Тауы?: - Балалар, не болды, мені? ж?мырт?аларымды тапты?дар ма? Сендерге к?п рахмет.
Т?рбиеші: - Тауы?, біз балалар болып сізді? ж?мырт?а?ызды тапты?. Оны ?стайын деп едік, ол жарылып жатыр екен. Біз оны? жарылуын к?ттік. Содан міне, сізді? бала?ызды аман-есен тапты балалар.
Тауы?: - Рахмет, балалар! Мені? балапанымны? ?арны аш еді, сендер балапаныма жем, тары тауып бері?дерші.
Т?рбиеші: - Тауы? бізде жем де, тары да бар. Біра? мені? тапсырмаларымды орындаса? ?ана беремін.
Просмотр содержимого документа
«Конспект мероприятия на тему "?й ??стары" »
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Экология негіздері
Тақырыбы: Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан.
Мақсаты: Үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту. Үй құстарының пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші: - Өте жақсы балалар, енді орнымызға отырайық. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: - Күз мезгілі
Тәрбиеші: - Күз мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болады?
Балалар: - Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі.
Тәрбиеші: - Ендеше, күз туралы кім тақпақ біледі?
Ердияс: Сарғаяды жапырақтар,
Күз де келіп қалыпты.
Қатаяды топырақтар,
Жаз да бітіп қалыпты.
Тәрбиеші: - Балалар, тыңдаңдаршы, бір нәрсе тырсылдап жатыр. Қане, қайтадан тыңдайықшы. Мәссаған, мына жұмыртқаның үлкенін - ай, өзінің түсі аппақ екен, ал көлемі сопақшаға ұқсайды екен. (Балалар жұмыртқаға таңдана қарайды)
Тәрбиеші: - Балалар, жұмыртқа жарылып жатыр екен. Бұдан не шығатынын білесіңдер ме?
Балалар: - Балапан шығады
Тәрбиеші: - Балапан шығатынын білесіңдер. Балапан не істеп тұр?
Балалар: - Жылап тұр.
Тәрбиеші: - Балапан, сен неге жылап тұрсың? Біз саған көмектесеміз, айтшы балапан.
Балапан: - Мен мамамнан адасып кеттім. Сіздер соны тауып бере аласыңдар ма, балалар?
Тауық: - Балалар, не болды, менің жұмыртқаларымды таптыңдар ма? Сендерге көп рахмет.
Тәрбиеші: - Тауық, біз балалар болып сіздің жұмыртқаңызды таптық. Оны ұстайын деп едік, ол жарылып жатыр екен. Біз оның жарылуын күттік. Содан міне, сіздің балаңызды аман-есен тапты балалар.
Тауық: - Рахмет, балалар! Менің балапанымның қарны аш еді, сендер балапаныма жем, тары тауып беріңдерші.
Тәрбиеші: - Тауық бізде жем де, тары да бар. Бірақ менің тапсырмаларымды орындасаң ғана беремін.