рат??ын елжіреп,

Б?рімізде бір ж?рек.

Мадияр:2 саны

Екі саны байыпты,

А??у?а ??сап ?алыпты.

?зын мойын ??йры?ты,

?азды да ?атар ?ойыпты.

 Алинур:3 саны

Екіліктен кейін ?ара?дар,

?ш саны шы?ты, жарандар.

?шінші орын – т?ра?ы

?ш ілмекті ?осып т?рады.

Н?рай:1 саны

Бірден кейін т?рамын,

Бірден кейін т?ра?ым.

Бірді-бірге ?ос?анда,

Мен шы?амын шыра?ым.

?лтайыр:0 саны

Шал?ып жат?ан к?л болды,

К?ктемде су мол болды.

Жазда кеуіп,ш?л болды.

Ш?л бол?ан со?,

Н?л болды.

Алдияр:4 саны

Бір жылда т?рт маусым бар,

Б?рінде де саусы?дар.

Т?рт т?лік мал-д?улеті?,

О?ан ие ?улеті?.

Б?рін шешіп т?м?мдар.

Ойын: Сандарды ретімен орналастыр

3 2 7 5 6 4 9 10 8 1

1-ден 10-?а дейін санау,кері санау

Есептер шы?ару.

Бестік: Ал енді мен сендерге ж?мба? жасырайын сендер тауып к?рі?дер

?н: «А? мамам» - ?лтайыр,Алинур

Бестік: балаларды? ?ріптерге байланысты та?па?тарын ты?дайы?.

Н?рс?лтан:П ?рпі

Пайдалы доп

Пияз жеп

Парлады жас к?зімнен

«Піссінші» біраз деп,

Пысылдадым т?зіммен.

Еркеназ ?:Л ?рпі

Лайы?ты ісім бар,

Лайы?ты к?шім бар.

Лайы?пен істеймін,

Лайы?сыз б?спеймін.

Бекжан М:У ?рпі

Уа?ыт ?арап т?рмайды,

Уайым ойды ?рлайды.

Уа?ыт болмай іс ?ылса?,

Уа?ыт бірге зырлайды.

Бегжан Т:А ?рпі

Астанамыз Алматы,

Алатау ас?а?ааясы.

Ал?абында ата?ты,

Ал ?ызыл апорт алмасы.

Тол?анай:Т ?рпі

Т?лкі,тазы,тоты??с,

Тырнаны о?ан ?осы?ыз.

Басталар Т-дан басталар,

Терек,тара?,тасы?ыз.

Сержан: ?ріптер

?ріптерді таны?дар,

Онда ж?йе ?алып бар.

Бізді? ?аза? тілінде,

42 ?іріп бар.

Серік:Н ?рпі

Намыс т?рге к?терер,

Намыс ?рге жетелер.

Намыс ?ару найзадай,

Намыс-жалын, найза?ай.

Ойын:С?з ойлау,тез ойлау.

А Л Б А, К Е ?, А А Н, У А А, Н А А Ш

Сауат ашудан с?здерді о?у.

«?уырша?»биі  Аида,Дина

Бестік: Балалар мені? енді ма?ал-м?телдер, жа?ылтпаштар ты?да?ым келіп т?р.

Ма?ал –м?телдер.

?уанды?:

1.Ырыс алды –ынтыма?.

2. Ынтыма? т?бі-бірлік.

3. Жолдасы барды? олжасы бар.

Еркежан:

1.Малды ба?а біл,

 Бабын таба біл.

2.Мал ?сірсе? ?ой ?сір,

 ?німі оны? к?л к?сір

3.Т?лік т?лден ?седі

Еркеназ Г:

1.К?шерімді жел білсін,

 ?онарымды сай білсін.

2.С?уірдегі сауын,

 Сауып т?р?ан сауын.

3.Б?лт ала,жер шала.

Дина:

1. О?ы да біл,

 Ойна да к?л.

2. О?усыз білім жо?,

 Білімсіз к?нін жо?.

3. Білім таппай ма?танба

 ?нер таппай баптанба.

Дидар:

 1. ?нерлі ?рге ж?зеді

 2. ?нерлі бала с?йкімді.

 3. ?ына тас?а бітеді,

 Білім бас?а бітеді.

Аида:

1.?нер алды –?ызыл тіл.

2. Тіл –к??ілді? кілті.

3. Ана тілі?ді ?мыт?аны?,

 ?з ?лты?ды ??рт?аны?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ош бол , даярлы?!»

Қош бол , даярлық!


Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту. Білгендерін

ортаға салып қорытындылау. Берілген міндеттерді өз

беттерімен орындап, жауапкершілікті сезінуді тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар, ойынға қажетті суреттер т.б.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар,ата-аналар бүгін міне балаларымыз даярлық тобын аяқтап, бірінші сыныпқа қадам басқалы тұр. Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер. Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер даярлық тобынан 9 ай ішінде алған білімдерін ән күймен, өлеңдермен, жұмбақтармен өрнектеп өнерлерін ортаға салады.


Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Айналайын балалар

Алда Мектеп –Ана бар,

Өздерінен өседі,

Өнерпаздар, даналар-

дей отырып бүгінгі «Мен мектепке барамын» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Құтты болсын қадамдарың қонақтар,

Біздің тойдың көрермені болыңдар.

Тамашалап балалардың өнерін

Марқайып,алақанды соғыңдар.

«Атамекен» әні.

Жүргізуші: Алдыңдағы балалар,

Мектепке кетіп барады.

Тақпақ айтып тамсанып,

Қимай кетіп барады.

Балалардың тақпақтары

Алинур:

Құрметті қонақтар, армысыздар,

Бәріңіз де есен-сау бармысыздар.

Қоштасатын күн келді даярлықпен,

Апайларға айтатын алғысым бар.


Нұрай:

Ақ тілекті ағытып біз тастайық,

Қоштасатын кешімізді бастайық.

Әдеппенен,өнегені үйреткен,

Даярлықты есімізге сақтайық.



Әлтайыр:

Қолыма кітап аламын,

Дайын дәптер,қаламым.

Мен мектепке барамын.

Дина:

Қуанамыз,сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін.

Даярлықпен қимай біз

Қоштасатын күн бүгін.

Ботақандай бөбек деп,

Еркелеткен ұл-қызын.

Анамызды ерекше,

Қуантамыз біз бүгін.

Нұртас:

Үлкендердей тап-таза

Жазамыз бормен тақтаға.

Үлгілі бала боламыз,

Жүретіндей мақтана.

Еркеназ Г:

Бізде мұнда әрдайым

Бәрі-бәрі дап-дайын

Қамымызды ойлаған

Бұл директор ағайын

Нұрсұлтан:

1.Ана тілін ардақтап,

Ата салтын біз көрдік.

Сурет салып,ән жазып

Оқып жазып үйрендік.

Сүйген өз қыз,өз ұлын,

Бөбегім деп аянбай.

Даярлығым өз үйім,

Мұғалім болды анамдай.

Еркежан:

Үлкендерден тап-таза,

Жазамыз бормен тақтаға.

Үлгілі бала боламыз,

Жүретіндей мақтана

Бестік :Сәлеметсіңдер ме балалар, мен сендердің достарыңмын, менің атым бестік. Мен мектепте сендердің достарың боламын.Сендердің мектепке дайын екендеріңді білу үшін келдім.

Тәрбиеші: Ендеше балалар бестікке білімімізді, өнерлерімізді көрсетейік.

Бестік біздің балалар саған санамақтар, сандарға байланысты тақпақтарын айтып берсін.

Балалар санамақтар айтады.


Абдульғазиз:

Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,

Сейсенбіде серуен құрдық далада.

Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,

Бейсенбіде би биледік әндетіп.

Жұма күні жидек тердік қыратта,

Сенбі күні кино көрдік клубта.

Жексенбіде үйде болып дем алдық,

Осылайша өте шықты бір апта.

Еркеназ Қ:

Бір дегенім-білім

Екі дегенім-елім

Үш дегенім-ұшақ

Төрт дегенім-тұсақ

Бес дегенім-бастау

Алты дегенім-астау

Жеті дегенім -желім

Сегіз дегенім-сенім

Тоғыз дегенім-торқа

Он дегенім-оңқа

Дидар:

Қолымда сұққолым,

Ептейлі мықты оным.

Бармақтың басты тірегі,

Өзінің ісін біледі.

Біреу,2,3,4,5-еу,

Қолымда саусағым нешеу?

Толғанай:

Мынау, мынау, басбармақ,

Санамақ содан басталмақ.

Мүйіз қалпақ басында,

Төрт серігі қасында.

Біреу,2,3,4,5-еу,

Қолымда сонда саусағым нешеу?


Нұрсұлтан:

Ал санайық санамақ,

Саусақтарға қарапап,

Қане-қане санайық,

Санын біліп алайық.

Біреу,2,3,4,5-еу,

Қолымда сонда саусағым нешеу?



Аида:

Бір дегенім-бесік

Шықтық содан өсіп.

Екі дегенім-Елім

Далам,тауым,көлім.

Нұр:

Үш дегенім-Үміт

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім-төзім

Төзе білем өзім.

Амина:

Бес дегенім-бақыт

Бағалайын уақыт

Алты дегенім-Ақыл

Тыңдағаның мақұл.

Серік:

Жеті дегенім –жалау

Жүректегі алау.

Сегіз дегенім-сөзің

Серт беретін кезің.

Бегжан Т:

Тоғыз дегенім-тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

Он дегенім- Отан,

Қорға соны ботам.

Бекжан М:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.

Оң аяқта бес бақай,

Сол аяқта бес бақай.

Қосып едім екеуін

Болып шықты он бақай.


Сандарға байланысты тақпақтар.

Амир:4 саны

Арбаларда жөн бөлек,

Оларда төрт дөңгелек.

Туралап тарт,

Бұлтарма.

Төрт аяқ бар тұлпарда.

Төрт бұрышты орамал,

Төрт қабырға қоралар.


Сымбат:0 саны

Дауыл тұрды,

Жел болды.

Құс қалмады-нөль болды.

Сержан:2 саны

Жаратқанның бергені:

Екі көзім бар менің.

Екі құлақ қалқиып,

Айтқан сөзді ал құйып.

Жоқ ешкімнің ортағы,

Екі бүйрек бар тағы.

Қуандық: 1 саны

Ай да біреу аспанда,

Күн де біреу аспанда.

Тұратұғын елжіреп,

Бәрімізде бір жүрек.

Мадияр:2 саны

Екі саны байыпты,

Аққуға ұқсап қалыпты.

Ұзын мойын құйрықты,

Қазды да қатар қойыпты.

Алинур:3 саны

Екіліктен кейін қараңдар,

Үш саны шықты, жарандар.

Үшінші орын – тұрағы

Үш ілмекті қосып тұрады.

Нұрай:1 саны

Бірден кейін тұрамын,

Бірден кейін тұрағым.

Бірді-бірге қосқанда,

Мен шығамын шырағым.

Әлтайыр:0 саны

Шалқып жатқан көл болды,

Көктемде су мол болды.

Жазда кеуіп,шөл болды.

Шөл болған соң,

Нөл болды.

Алдияр:4 саны

Бір жылда төрт маусым бар,

Бәрінде де саусыңдар.

Төрт түлік мал-дәулетің,

Оған ие әулетің.

Бәрін шешіп тәмәмдар.



Ойын: Сандарды ретімен орналастыр

3 2 7 5 6 4 9 10 8 1

1-ден 10-ға дейін санау,кері санау

Есептер шығару.

Бестік: Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер тауып көріңдер

Ән: «Ақ мамам» - Әлтайыр,Алинур


Бестік: балалардың әріптерге байланысты тақпақтарын тыңдайық.

Нұрсұлтан:П әрпі

Пайдалы доп

Пияз жеп

Парлады жас көзімнен

«Піссінші» біраз деп,

Пысылдадым төзіммен.

Еркеназ Қ:Л әрпі

Лайықты ісім бар,

Лайықты күшім бар.

Лайықпен істеймін,

Лайықсыз бөспеймін.

Бекжан М:У әрпі

Уақыт қарап тұрмайды,

Уайым ойды ұрлайды.

Уақыт болмай іс қылсаң,

Уақыт бірге зырлайды.

Бегжан Т:А әрпі

Астанамыз Алматы,

Алатау асқақааясы.

Алқабында атақты,

Ал қызыл апорт алмасы.

Толғанай:Т әрпі

Түлкі ,тазы,тотығұс,

Тырнаны оған қосыңыз.

Басталар Т-дан басталар,

Терек,тарақ,тасыңыз.

Сержан: әріптер

Әріптерді таныңдар,

Онда жүйе қалып бар.

Біздің қазақ тілінде,

42 әіріп бар.

Серік:Н әрпі

Намыс төрге көтерер,

Намыс өрге жетелер.

Намыс қару найзадай,

Намыс-жалын, найзағай.

Ойын:Сөз ойлау,тез ойлау.

А Л Б А, К Е Ә, А А Н, У А А, Н А А Ш

Сауат ашудан сөздерді оқу.

«Қуыршақ»биі Аида,Дина

Бестік: Балалар менің енді мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар тыңдағым келіп тұр.

Мақал –мәтелдер.

Қуандық:

1.Ырыс алды –ынтымақ.

2. Ынтымақ түбі-бірлік.

3. Жолдасы бардың олжасы бар.

Еркежан:

1.Малды баға біл,

Бабын таба біл.

2.Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл көсір

3.Түлік төлден өседі

Еркеназ Г:

1.Көшерімді жел білсін,

Қонарымды сай білсін.

2.Сәуірдегі сауын,

Сауып тұрған сауын.

3.Бұлт ала,жер шала.

Дина:

1. Оқы да біл,

Ойна да күл.

2. Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнін жоқ.

3. Білім таппай мақтанба

Өнер таппай баптанба.

Дидар:

1. Өнерлі өрге жүзеді

2. Өнерлі бала сүйкімді.

3. Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.


Аида:

1.Өнер алды –қызыл тіл.

2. Тіл –көңілдің кілті.

3. Ана тіліңді ұмытқаның,

Өз ұлтыңды құртқаның.

Абдульғазиз:

1.Отан-оттан да ыстық.

2.Отансыз адам,

Ормансыз бұлбұл.

3.Халықтың ортақ үйі-Отаны.


Жаңылтпаштар.

Нұр:

1.Суда сең келеді

Сегіз серке тең келеді


2. Әй,әй, Айдарбай,

Иір мүйіз сиырыңды

Үйіңе айдай бар.

Амир:

Көп тырна

Көп тырна

Тыраулап тек

Көп тұрма

Сымбат:

Қыс қыспаса, қыс па?

Құс ұшпаса, құс па?

Мадияр:

Бұл ауылда

Шөп үйілген үй көп пе?

Шөп үйілмеген үй көп пе?

Меңінше шөп үйілген үй көп.

Бекжан М:

1.Ақ кептер,

Көк кептер,

Көп кептер.

2.Пеш үстінде бес мысық,

Пеш ішінде бес мысық,

Бес күзетші, бес пысық.

Нұртас:

1.Бұл қар-

Сұр қар,

Сұр қар-

Кір қар,

Үстіне аунама,

Үстіңді былғар.

2.Бес түп алма

Бес алғандікі,

Төрт түп алма,

Төрттік алғандікі.

Толғанай:

1.Қоға аралас құрақты,

Қара дауыл құлатты.

Құлатты дауыл құрақты,

Құрақ салып сұлапты.

2.Ол аралда марал,

Бұл аралда марал.

От еткен маралға да арал,

Отттасын аралда да марал.

Ән: «Ертегілер әлемінде» Дина,Толғанай

Ойын: «Күн шуағы»

Балалар мынау қандай пішін?

Түсі қандай? Осы дөңгелекті шуақты күнге айналдыруымыз керек. Күннің нұрын менің қойған сұрақтарыма жауап беру арқылы жапсырып отырамыз.

1. Тік төртбұрыштың қабырғалары нешеу?

2. Бір аптада неше күн бар?

3. Қ.Р. ның бас қаласын ата.

4. Рәміздерді ата.

5. Екі қоянның аяқтары нешеу?

6. Бір жылда неше мезгіл бар?.

7. «Мектеп» сөзіне сөйлем құра.

Би: «Қара жорға» Әлтайыр

Қазақстан,Отан, Рәміздеріміз туралы тақпақтар.

Нұрай:

Отанды әркім анасындай,

Қастерлейді бағалап.

Өйткені,

Отан баласындай

Бізід өсірер аялап.

Алинур:

1.Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз.

Өйткені, оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз.

2.Құт даламыз асыл-ән,

Қараймын да тасынам.

Қазақстан картасы,

Құшақтай кең ашылған

Әлтайыр:

Отаны бар,елі бар жан-әманда

Бақытты ғой мына байтақ ғаламда.

Отан деген оттан ыстық жалғыз сөз.

Жалын берген маған-дағы, саған да.

Дина:

Жастан сүйіп аңсаған,

Тәтті күй мен кәусәр ән.

Ол-біздің қазақстан.

Анамыздай тілеуі ақ.

Отан бізде біреу-ақ.

Ол-біздің Қазақстан.

Нұртас:

Отан-жерім,

Отан-суым.

Отан-қуат,нәр береді.

Отан-ұран,

Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Еркеназ Г:

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат әдемі,

Тұнығындай көгілдір,

Ортада аспан әлем

Отанды жас,кәрімізде,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәріміз де,

Туып өмір сүреміз.

Дидар:

Біздің қазақстан.

1.Алтай,Жайық арасы,

Ұлан байтақ даласы

Ол-біздің –Қазақстан.

Кенге толы қойнауы,

Төлге толы жайлауы,

Ол-біздің Қазақстан.

Бегжан Т:

Көк байрақтың бетінде,

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай талапы,

Бала өседі талапты.

Еркеназ Қ: «Қазақстан байрағы»

Зеңгір аспан көгілдір,

Алтын күні төрінде.

Тамылжып төгіп нұр,

Шаттық сыйлар көңілге.

Көк аспандай көгілдір,

Қазақстан байрағы.

Нұрын күндей төгіп нұр,

Жылдарымыз жайдары.

Амина:

Отан деген –Атамекен.

Отан деген туған жер.

Отан-ана,

Отан-үлкен.

Қазақстан-туған ел.


Ән: «Ақ мамам» - Бакытбекова Сабина

Қазіргі заман биі: Айтқазин Есіл

Тәрбиеші: Бөбек еді ол рас,

Кіп- кішкентай кешегі.

Бүгін міне, азамат,

Болды бәрі деседі.

Әріп танып, сурет салып,

Жаттықтырды қолдарын.

Мектебіне шығарып сап

Тілейік ақ жолдарын.

Ойын: «иа, жоқ» балалармен

1. Мектепке біз барамыз ба?

2. Кілең бестік аламыз ба?

3. Айтқан тілді аламыз ба?

4. Ақылды бала боламыз ба?

5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?

6. Танартен ерте тұрамыз ба?

7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

9. Екі алғанда жылаймыз ба?

10. Оқушы біз боламыз ба?

Ата аналармен ойнау:

1. Балаңызға әрқашан тірексіз ба?

2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз ба?

3. Тамағын уақытылы бересіз ба?

4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?

5. Сериал көріп жатасыз ба?

6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

9. Балаңыз үшін балаларды ұрасыз ба?

10. Бала үшін асулардан асасыз ба?


Бестік. Балалар сендер білімді, өнерлі екенсіңдер. Менің енді ертегі тыңдағым келіп тұр.«Мақта қыз»ертегісін сахналау.

Тәрбиеші: Бөбек еді ол рас,

Кіп- кішкентай кешегі.

Бүгін міне, азамат,

Болды бәрі деседі.

Әріп танып, сурет салып,

Жаттықтырды қолдарын.

Мектебіне шығарып сап

Тілейік ақ жолдарын.

Ортаға жас бүлдіршіндерді шақырып, мақтау қағаздарымен марапаттау.


Жүргізуші: Бір ата, бір ананың тірегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

Бірлік барда, тірлік бар деген бабам,

Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! – дей отырып құттықтау сөз ата – аналарға беріледі.


Жүргізуші: Айналайын гүлдерім,

Айым менің күндерім.

Маған қызық тілдерің,

Естен кетпес күндерің.

Сендердікі болашақ,

Өтер балғын жастық шақ.

Озат болып оқыңдар,

Ойға білім тоқыңдар.

Осымен біздің «Мен мектепке барамын!» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сөз кезегі мектеп басшыларына беріледі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ош бол , даярлы?!

Автор: Беркимбаева Айман Зейнабиловна

Дата: 04.04.2016

Номер свидетельства: 314839

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "?ош бол, даярлы?ым! "
    ["seo_title"] => string(21) "k-osh-bol-daiarlyg-ym"
    ["file_id"] => string(6) "215516"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432717729"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Кош бол,даярлы?ым!"
    ["seo_title"] => string(17) "koshboldaiarlygym"
    ["file_id"] => string(6) "275993"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452669172"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "кош бол даярлы?ым"
    ["seo_title"] => string(20) "kosh-bol-daiarlyg-ym"
    ["file_id"] => string(6) "252961"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447496551"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "?ош бол, даярлы тобымыз "
    ["seo_title"] => string(25) "k-osh-bol-daiarly-tobymyz"
    ["file_id"] => string(6) "183701"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425915823"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "сценарий урока "?ош бол, даярлы?""
    ["seo_title"] => string(35) "stsienarii-uroka-k-osh-bol-daiarlyk"
    ["file_id"] => string(6) "329780"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1464019626"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства