kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект "Табиғат әлемі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект "Табиғат әлемі"Конспект "Табиғат әлемі"Конспект "Табиғат әлемі"Конспект "Табиғат әлемі"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект "Табиғат әлемі"»

«Балапан» ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 12.11.18ж

Тәрбиеші: Жұмабай С.С

Білім беру саласы: «Таным» «Шығармашылық»

Пән: Жаратылыстану,Мүсіндеу

Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»

Тақырыбы: «Табиғат білгіштері, Алма мен алмұрт»

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Табиғатты сүюге ,аялауға тәрбиелеу

2.Дамытушылық:. балалардың табиғатта өздерін ұстау мәдениеттілік дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.

3.Оқыту: Балалардың табиғатты қорғауға бағытталған білімдерін жалпылау; Күзде пісетін жемістер туралы түсінік беру; алма мен алмұртты салыстыру арқылы пішініндегі айырмашылықты анықтау; ермексазды домалақтау, созу тәсілдерін қайталу. Тілдерін дамыту.

Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы,жеке бағытталған технология

Ресурстармен қамтамасыз ету: Табиғат туралы суреттер, Жемістер муляжы, дайын қызыл алманың алмұрттың суреті, алма бақтың суреті.

.Сөздік жұмыс: Табиғат,жауын

Үш тілдік компонент: Табиғат-природа-nature , Жауын-осадки-rainfall

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І.Ұйымдастырушылық кезеңі

1.Жұмбақ жасыру

Қызыл күлше тау асады,

Ыстық нұрын шашады.

Ол не? (Күн)

ІІ.Негізгі бөлім

-Балалар енді бәріміз күнге қарайықшы

-Күн бізге не береді?

Таңғажайып сәт: Біреу есік қаққандай болды ма? Кім болды екен?

-Ендеше есікті ашып көрейік.

Топқа Дымбілмес келеді.

-Сәлеметсіздер ма? Мен Дымбілмеспін, сендердің ұоқ - не қатысуға болама?

-Мен сендерге мына гүлдерді алып келдім, бұл жай гүл емес, сиқырлы гүл, ішінде бірнеше маған қойылған сұрақтар бар мен сол сұрақтардың жауабын қанша ойлансамда таба алмай келемін, маған көмектесіңдерші балалар?

-Жарайды Дымбілмес қош келдің сенде мына біздің балалардың қасына отырып бізге қонақ бол!

-Біздің балалар өз білгендерін аянбай ортаға салады сенде осы балалардан сабақ ал.

-Алдымен балалар мен сендерге табиғат әлеміне байланысты жұмбақтар жасырайын. Осы жұмбақтардың жауабы біздің ұоқ - ге байланысты.

Жұмбақ жасыру .

1. Бір зат бар дүниеде құшағы кең

Ұшқан құс, жүйріген оқ бәріне тең

Адамзат, жан жануар соның арқасында

Мәңгілік өсіп өнеген.

2. Таңмен көзін ашады

Әлем нұрын шашады

-Балалар адамдар күннің жарығы және жылуынсыз өмір сүре алама?

-Ал жануарлар мен өсімдіктер ше?

-Әрине жоқ жер бетіндегі барлық тіршілік иелеріне сәуле, жарық, жылу өте қажет балалар.

 3. Дәміде жоқ, түсіде жоқ

Пайдаланбас кісіде жоқ.

4. Бір нәрсе жермен көктің арасында

Көрмейді өзі түгіл қарасыда

Білінбей жер бетінде жүрсе дағы

Пайдалы адамзаттың баласына

-Ал ауасыз тіршілік етуге болама?

-Жарайсыңдар балалар 

 Жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар.

- Біздер бүгін осы бізге өмір сыйлаған , қоршаған орта табиғат туралы сыр шертеміз.

-Алдымен мен сендерге Н.Жанаев атамыздың "Табиғат анамыз" деген өлең жолдарын оқып берейін.

Табиғат ол анамыз

Табиғатқа баламыз

Құшағында ойнаймыз

Шаттық әнге саламыз

Жазда аралап тауында

Барамыз біз бауында

Өзеніне шомылып

Жүгіреміз жауында.

2.Сөздік жұмыс: Табиғат,жауын (Сөздерді қайталату мағынасын түсіндіру)

3.Үш тілділік компонент: Табиғат-природа-nature , Жауын-осадки-rainfall

4.Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп кішкентай ағаштар

Біп биік болып өседі.


Өлеңнің мазмұнын түсіндіру.

 -Өлеңде не туралы айтылған?

Музыка әуені арқылы табиғат құбылыс, дыбыстарын естірту

-Табиғат екіге бөлінеді

-Өлі табиғат және тірі табиғат. Өлі табиғатқа не жатады? 

-Тірі табиғатқа не жатады?

-Балалар қоректенбейтін , тыныс алмайтын, ештеңені сезбейтін, өспейтін нәрселерді біздер өлі табиғатқа жатқызамыз.

-Балалар бізге Дымбілмес екі жасанды гүл әкеліпті оның өтініші бойынша 1-ші гүлінде сан түрлі сұрақтар бар екен, ал екінші гүлін жасанды гүлін сендерден оны топырақ салынған ыдысқа отырғызуды сұрайды.

-Ия дұрыс балалар бұл жасанды гүл ешқашан өспейді. Тірі бөлме өсімдігіне қараңдаршы қалай жайқалып бой көтеріп келе жатыр.

Бұл гүлдергеде күтім керек, оған су құю, түбін қопсыту, оғанда жарық, сәуле , ауа керек.

Егерде сендердіде ата-аналарың күтіп баптамаса, сендерге жақсы киім кигізбесе, жақсы тамақ бермесе сендерде бұлай үлкен болып өспес едіңдер.

Бұл гүлдердіде күту керек, оларды ескерту керек екен балалар.

-Ал балалар біздер мына бөлме өсімдігін топырақ салып ыдысқа отырғызып Дымбілмеске сыйға тартайық,

-Сау болыңдар, балалар!

Өте ақылды балалар екенсіңдер

-Осы гүлдің күннен күнге жайқалып өсіп келе жатқанын және оған қандай күтім керек екенін білсін. Енді балалар кішкене бір бойымызды жазып, сергітіп алайық

-  Балалар айналаға қараңдаршы, біз ауаны көреміз ме?

1-тәжірбие: Әр баланың қолына айна беріледі.

2-тәжірбие: Балалар енді мұрнымызды қолымызбен жауып аузымызды ашпай көрейік.

- Көрдіңдер ме балалар ауасыз тыныс алу мүмкін емес екен.

Жыл мезгілін, оның ерекшеліктерін сұрау.
Балаларға тақтадан көкөністер мен жемістердің кейбір түрлерін көрсетіп, олардың атын, түсін айтқызады.
Ал сендер қандай жемісті жақсы көресіңдер?.
Балалар сендер қандай жемістерді білесіңдер?

Біз қазір алма мен алмұртты мүсіндейміз.
-Бізде алма мен алмұрттың бірнеше түрі бар.

Әртүрлі жемістердісуретшілердің картинасындағыдай сауытқа әдемілеп орналастырайық.

-Бүгін біз осы алма мен алмұртты ермексаздан жасап үйренеміз.Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

Сурет бойынша әңгіме жүргізеді.

-Қазір күз мезгілі.Бақтарда піскен жемістерді жинайды.Маратта бүгін атасына көмектесіп,бақтағы алма мен алмұртты жинап жатыр.Біз оған жәшіктерді толтыруға көмектесейік.Бір жәшікке жасаған алмаларымызды саламыз,екіншісіне алмұрттарымызды саламыз.Біздің де жасайтын жемістеріміз ағашта өсіп тұрғандай әдемі,жылтыр болсын.

5.Тәрбиеші мүсіндеу тәсілін көрсетеді.

-Бұрынна білетін домалақтау тәсілімен алманы жасаймыз.Алманың сабағын орналастыратын жерді саусағымызбен шұңқырлаймыз.Алмұртты жасау үшін,алмадан үлкендеу дөңгелек жасап,жоғарғы жағын сонақша пішінге келтіріп созамыз.Сыртын тегістейміз.

Жасаған жемістерді жәшікке салыңдар.

.Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.-Алмалар жақсы көріну үшін

-Ең әдемілері-қызыл,қызғылт түстілері.

-Алманың пішіні дөңгелек,кішкентай сабағы бар,оған жапырақ орналасқан.

Алмұрттың пішіні сопақшалау болып келеді.

Суретке қарайды,әңгімені тыңдайды,.

Ынталарын білдіреді.Балалар тәрбиешінің көрсетуі бойынша саусақ жаттығуларын жасайды.-Ермексазды домалақтаймыз,содан кейін кішкене шұңқырлап,оған таяқшаны немесе жұқа сымтемірді тығып қоямыз.

6.Саусақ жаттығуы:

-Саусағым,қайда болдың?

Балалармен не істедің?

-Бір баламен жүгірдім,

-Бір баламен биледім,

-Бір баламен қыдырдым,

-Бір баламен ойнадым,

-Бір баламен секірдім,

-Достарымды жинаймын,

Мүсіндеуді бастаймын.

Қажетті ермексаз түстерін таңдап алады.Оны алақанына салып жұмсартады.

Балалар тәрбиешінің көрсетуімен ілесе отырып,алма мен алмұртты жасайды.

Қайталайды: сопақша.жәшікке дайын жемістерді салып,оның айналасына басқа да заттарды орналастырып,

композиция құрастырады.

ІІІ қорытынды

Көрме ұйымдастыру.

Жақсы жұмыс жасаған балаларды мадақтау.

Алма, алмұрт балаларға таратып беру.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Конспект "Табиғат әлемі"

Автор: Сатымбаева Айгуль Кайруловна

Дата: 27.11.2018

Номер свидетельства: 487905

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "«Табиғат әлемі»"
    ["seo_title"] => string(12) "tabigat_lemi"
    ["file_id"] => string(6) "511109"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1558269151"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(266) "Білім беру саласы: Таным Пән: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі» Тақырыбы: "Сипаттамасы бойынша тап""
    ["seo_title"] => string(80) "bilim_beru_salasy_tanym_p_n_karapaiym_matematikalyk_ug_ymdardy_kalyptastyru_ot_2"
    ["file_id"] => string(6) "546287"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1586690999"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Тақырыбы:«Табиғат әлемі. Шағылысқан күн сәулесі»"
    ["seo_title"] => string(45) "takyryby_tabigat_lemi_shagylyskan_kun_s_ulesi"
    ["file_id"] => string(6) "546331"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1586707336"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Конспект  "Таби?ат аясында" "
    ["seo_title"] => string(27) "konspiekt-tabig-at-aiasynda"
    ["file_id"] => string(6) "215730"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432788138"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Конспект к внеклассному мероприятию "Таби?атым - тал бесігім" "
    ["seo_title"] => string(65) "konspiekt-k-vnieklassnomu-mieropriiatiiu-tabig-atym-tal-biesighim"
    ["file_id"] => string(6) "204278"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429628957"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства